5.5.2.
MRP II жүйесі
MRP тұжырымдамасы пайда болғаннан кейін, өндірістің
барлық мәселесі шешілгендей болған, оның күрделі емес
қағидаттарын жүзеге асыратын компьютерлік бағдарламалар
белсенді құрылды және сатылды. Алайда, әлемдік бизнестегі бар
жағдайларды бұдан әрі талдау және оны дамыту барысында,
MRP тұжырымдамасында маңызды кемшілік бары анықталды.
Материалдармен
қажеттілікті
есептеу
кезінде
өндірістік
қуаттылық, олардың жүктемесі, жұмыс күшінің құны және тағы
басқалар ескерілмейді. 1980-ші жылдары, тұйықталған кезеңі бар
MRP-жүйесі
өндірістік
ресурстарды
жоспарлау
жүйесіне
(manufactoryresourceplanning)
көшірілді,
MRPII
(аббревиатуралардың сәйкестілік салдары) атауына ие болды.
MRPII, оның жеке үзінділерін ған емес, барлық өндірістік
үдерісті басқаруға мүмкіндік береді (5.7-сурет).
159
5.7-сур. MRPII әдістемесінің қызмт ету сызбасы.
Бұл жүйе өндірістік кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді
жоспарлау үшін құрылған, соның ішінде қаржылық және кадрлық.
Өндірістік қуатты жоспарлау және материалдармен тұтынуды
жоспарлаудың негізгі қызметтері бір қатар қосымша қызметтерге
қосылды:
—
Өндірістік өнім санын жинау барысында қолданылған
жиынтықтауыш санына сәйкестігін бақылау;
—
Тапсырыстардың бөгелуі туралы, өнімдерді сату көлемі және
қарқыны туралы күнделікті есепті құру.
MRPII стандарты АҚШ құрылды және өндіріс пен қорларды –
AmericanProductionandInventoryControlSociety (APICS) басқару
бойынша Америкалық қоғаммен қуатталады. Өз уақытында APICS
160
«MRPII StandartSystem» құжатын жүйелі түрде шығарды, онда
ақпараттық өндірістік жүйелерге қатысты негізгі иалаптар
келтірілді. (бұл құжаттың соңғы басылымы 1989 жылы шықты).
«MRPII StandartSystem» сәйкес, MRPII жүйесінде 16 негізгі қызмет
топтары (Кәспорынмен ПҚ басқару MRPII санатына жатқызылуы
үшін, ол осы қызметтердің белгілі көлемін атқаруы қажет).
1. Сату және өндірісті жоспарлау.
2. Сұранысты басқару.
3. Өндіріс жоспарын құру.
4. Материалдармен тұтынуды жоспарлау.
5. Өнімдер сипаттамасы.
6. Қойманы басқару.
7. Жоспарлы жеткізілімдер (Scheduled Receipts Subsystem).
8. Өндірістік цех деңгейінде басқару.
9. Өндіріс қуатын жоспарлау.
10. Кірісті/шығысты бақылау.
11. Материалдық-техникалық жабдықтау.
12. Ресурстарды бөлуді жоспарлау.
13. Өндіріс операцияларын жоспарлау және бақылау.
14. Қаржылық жоспарлау.
15. Үлгілеу.
16. Қызмет нәтижелерін бғалау.
MRPII стандарты жекелеген қызмет (рәсімдер) салаларын екі
деңгейге бөледі: қажетті және опциалды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету MRPII санатына жатқызылуы
үшін, ол қажетті негізгі қызметтерді орындауы қажет.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің кейбір жеткізушілері осы
стандарттың әртүрлі опцияларын қабылдады.
Система MRPII жүйесі сыртқа жағдайларға бейімделуге
қабілетті. 5.7-суретте көріп отырғанымыздай, MRPII үшін кері
байланыс тән, себебі оның жұмысы барысында құрылған есептер
бұдан кейінгі жоспарлау кезеңдерінде есепке алынады. Қажет
болған жағдайда, өндіріс бағдарламасы өзгертілуі мүмкін. Бұл
қосымша қызметтер сыртқы факторларға қатысты-сұраныс деңгейі,
материалдар мен жиынтықтаушыларды жеткізу сенімділігі және т.б.
қатысты жоспарлаудың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Әрбір үлгінің жұмыс нәтижелері барлық жүйемен тұтастай
талданады, шынында сыртқы факторлардың өзгеруіне қатысты
оның орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе өнімдерді жиі
істеп бітіруді талап ететін қысқа өмірлік кезеңмен өнім өндіретін
көптеген кәсіпорындар үшін маңызды. MRPII жүйесінің үздік
үлгілері, нарықтағы жағдайларды талдау негізінде шығарылатын
өнімдердің
тұтыну
сипаттамалары
мен шығару көлемін
оңтайландыруға
мүмкіндік
беретін
автоматтандырылған
бағдарламалар кешенін білдіреді. Системы MRPII жүйелері көп
161
жағдайлдарда дәл осы өндіріске бағытталған және кәсіпорынмен
жүзеге асырылатын барлық негізгі үдерістерді біріктіруге
тартылған, — жабдықтау, өндіріс қоры, сату, жоспарлау, жоспардың
орындалуын бақылау, шығындар, қаржы және т.б. секілді.
MRPII
санатындағы
ақпараттық
жүйелер
міндеті—
материалдар (шикізат), жартылай жайын өнімдер (соның ішінде
өндірісте тұрғандар) және дайын өнімдер ағынын оңтайлы құру.
MRPII қолдану нәтижесінде жүзеге асырылуы қажет:
—
Кәсіпорын
қызметінің
ағымдағы
нәтижелері
туралы
ақпаратты тұтастай және жекелеген тапсырыстар, ресрустар,
жоспарларды орындау бойынша толық талдап тексерумен жедел
орындау;
—
жедел ақпарат негізінде оспарлы деректерді түзету
мүмкіндігімен кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді, жедел және егжей-
тегжейлі жоспарлау;
—
өндірістік емес шығындарды біршама қысқарту және
қоймадағы материалдық ресурстарды шынайы қысқартумен
өндірістік және материалдық ағындарды оңтайландыру;
—
өндірістік қуатты, барлық ресурс түрлерін қолдануда және
тапсырыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыруда барынша
тиімділікке қол жеткізу мақсатында оған әсер ету мүмкіндігімен
өндірістің барлық кезеңін жоспарлау және бақылау;
—
өндірістік емес шығындарды қысқарту;
—
тұтастай кәсіпорынның қаржылық қызметін бейнелеу.
Стандарттарға сәйкес MRPII жүйесі кез келген уақытта,
өндірістің жоспарын орындау үшін материалдық ресурстарда
қажеттілікті көрсетууі, сонымен бірге технологиялық үдерістер мен
жабдықтау үдерісіне қатысты талаптардың өзгеруіне сәйкес
сипаттамада материалдардың ауысуына бірдей әрекет етуі қажет.
Бағдарламаны тестілеу кезінде әртүрлі материалдарды қолдану
нұсқаларын, сонымен бірге олардың толыққанды MRP-есептерін
алу үшін болжамды тәсілдерін енгізуге әрекет жасау қажет.
MRPII стандартына сәйкестігіне тексеру жүйенің бір қатар
қасиеттерінің болуын растауы қажет:
—
деректер құрылымын және кәсіпорынның жеткізушінің
шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес жабдықтау жоспарын құруға
мүмкіндік беретін сұраныстарды құру, оған қоса тапсырыстарды
орындау мерзімі бойынша шектеулерді, тиелімдің төменгі
топтамасы,
шикізаттар
мен
материалдарды
тасымалдау
жағдайларын қоса;
—
клиенттің тапсырысын толық орындау кезеңін қадағалау
мүмкіндігі (қоймада оны ресурстармен қамтамасыз ету жоспары,
өндіріс және сатып алу жоспары, материалдық-техникалық
жабдықтау және өндірістің барлық кезең сатыларында бұл
жоспарды нақты орындау үдерісі);
—
тұтынушы тапсырыына сәйкес ресурстарды резервтеу;
162
—
тұтынушының «қоймадағы ұстаным жағдайы» қатысты ерікті
алынған тапсырысы бойынша ақпарат беру, өндіріс жоспары мен
сатып алу жоспары, сонымен қатар тұтынушының аталған
тапсырысын қамтамасыз етуге қатысты өндірістік жоспарды
орындау барысы туралы ақпараттарды алу, жеткізушілерге
тапсырыстары туралы, олардың өмірлік кезеңнің барлық
сатыларындағы жағдайы, оған қоса шоттарды төлеу үдерісі;
—
өндірістік жоспары мен технологиялық сипаттамаларға
сәйкес кәсіпорынның жабдығын (қуатын) (CRP-есеп) жүктемесін
жоспарлау мүмкіндігі. Сонымен бірге, бұл жүйе әртүрлі құралды,
жабдықты қолдану кезінде жабдықтардың жұмыс режимін балама
түрде бейнелеуі және ресурстардағы (MRP) қажеттіліктерді
жоспарлаудың қосалқы жүйесімен байланысты болуы қажет;
—
тапсырыстарды орындау мерзімін және өндірістік қуатты
шынайы жүктмесін және қолда бар материалдық-техникалық
қамтамасыз етуді ескеп алып, клиенттердің тапсырысын есептеу
мүмкіндігі. Жүйе қосалқы мердігерлермен жеке бөлімшелерді
ауыстыру кезінде, шығарылатын өнімдердің (ауысымдылықтың өсуі
үстеме жұмыс үшін қлсымша төлемдерге әкелетіндей, сол секілді
жабдықтарды жөндеуге кететін шығындардың өсуіне әкеледі)
өзіндік құнының өзгеруін есепке ала отырып жұмыстың
ауысымдылығын өсіру кезінде «эксперименттеуге» мүмкіндік беруі
қажет.
Сонымен, MRPII жүйелер кәсіпорынның барлық ресурстарын
тиімді жоспарлау үшін арналған. MRPII тұжырымдамасының негізгі
мәні, өндірісті болжау, жоспарлау және бақылау өнімнің барлық
өмірлік кезеңі бойынша, шикізатта ысатып алудан бастап және
тұтынушыға
өнімдерді
тиеумен
аяқталатындай
жүзеге
асырылатындығында. MRPII жүйесінде, жұмыс нәтижесі жүйемен
тұтастай талданатын көп көлемді үлгілерге біріктірілген, бұл
әртүрлі сыртқы факторларға қатысты (атап айтқанда, мысалы,
өнімдерге ағымдағы сұраныс және т.б.) оның иілімділігін
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |