136
бөлігі, қандай да бір нысандандыруға келмейді. Сондықтан да
басқару қызметін автоматтандыру басында кейбір қосалқы,
кертартпалыққа негізделген операциялармен байланысты болды.
Бірақ ақпараттық
технологияның құлаштап даму, технологиялық
тұғырнаманың жетілдірілуі мен бағдарламалық өнімнің жаңа
санаттарын түбегейлі пайда болуы біздің кезімізде кәсіпорындарды
басқаруды автоматтандыруға қатысты тәсілдерді өзгеруіне алып
келді. Басқару технологияларын қарастыру кезінде үш түсінікті
айқын түрде бөліп көрсетуге болады: басқару жүйесі, басқару
нысаны, басқару нысанына әсер ететін сыртқы орта (5.1-сурет).
Басқару жүйесімен ақпараттық,
экономикалық-математикалық
әдістер мен техникалық, бағдарламалық және ақпараттарды өңдеу
әрі басқару шешімдерін өңдеуге арналған басқа технологиялық
құралдар жиынтығын білдіреді.
Б а с қ а р у н ы с а н ы қандай да бір экономикалық субъект-
кәсіпорын, ұйым, бөлімше және т.б. болып саналады.
С ы р т қ ы о р т а — бұл субъектінің экономикалық жағдайына
(мемлекеттік экономикалық саясаттың заңдылығы,
тұрақтылығы,
өнімдер
мен
қызметтерді
өткізу
нарығының
жағдайы,
жеткізушілермен қамтамасыз етілу және т.б.) әсер ететін сыртқы
факторлар.
Ақпараттық басқару жүйелердің негізгі элементтердің бірі,
шешім қабылдайтын тұлға (ШҚТ), - нысанға басқару ықпалын
көрсететін адам немесе адамдар тобы.
Ақпараттық басқару жүйелерінде төменгі деңгейлерде басқару
нысаны жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар қолданылады.
Төменгі басқару деңгейінен жоғарғы басқару деңгейіне дейін
ақпараттар қозғалысы бойынша ол
артық егжей-тегжейліктен,
қажетсіз талдап тексеруден құтылуы керек.
5.1-сур. Басқару үдерісінің жалпы сызбасы
137
Бұл үдеріс ақпараттарды біріктіру немесе шектеу деп аталады.
Бастапқы ақпарат — сыртқы орта жағдайы мен басқару нысаны
туралы ақпарат. Алғашқы ақпаратты өңдеу нәтижесінде алынған
ақпараттар (сұрыптау, топтастыру, атап көрсету, есептеу және т.б.)
аралық немесе қосымша ақпарат деп аталады. Басқару ықпалын
жасап шығару үшін алынған ақпарат, басқару, басқару нысаны
реакцияларын талап етілген болып аталады.
Басқару жүйесінің негізгі қызметтері — шешім қабылдау
қызметі, ақпараттарды өңдеудің кертарпалық қызметтері, ақпарат
алмасу қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: