144
5.3-сурет. Басқару деңгейлерінң иерархиясы
Осы деңгейлердің әрқайсысы, ақпараттық технологиялар
базасында жүзеге асырылатын белгілі ақпараттық қолдауды талап
етеді. Қабылданатын шешім деңгейлеріне сәйкес (басқару),
ақпараттық технологиялардың қызмет етуінде үш деңгейді атап
көрсетуге болады:
—
жедел (ұйым қызметін жылдам реттеу);
—
стратегиялық (ұзақ мерзімді жоспарлау);
—
тактикалық (орта мерзімді жоспарлау).
Әр деңгейге өз ақпараттық басқару жүйелері сәйкес келеді.
5.3.1.
Жедел деңгейлі жүйелер
Жедел (операциялық) шешім қабылдау деңгейі барлық
автоматтандырылған
ақпараттық
жүйелердің негізі болып
табылады. Ол көп рет қайталанатын міндеттерді жіне
операцияларды және кіріс ағымдағы ақпараттардың өзгеруіне
жылдам жауап қайтаратын шешімдерді қайтамасыз етеді. Жедел
деңгейдегі міндеттер, мақсаттарм ен ақпарат көздері алдын ала
анықталған және құрылымдалған. Ақпараттарды бағдарламалық
өңдеуалдын ала әзірленген алгоритмдер бойынша орындалады.
Жедел деңгейлі жүйелерді тағы да деректерді/транзакцияларды
өңдеу (шет елдік әдебиетінде OLTP— On-lineTransactionProcessing
термині қолданылады — деректерді жедел өңдеуге (транзакциялық)
бағытталған технологиялар.
145
Деректерді өңдеу жүйелерімен шешілетін міндеттер, ұдайв сипатта
болады, ал олардың уақыт шектері, әдетте, бірнеше күннен
аспайды. Осы деңгейде орындаолатын әрекеттер көлесі сияқты,
басқару шешімдерін қабылдау қарқыны да біршама үлкен.( 5.3-
сурет). Бұл басқару деңгейін, жағдайлардың өзгеруіне жылдам
жауап қайтару қажеттілігіне байланысты жедел деп атайды. Жедел
басқару деңгейінде, кәсіпорынның әртүрлі атқарымдық міндеттерін
шеші
бойынша
ағымдағы
кертартпалыққа
негізделген
операцияларының орасан зор көлемі атқарылады.
Ақпараттық технологиялар жедел деңгейдегі менеджерлерді,
фирманың ішіндегі және жедел шешімдер қабылдау үшін қажетті
сыртқы ортада да істің мән-жайы туралы күн сайынғы ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Жедел деңгей арқылы орындаушылардың қызмет
нәтижелері туралы жоғарғы басқару деңгейлері үшін деректерді
ұсынады. Жедел басқару деңгейіндегі аспаптық құралдарының
шағын аналитикалық мүмкіндіктері бар. Олар қатаң құрылымдалған
жиынтық типтік есептерді кезеңдік құру үшін, фирманың ағымдағы
жай-күйі және ұйымның ақпараттық ағындарын бақылау (мысалы,
ағымдағы дебиторлық қарыз туралы, қойма жай-күйі туралы,
кассадағы ақша қалдықтары туралы, есеп шоттардың жай-күйі
туралы мәліметтер ұсыну және т.б.) үшін жеткілікті. Жедел
деңгейде басқаруды қолдайтын ақпараттық технология, сонымен
бірге ұйым мен сыртқы орта арасындағы байланыстырушы бөлім
болып табылады ( 5.4-сурет).
Жедел басқару стратегиялық деңгейде қалыптасқан мақсаттарға
қол жеткізуге бағыталған жедел басқаруға бағытталған және
тактикалық деңгейдегі белгілі әлеуетті қолданады. Жедел
жүйелердегі басты қызмет — дерекқорда тіркеу және бизнес-
үдерістермен бірге жүретін қарапайым оқиғаларды өңдеу. Бизнес-
үдеріс-бұл тұтынушыға қажетті өнімдерді (жұмыстар мен
қызметтер) құру және алуға арналған ресуртарды қолданатын өзара
байланысты әрекеттер мен операциялар жиынтығы екендігін
естеріңізге саламыз. Бизнес-үдерістер қызметкерлерді жұмысқа
қабылдау және шығару, қоймалар мен өндірістік бөлімшелердегі
материалдық құндылықтар кіріс және шығысы, материалдық
құндылықтарды төлеу және кәсіпорынға банк арқылы қызмет
көрсету, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және т.б. болып
саналады.
Деректерді жедел өңдеу жүйесінің міндеттері бизнес-үдерістерін
тікелей орындаушылармен (қоймашылар, жұмысшылар, кассирлер,
есепшілер, сауда залдарының әкімгерлері), негізгі міндеттемелерін
қос орындау арқылы шешіледі.