40
пайдаланушының ЭЕМ қолжетімділігінсіз құрылады. Ақпаратты
жинау мен тіркеу, енгізу мен өндеу уақыты бойынша сәйкес
келмейді. Басында
пайдаланушы ақпаратты жинайды, оны
міндеттердің (шешім нәтижелерінің әрекет етуі ұзақ мерзімді
оперативтік емес сипаттағы міндеттер) қандай да бір белгілері
немесе түрлеріне сәйкес топтамаға құрастырады. Қабылдауды
аяқтағаннан кейін ЭЕМ ақпаратты енгізу және өндеу жүргізіледі.
Бұл режим әдетте ақпаратты өндеудің орталықтандырылған
тәсілінде пайдаланылады.
Интерактивті режим пайдаланушының
ақпараттық-есептеу
жүйесімен тікелей өзара әрекет етуін көздейді, ЭЕМ сұрау (әдетте,
регламент белгіленген) немесе диалог сипатында болады.
Диалогтық режим тапсырманы беру, жауапты алу және
талдаудың қайталанатын циклын жүзеге асыра отырып,
пайдаланушыға оған рұқсат етілген жұмыс қарқынында есептеу
жүйесімен тікелей өзара әрекет ету мүмкіндігін ашады. Бұл ретте
ЭЕМ ізделіп отырған нәтижені алу үшін
пайдаланушыға
қадамдардың реттілігін (мәзірді ұсынып) хабарлай отырып,
диалогқа өзі бастамашы болуы мүмкін.
Сұрау салу режимі деп жүйеге бір рет жүгінуді түсінеді, одан
кейін ол жауап беріп сөнеді, ал диалогтық режимде жүйе жауап
беріп, пайдаланушының одан арғы әрекеттерін күтеді.
Деректерді
өндеу
орталықтандырылған,
орталықтандырылмаған және үлестірілген болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: