138
5.2-сурет. Басқару кезеңдері
Экономикалық нысан жағдайы туралы ақпарат шешім қабылдайтын
тұлғаларға (менеджерлер, басшылар) немесе жоғары деңгейдегі
басқару жүйесінде беріледі. Автоматтандырылған ақпараттық
жүйенің қызмет ету барысында жедел ақпаратты қолдана отырып,
басшы кәсіпорынның ресурстарын (материалдық, қаржылық,
кадрлық) жоспарлай және теңестіре алады, басқару шешімдерінің
нәтижесін есептеу және бағалау, өнімдердің (тауарлар, қызметтер)
өзіндік құнының жедел басқарылуын, жоспардың орындалуын,
ресурстардың қолданылу барысын және т.б. реттеу.
Ақпараттық басқару технологиясы кәсіпорын қызметінің
тиімділігін
арттыру
бойынша
шешімдер
қабылдайтын
менеджерлердің ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыруы қажет.
Ол кезд келген басқару деңгейінде қолданылады. Ақпарат біріктіру
түрінде, деректердің өзгеру басымдықтары, туындаған ауытқулар
мен ықтимал шешімдер себептері қаралатындай ұсынылуы тиіс.
Шешім қабылдау үшін басқару нысанының жоспарланған жағдайын
бағалау қажет. Аталған бағалау шеңберінде жоспарланған
жағдайдан туындайтын ауытқуларды анықтап, себептерін айқындап
139
береді.
Шешім қабылдау менеджермен екі жол арқылы жүезеге
асырылады:
—
басқару есебінен ақпараттарды талдау негізінде;
—
ықтимал шешімдерді таңдау.
Басқару есептерін құратын ақпараттық жүйелер, ең бастысы
деректерді өңдеуде (іздеу, сұрыптау, біріктіру, сүзгілеу). Олар
қолданушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни
дерекқордағы ақпараттарға кіруді және оның ішінара өңделуіне қол
жетімділікті ұсынады. Осы есептерде бар мәліметтерді қолдана
отырып, басқарушы шегім қабылдайды. Күн сайынғы есептер
олардың құрылу уақытын белгілейтін (мысалы, он күн немесе ай
ішінде компанияны сату талдау) анықтайтын белгіленген кестеге
сәйкес жасалады. Арнайы есептер менеджерлердің сұранысы
бойынша не болмаса кәсіпорында (ұйымда) алдын ала
жоспарланбаған әлдеқандай оқиға орын алған жағдайда құрылады.
Есептің осы және өзге түрлерінің жинақтаушы, салыстырмалы және
төтенше есептері болады. Жиынтықтаушы есепте жекелеген топқа
біріктірілген, сұрыпталған және жкек жолдарда аралық және соңғы
қорытынды түрінде берілген деркетерден тұрады. Салыстырмалы
есеп әртүрлі дереккөздерден алынған немесе бірнеше белгілері
бойынша
топтастырылған
және
салыстыру
мақсатында
қолданылатын деректер жатады. Төтенше есептерге ерекше
(төтенше) сипаттағы деректерден тұрады.
Шешімдер баламасын жасап шығаратын ақпараттық жүйелерд е
шешімдер қабылдау, ұсынылған баламалардың бірін таңдауға
әкеледі. Жүйе, үлгі немесе сипаттама түріндегі дайын шешімдердің
әртүрлі нұсқаларын ұсынады, олардан менеджерге тиімдісін таңдап
алу ақжет. Бұл жүйелер үлгілі немесе сараптамалық болуы мүмкін.
Үлгілі ақпараттық жүйелер қолданушыға математикалық,
статистикалық, қаржылық және басқа да үлгілерді ұсынады, оларды
қолдану балама шешімдерді жасап шығару және бағалауды
жеңілдетеді. Қолданушы, өзіне шешім қабылдау үшін жеткіліксіз
ақпаратты үлгімен оны зерттеу үдерісінде диалог құру арқылы
алуына болады.
Үлгілі ақпараттық жүйенің негізгі қызметтері мыналар болып
табылады:
—
типтік математикалық үлгілер ортасындағы жұмыс, оған қоса
«қалай сітеу керек?», «Не болады , егер?» үлгісіндегі негізгі үлгілеу
міндеттерін шешу, сезімталдық талдау және т.б.;
—
үлгілеу нәтижелерінің жеткілікті жылдам әрі балама
түсіндіру;
—
кіріс парметрлерін жедел дайындау және үлгілерді шектеу;
—
үлгі динамикасын графикпен бейнелеу;
—
қолданушыға үлгі жұмыс барысын түсіндіру.
140
Сараптамалық ақпараттық жүйелер қолданушымен, білімдерді
өңдеумен байланысты сараптамалық жүйелер құру есебінен
ықтмимал баламаларды жасап шығару және бағалауды қамтамасыз
етеді
.
Қолданушымен қабылданатын шешімдердің сараптамалық
қолдау екі деңгейде жүзеге асырылады.
Сараптамалық қолдаудың бірінші деңгейінің жұмысы, «типтік
басқару шешімдері» тұжырымдамасын туындайды, соған сәйкес
басқару үдерісінде жиі туындаған мәселелі жағдайларды кейбір бі
текті басқару шешімдер санатына жатқызуға болады, яғни, кейбір
типтік баламалар жиынына. Осы деңгейде сарраптамалық қолдауды
жүзеге асыру үшін ақпараттық сақтау қоры және типтік
баламаларды талдау жасалады.
Егер туындаған мәселелі жағдай, қолда бар үлгілік баламалар
санаттарымен топтастырылмайды, жұмыста басқару шешімдерніің
сараптамалық қолдаудың екінші деңгейі алға тартылуы қажет. Бұл
деңгей ақпараттық қор базасында бар деректердің баламасын,
түрлендіру ережелерін және синтезделетін баламларды бағалау
рәсімдерін түрлендіреді.
Басқаруды автоматтандырудың жалпы мақсаты — басқару
нысаны қызметінің тиімділігін арттыру, бұл келесі автоматтандыру
бағыттарымен қамтамасыз етіледі.
1.
Басқарудың жеделдідігін арттыру — осындай операцияларды
орныдау уақытын қысқарту, атап айтқанда, ақпартты жинау, іздеу,
алдын ала өңдеу және тарату, есептеулер, длогикалық есептерді
шешу, құжаттарды рәсімдеу және т.б.
2.
ШҚТ қосалқы үдерістерді орындауға жұмсалған еңбек
шығындарын төмендету. Оларға ақпараттық және есептеу
операциялары жатады, олар қосымша сипатқа ие және сонымен
бірге біршама еңбекті көп қажет ететін болып саналады.
Кертартпалыққа негізделген жұмыстардан босату нәтижесінде
лауазымды тұлғалар шығармашылық бпасқару үдерістеріне
жұмылдырылуы мүмкін.
3.
Қабылданған шешімдердің дұрыстығы және негізділігін
арттыру. Шешімдер қабылдау үдерісі, математикалық аппаратты
қолдану арқылы талдау және жағдайды дамыту негізінде құрылады.
Сонымен бірге, тәжірибе мен ішкі түйсікке негізделген,
шешімдердің дәстүрлі негіздемесінің өз мәнін сақтайды.
Үнемі автоматтандырылған басқару жағдайында да, тиімді
шешімдерге қол жеткізе бермейтіндігін атап өткен жөн, сондықтан
да бәрінен бұрын мұны тиімді шешімдер туралы айтқан анағұрлым
дұрысырақ болар еді.
Сонымен, ақпараттық басқару технологиясы стратегиялық және
татикалық жоспарлау, бкхгалтерлік есеп және фирманы жедел
басқарудағы ағымдағы міндеттерді шешуі қажет, яғни шешімдер