Дәріс 1 Пайдаланушы интерфейсі ұғымы. Пайдаланушы интерфейстерінің құрылымы мен жіктелуі. Пайдаланушы интерфейстерінің түрлері және оларды әзірлеу кезеңдері
Дәріс 1-2. Пайдаланушы интерфейсі ұғымы. Пайдаланушы интерфейстерінің құрылымы мен жіктелуі. Пайдаланушы интерфейстерінің түрлері және оларды әзірлеу кезеңдері
Жоспар:
Интерфейсі ұғымы;
Интерфейс түрлері (классификациясы);
Пайдаланушы интерфейсін құрастыру әдістері мен құралдары;
Интерфейсті құрудың негізгі принциптері.
Интерфейс – жалпы айтқанда – өзара қарым қатынасатын тәуелсіз объектілердің арасындағы стандартпен анықталған шекара. Интерфейс параметрлерді, процедураларды объектілердің өзара қарым-қатынасу мінездемелерін тапсырады.
Қазіргі кезде интерфейстердің бірқалыпты классификациясы жоқ. Сондықтан интерфейстердің келесі түрлерін атауға болады:
Аппараттық интерфейс(есептеу техникасы құралдарының аппараттық қамтамасыз етiлуi);
Бағдарламалық интерфейс(есептеу техникасы құралдарының программалық қамтамасыз етiлуi);
Аппараттық программалық интерфейс (аппараттық және программалық құралдардың әрекеттестiгі)
Пайдаланушы интерфейсі(пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы).
Пайдаланушы интерфейсі(ПИ)- бұл пайдаланушының компьютермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы.
Мұндай өзара іс-қимылдың негізін диалогтар(сұхбаттасу) құрайды.
Бұл жағдайда диалог деп нақты уақыт ауқымында жүзеге асырылатын және нақты міндетті бірлесіп шешуге бағытталған адам мен компьютер арасындағы регламенттелген ақпарат алмасуды түсінеді.
Әрбір диалог жеке Енгізу/шығару процестерінен тұрады, ол физикалық түрдегі пайдаланушы мен компьютердің байланысын қамтамасыз етеді.
Ақпарат алмасу хабарлама берумен жүзеге асырылады.
Пайдаланушы интерфейсі Программалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырады.
Программаны пайдаланушылар әдетте пайдаланушы
интерфейсі мен Пайдаланушылар
жүйе
үшін
функционалдығын пайдаланушы
бөлмейді. интерфейс
программа болып табылады. Егер интерфейсі жақсы болса, онда олар үшін программа жақсы және қолайлы болады.
Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға
және қажетті
программаның
нәтиже алуға мүмкіндік беретін элементтер жиынтығын
пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде түсінеміз.
Пайдаланушы интерфейсі көбінесе программаның сыртқы түрі ретінде түсініледі. Дегенмен пайдаланушы интерфейсі арқылы ғана жүйені тұтасымен түсінетіндіктен мұндай түсінік өте таяз болып саналады.
Шындығында, ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйеге әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қамтиды. Бұл пайдаланушы көретін тек экран ғана емес.
Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:
жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;
жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы жұмыс үстелі және т.б.);
Пайдаланушы интерфейсінің дұрыс жобалануының маңыздылығы ақпараттық жүйені (АЖ) енгізген кезде мекеменің жалпы тиімділігі артады, бұл жерде көптеген зерттеу нәтижелері сауатты дайындалған ПИ қарапайым ендірілген АЖ-мен салыстырғанда тиімділікті едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.