Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Сараптамалық жүйелердің функциялары



бет31/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

2.4. Сараптамалық жүйелердің функциялары 
Жалпы жағдайда, СЖ құру үшін мына функцияларды орындау
тетіктерін әзірлеу қажет:
1) нақты пән саласында білімдерді алу;
2) білімдерді ұсыну;
3) нақты
пән саласы туралы білімдерді пайдаланумен
міндеттерді шешу (шешім процесін басқару);
4) міндетті шешу процесі уақытында және аяқталғаннан кейін
жүйе ниеттері мен шешімдерін түсіндіру (қабылданған шешімді
түсіндіру).

Осы функциялардың әрқайсысы өте күрделі болуы мүмкін


және қолданбалы саласына, сондай-ақ әртүрлі практикалық
талаптарға тәуелді болады. Әзірлеу мен іске асыру процесінде
әртүрлі мәселелер туындауы мүмкін.

2.4.1. 
Білім алу 
Білім алу – бұл білімнің кейбір дереккөзінен мәселені шешудің
әлеуетті тәжірибесін табыстау және оны осы білімді бағдарламада
пайдалануға мүмкін қылатын түрге түрлендіру.
Білімді табыстау сараптамалық жүйелерді жобалау бойынша
маман (білім жөніндегі инженер) және өзінде бар тәжірибені нақты
тұжырымдауға қабілетті белгілі бір пән саласының сарапшысы
арасында әжептәуір ұзақ сөйлесу процесінде орындалады. Көптеген
зерттеушілер білім алу функциясын сараптамалық жүйелер
технологиясының басты «тар орындарының» бірі ретінде
қарастырады. Алуан түрлі мәселелер туындауы мүмкін.
Тар саладағы мамандар, әдетте, кәдімгі тілге аудару қиын өзінің
кәсіби жаргонын пайдаланады. Бірақ жаргон сөздердің (кәсіби
сөздердің) мағынасы анық болмайды, сондықтан олардың
логикалық мәнін нақтылау үшін көптеген қосымша сұрақтар талап
етіледі. Сарапшы мен білім жөніндегі инженердің біріншісі кәсіби
сөздерді пайдалануына орай, сөйлесулердің қанағаттанарлықсыз
нәтижелері кейбір зерттеушілерде маманмен білімін машинаға
табыстау процесін автоматтандыруға қызығушылығын оятты. Осы
саладағы зерттеу бағытының бірі – білімді автоматтандырылған алу
– адам-машина диалогы жүйелерін дамытудағы қосалқы өнім
ретінде пайда болды. Басқа бағыты – машиналық оқыту. Идеясы
машина мәселелерді адам шешетіндей етіп шешуге үйренуінен
тұрады.
Сарапшы білімінің көптеген ерекше саласының негізінде жатқан


66


фактілер мен қағидаттар қасиеттері жақсы түсінікті математикалық
теория немесе детерминделген үлгінің терминдерінде нақты
тұжырымдала алмайтындығы да мәселе болып табылады. Осымен,
сарапшыға белгілі бір оқиға туындайтыны мәлім болуы мүмкін,
бірақ ол осы оқиғаның пайда болуына әкелетін тетіктер туралы
ештене айта алмайды. Белгілі бір саладағы мәселені шешу үшін
сарапшыға осы саладағы фактілер мен қағидаттар туралы білім
сомасына ие болу жеткілікті емес. Мысалы, тәжірибелі маман осы
не басқа ой-пікірді тұжырымдау үшін қандай ақпаратқа ие болу
керектігін, ақпараттың түрлі дереккөздері қаншалықты сенімді
екенін және күрделі мәселені бірнеше қарапайым мәселелерге қалай
бөлуге болатынын біледі. Әңгімелесу барысында осындай жеке
тәжірибеге негізделген және тұжырымдалуға жақсы берілмейтін
білімді айқындау қандай да бір фактілер мен жалпы қағидаттардың
жай тізбесін алғаннан гөрі әжептәуір күрделі.
Адаммен орындалатын сараптамалық талдауды, тіпті тар
саланың өзінде, сарапшы үшін айдан анық, бірақ бөтен адам үшін
ондай болып табылмайтын көптеген заттар енетін әжептәуір кең
мәнмәтінге қою қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет