64
Бұл жағдайларда түсіндіруге қабілет пайдаланушының жүйенің
кеңестеріне деген сенім деңгейін арттыру үшін, сондай-ақ
пайдаланушыға жүйенің пайымдауындағы ықтимал ақауды
айқындау мүмкіндігін беру үшін қажет. Пайдаланушы шешімнің
«төбеден» алынбағанына сенімді болу үшін барлық қажетті
ақпаратты алуы тиіс. Осыған орай, сараптамалық жүйелерде
пайдаланушымен достық өзара әрекет етуді көздеу керек. Бұдан
басқа, жүйе әрекетінің жеткілікті айқындығының болмауы
сарапшыға оның өнімділігіне ықпал етуге немесе оны арттыру үшін
кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Жүйе әрекетін тексеру және
бағалау – өте күрделі міндет және оны шешу үшін сарапшы мен
информатика жөніндегі маманның бірлескен күші қажет.
Сараптамалық жүйелер кейбір нақты салада сараптамалық
білімді талап ететін міндеттерді шешуі тиіс. Көбінесе, білімге
негізделген «жүйе» термині «сараптамалық жүйе» терминінің
синонимі ретінде пайдаланылады, әйтсе де, сараптамалық жүйе –
бұл анағұрлым кең ұғым. Білімге негізделген жүйе – бұл
алгоритмдік
немесе
статистикалық әдістерді пайдалануға
негізделмеген, білімді символдық ұсынуға қатынастар ережелерін
қолдануға негізделген кез келген жүйе, жұмыс процесі. Осылайша,
ауа-райы
туралы
пайымдауға
қабілетті
бағдарлама
метеорологиялық сараптаманы орындауға қабілетсіз болмаған
жағдайда да білімге негізделген жүйе болады. Ал метеорологиялық
сараптамалық жүйе деп аталуы үшін бағдарлама ауа райын
болжауды беруі тиіс (болжаудың анықтығы – басқа мәселе).
Жасанды
интеллект
саласындағы
басқа
жүйелерден
сараптамалық жүйелер ғылыми және коммерциялық салада айқын
көрінетін практикалық бағытталуы болуымен ерекшеленеді.
Барлық айтылғанды қорытындылай келе, сараптамалық жүйе
адамның практикалық қызметі нәтижесінде жинақталған белгілі бір
пән саласындағы білімдерді қамтитындығын және оларды осы сала
үшін ерекше мәселелерді шешу үшін пайдаланатындығын атаймыз.
Сараптамалық жүйелер артықшылығы анағұрлым ортақ және пән
саласымен байланысы аз теоретикалық әдістерге, көбінесе
математикалық әдістерге берілетін өзге «дәстүрлі» жүйелерден
осынысымен ерекшеленеді.