Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет28/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

Пайдаланушының интерфейсі – ақпаратты енгізу сатысында,
сондай-ақ
нәтижелерді алу сатысында пайдаланушының сараптамалық
жүйемен диалогын жүзеге асыратын
бағдарламалар кешені.
Білім базасы – сарапшы мен пайдаланушыға түсінікті нысанда
(әдетте, табиғи тілге жақын тілде) машиналық тасығышқа жазылған
сараптамалық жүйенің өзегі, пән саласы білімдерінің жиынтығы.
Осындай адамдық түсінікпен қатарлас машиналық түсініктегі ДБ
бар.


59

2.1. сур. Сараптамалық жүйелер ақпараттық технологиясының негізгі
құрамдастары

Түсініктеме беруші – ББ бар білімдер негізінде сарапшының
ойлау барысын үлгілейтін бағдарлама (оны кейде шешуші,
дедуктивтік машина немесе логикалық шығару блогы деп атайды).
Жүйені жасау модулі – білім бойынша инженерден алынған
деректер мен ережелерді оларды бағдарламада пайдалануға
жарамды нысанға айналдыруға арналған бағдарламалық модуль.
Түсініктемелер қосалқы жүйесі – пайдаланушыға «Осы немесе
басқа ұсыныс қалай алынды?», «Жүйе осындай шешімді неге
қабылдады?» деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін
бағдарлама. «Қалай» сұрағына жауап – ББ пайдаланылған
фрагменттерін көрсетумен шешімді алудың барлық процесін
көрсету, яғни шешім тізбегіндегі барлық қадамдарды көрсету.
«Неге» сұрағына жауап – алынған шешімнің алдындағы шешімге
сілтеме, яғни бір қадам артқа шегіну.
Сараптамалық жүйелерді әзірлеуге мына мамандықтардың
өкілдері қатысады:
-
міндеттерін сараптамалық жүйе шешетін мәселелік саланың
сарапшысы;
-
білім бойынша инженер – сараптамалық жүйелерді әзірлеу


60


жөніндегі маман (онымен пайдаланылатын технологияны, әдістерді
білім инженериясы технологиясы (әдістері) деп атайды);
-
сараптамалық жүйелерді әзірлеу үшін арналған аспаптық
құралдарды әзірлеу жөніндегі бағдарламашы.
Сарапшы проблемалық саланы сипаттайтын білімдерді
(деректер мен ережелерді) анықтайды, сараптамалық жүйеге
енгізілген білімдердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз
етеді.
Білім жөніндегі инженер сарапшыға сараптамалық жүйенің
жұмысы үшін қажетті білімдерді анықтау мен құрылымдауға
көмектеседі, осы мәселе туғызатын сала үшін ең қолайлы аспаптық
құралды таңдауды жүзеге асырады, білімдерді ұсыну тәсілін
анықтайды, сарапшымен енгізілетін ережелерде пайдаланылатын
стандартты функцияларды (осы проблемалық сала үшін әдеттегі)
бөледі.
Сараптамалық жүйе екі режимде жұмыс істейді: білімдерді алу
және міндеттерді шешу (консультациялар режимі немесе СЖ
пайдалану режимі).
Білімдерді алу режимінде сараптамалық жүйемен қатынасты
сарапшы
жүзеге
асырады
(білім
жөніндегі
инженердің
делдалғымен). Бұл режимде сарапшы, жүйені жасау модулін
пайдалана отырып, жүйені СЖ шешімдер режимінде мәселе
туғызатын саладағы міндеттерді өз бетінше (сарапшысыз) шешуге
мүмкіндік беретін білімдермен толтырады. Сарапшы мәселе
туғызатын саланы деректер мен ережелердің жиынтығы түрінде
сипаттайды. Деректер сараптама саласында бар объектілерді,
олардың сипаттамалары мен мәндерін анықтайды. Ережелер
қаралатын салаға тән деректерді басқару тәсілдерін анықтайды.
Білімдерді алу режиміне бағдарламаларды әзірлеудегі дәстүрлі
тәсілдемеде
бағдарламашымен
орындалатын
алгоритмдеу,
бағдарламалау және теңшеу кезеңдері сәйкес келетінін атап өтеміз.
Дәстүрлі тәсілдемеден ерекше, сараптамалық жүйе жағдайында
бағдарламаларды бағдарламашы емес, бағдарламалауды білмейтін
сарапшы әзірлейді.
Консультация режимінде СЖ қатынасты нәтиже немесе оны алу
тәсілі қызықтыратын шеткі пайдаланушы жүзеге асырады.
Сараптамалық жүйенің тағайындалуына байланысты пайдаланушы
осы проблемалық салада маман болмауы мүмкіндігін атап өткен
жөн. Бұл жағдайда ол СЖ нәтиже алу үшін жүгінеді.
Егер пайдаланушы – маман болса, онда бұл жағдайда ол
нәтижені өзі ала алады, бірақ ол СЖ нәтижені алу процесін
жеделдету не СЖ жұмысты жүктеу мақсатымен жүгінеді.
Консультация режимінде пайдаланушы міндеті туралы деректер
оларды диалогтық құрамдаспен өңдегеннен кейін жұмыс жадына
түседі. Түсініктеме беруші жұмыс жадынан түскен кіріс деректер,


61


мәселе туғызатын сала туралы жалпы деректер мен білім базасынан
алынған ережелер негізінде міндеттің шешімін құрастырады.
Қазіргі уақытта сараптамалық жүйе технологиясы қаржы, мұнай
және газ өнеркәсібі, энергетика, көлік, фармацевтикалық өндіріс,
ғарыш, металлургия, білім беру, телекоммуникациялар мен
байланыс және б. сияқты әртүрлі мәселе туғызатын салалардағы
міндеттердің түрлерін (түсініктеме беру, болжау, диагностика,
жоспарлау, құрылымдау, бақылау, күйге келтіру, нұсқама, басқару)
шешу үшін пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Төменде ауқымы ірі сараптамалық жүйелердің мысалдары
берілген.
MICIN —медициналық диагностикаға арналған сараптамалық
жүйе. Стенфорд университетінің инфекциялық аурулар жөніндегі
тобымен әзірленген. Оған ұсынылған белгілерден шыға отырып
тиісті диагноз қояды және диагнозы берілген кез келген
инфекцияны дәрі-дәрмекпен емдеу курсын ұсынады. Деректер
базасы жүздеген ережелерден тұрады.
PUFF — тыныс алудың бұзылуын талдау. Осы жүйе
инфекциялар бойынша деректер алынып тасталып, өкпе аурулары
туралы деректер енгізілген MICIN жүйесі болып табылады.
DENDRAL — химиялық құрылымдарды тану. Осы жүйе
сараптамалық жүйелердің ішіндегі ең ескісі. Осы жүйенің бірінші
нұсқалары Стенфорд университетінде 1965 жылы пайда болды.
Пайдаланушы DENDRAL жүйесіне зат туралы кейбір ақпаратты,
сонымен бірге спектрометрия деректерін (инфрақызыл, ядролық
магнитті резонанс және масс- спектрометрия) береді және ол өз
кезегінде тиісті химиялық құрылым түріндегі диагноз береді.
PROSPECTOR — пайдалы қазбалардың коммерциялық орынды
кен орындарын іздеуге жәрдемдесу үшін жасалған сараптамалық
жүйе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет