Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Ақпараттық жүйе өмірлік циклі үлгілері



бет35/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
3.2. 
Ақпараттық жүйе өмірлік циклі үлгілері 
Ақпараттық жүйе өмірлік циклі үлгісі деп процестерді жүзеге
асырудың, ақпараттық жүйе өмірлік циклі ішінде орындалатын
әрекеттер мен міндеттердің реттілігін, сондай-ақ осындай процестер
арасындағы өзара байланысты анықтайтын кейбір құрылымды
атайтын боламыз.
ISO/IEC 12207 стандартында ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
процестеріне енетін міндеттерді шешу және әрекеттерді орындау
әдістері
егжей-тегжей нақтыланбайды, тек осы процестердің
құрылымы ғана сипатталады. Бұл түсінікті де, өйткені стандарт
регламенттері өмірлік циклдің кез келген үлгілері, әдіснамалары мен
әзірлеу технологиялары үшін ортақ болып табылады. Өмірлік цикл
үлгісі ақпараттық жүйенің ерекшелігі мен ол құрылатын және қызмет
ететін шарттарға тәуелді.
Қазіргі уақытта өмірлік циклдің екі негізгі үлгілері кең таралған –
сарқырама үлгі немесе құлама үлгісі (waterfall) және шиыршықты үлгі.
Сарқырама үлгі жобаның барлық кезеңдерін қатаң белгіленген
тәртіппен кезек-кезекпен орындауды көздейді. Келесі кезеңге өту
алдыңғы кезеңдегі жұмыстарды толық аяқтауды білдіреді.
Шиыршықты үлгіде шиыршықтың әр орамында өнімнің кезекті
нұсқасын құру орындалады, жобаның талаптары нақтыланады, оның
сапасы анықталып, келесі орам жұмысы жоспарланады
. Әзірлеудің
бастапқы кезеңдері – талдау мен жобалауға ерекше назар
аударылады, мұнда осы не өзге техникалық шешімдердің іске
асырылуы түптұлғаны жасау (пішіндеу) арқылы тексеріліп
негізделеді.

3.2.1. 
Ақпараттық жүйе өмірлік циклінің сарқырама үлгісі 
Сарқырама үлгі кез келген қолданбалы салаларда әртүрлі


76


жүйелерді әзірлеуге классикалық тәсілдемені көрсетеді. Ақпараттық
жүйелерді әзірлеу үшін осы үлгі ХХ ғасырдың 70-ші және 80-ші
жылдардың
бірінші
жартысында
кеңінен
пайдаланылды.
Жобалаудың сарқырама әдістері шетелдік және отандық әртүрлі
бағыттағы әдебиетте: әдістемелік монографияларда, стандарттарда,
оқулықтарда жақсы сипатталған. Сарқырама схема бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру әртүрлі салаларда ресми ұсынылып,
кеңінен пайдаланылды. Осылайша, тек теориялық негіздемелердің
бар болуы ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіптік әдістемелер мен
стандарттардың болуы, сондай-ақ осы әдістерді ондаған жылдар ішінде
пайдалану сарқырама әдістерді классикалық әдістер деп атауға жағдай
туғызады.
Сарқырама үлгі жұмыстарды кезек-кезекпен ұйымдастыруды
көздейді. Бұл ретте негізгі ерекшелігі барлық әзірленімді кезеңдерге
бөлу болып табылады, бұл ретте бір кезеңнен келесі кезеңге өту тек
алдыңғы кезеңдегі жұмыстар толық аяқталғаннан кейін болады. Әр
кезеңде әзірленім әзірлеушілердің басқа тобы жалғастыра алатындай
жеткілікті құжаттаманың толық жинағын шығарумен аяқталады.
Сарқырама үлгісі бар болғаны ондаған жылдар шамасында
жұмыстарды сатыларға бөлу және осы сатылардың атаулары өзгертіліп
тұрды. Бұдан басқа, орынды әдістемелер мен стандарттар белгілі бір
жұмыстарды нақты кезеңдерге бір мәнді тіркеуден аулақ болды.
Дегенмен, әзірленімнің пән саласына тәуелсіз тұрақты кезеңдер
қатарын бөліп шығаруға болады (3.1 сур.).
Бірінші кезеңде шешілуі тиіс мәселені зерттеу жүргізіліп,
тапсырыс берушінің барлық талаптары нақты тұжырымдалады. Осы
кезеңде алынатын нәтиже барлық мүдделі тараптармен келісілген
техникалық тапсырма (талаптарды әзірлеу) болып табылады.
3.1 сур. АЖ өмірлік циклі сарқырама үлгісі

Екінші кезеңде техникалық тапсырмада тұжырымдалған барлық


талаптарға жауап беретін жобалау шешімдерді әзірлейді. Осы


77


кезеңнің нәтижесі жобаны іске асыруға қажетті барлық деректерді
қамтитын жобалау құжаттамасының жинағы болып табылады.
Үшінші кезең – жобаны іске асыру. Мұнда алдыңғы кезеңде
алынған жобалау шешімдеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз
етуді (кодтау) әзірлеу жүзеге асырылады. Жүзеге асыру үшін
пайдаланылған әдістер түбегейлі маңызға ие емес. Осы кезеңді
орындау нәтижесі дайын бағдарламалық өнім болыр табылады.
Төртінші кезеңде алынған бағдарламалық қамтамасыз етудің
техникалық тапсырмада мәлімделген талаптарға сәйкес болу мәніне
тексеру (тестілеу) жүргізіледі. Тәжірибелік пайдалану ақпараттық
жүйенің шынайы жұмыс жағдайларында білінетін жасырын
кемшіліктерді айқындауға мүмкіндік береді.
Соңғы кезең – дайын жобаны тапсыру, оны іске қосу. Осы
кезеңнің басты міндеті – тапсырыс берушінің барлық талаптары
толық орындалғанын құжаттап растау.
Сарқырама үлгі шегіндегі жұмыстар кезеңдерін жүйенің
«жобалау циклінің» бөліктері деп атайды. Мұндай атау кезеңдер
жүйеге қойылатын талаптарды нақтылаудың көптеген итеративті
рәсімдерден және жобалау шешімдерінің нұсқаларынан тұратын
болған соң пайда болды. жүйенің өмірлік циклі айтарлықтай
күрделі және ұзын. Оған қабылданған және іске асырылған жобалау
шешімдерін нақтылау, өзгерту мен толықтыру циклдердің ерікті
саны енуі мүмкін. Осы циклдерде ақпараттық жүйенің дамуы және
оның жекелеген құрамдастарының жаңғыруы өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет