Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет60/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121
Атауы 
Нөмір 
Атауы 
Атауы 
Нөмір 
Нөмір 
Атауы 
 
Тетік 
Атауы 
Атауы 
№  Атауы 
Атауы 


102 
 
жинақтауышы  тізімдіктегі  жәшік,  жедел  жадтағы  кесе,  магнитті 
тасығыштағы файл және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.  
Деректер  жинақтауышы  жалпы  жағдайда  деректер  базасының 
түп  бейнесі  болып  табылады  және  онда  сақталатын  деректердің 
сипаты ақпараттық үлгімен байланыстырылуы тиіс.  
Деректер  ағыны  дереккөзден  қабылдауышқа  берілетін 
ақпаратты  айқындайды.  Нақты  деректер  ағыны  екі  құрылғы 
арасындағы  кабель  бойынша  берілетін  ақпарат,  пошта  арқылы 
жіберілетін  хаттар,  магнитті  таспалар  немесе  бір  компьютерден 
екінші компьютерге тасымалданатын дискеталар болуы мүмкін. Әр 
деректер ағыны оның құрамын көрсететін атқа ие.  
Деректер  ағыны  диаграммаларының  иерархиясын  құруды 
жүйенің  жалпы  түрін  айқындайтын  мәнмәтіндік  диаграммадан 
бастайды.  Мұндай  диаграммада  жүйенің  сыртқы  дүниемен 
интерфейсін  сипаттайды,  яғни  әзірленіп жатқан жүйе тұтынушылар 
мен ақпарат дереккөздерімен қалай өзара әрекет ететінін көрсетеді. 
Әдетте бастапқы мәнмәтіндік диаграмма жұлдыз түрінде болады.  
 
 
 
 
 
 
 
4.5 
сур.  «Көтерме  сауда  қоймасы»  ААЖ  үшін  Йордан 
нотациясындағы  бастапқы  мәнмәтіндік  диаграмма  (нөлдік  деңгей 
диаграммасы) 
 
Егер  жүйеде  сыртқы  мәннің  көп  саны  көп  болса  (10  астам), 
үлестірілген  табиғатқа  ие  болса  немесе  бар  қосалқы  жүйелерді 
қамтыса,  онда  мәнмәтіндік  диаграммалар  иерархиясын  құрады. 
Егжей-тегжейін  ашу процесінде теңгерімдеу қағидасын сақтайды  – 


103 
 
 
қосалқы  жүйені  егжей-тегжейлеуде  тек  талданатын  қосалқы 
жүйенің  ақпараттық  байланысы  бар  (яғни  ол  деректер  ағынымен 
байланысты)  қосалқы  жүйелердің  құрамдастары  пайдаланыла 
алады.  Егжей-тегжейі  ашылмайтын  процестерде  осы  процес 
функцияларының  мәтіндік  сипаттамасын қамтуы тиіс ерекшеліктер 
жасалады.   
 «Көтерме  сауда  қоймасы»  автоматтандырылған  ақпараттық 
жүйенің  (ААЖ)  деректер  ағыны  диаграммасын  құру  мысалын 
келтірейік.  «Көтерме  сауда  қоймасы»  ААЖ  көтерме  сауда  үшін 
сатып  алынған  тауарлардың  қозғалысы  мен  бар  болу  туралы 
деректерді алуға арналған.  
Деректер  ағыны  диаграммаларының  иерархиясын  құруды 
мәнмәтіндік  диаграммадан  бастаймыз,  яғни  әзірленіп жатқан жүйе 
ақпаратты қабылдауыштар мен дереккөздермен қалай өзара әрекет 
ететінін анықтаймыз (4.5. сур).  
Тауарлардың келуі бойынша бастапқы құжаттар (кіріс құжаттар) 
тауарлардың  түсуі  журналында  тіркеледі.  Тауарды  рәсімдеу  және 
өткізілуін  есепке  алу  сатып  алушы мен сатушы арасындағы сатып 
алынатын  тауарларға  есеп  айырысу  тәсілдеріне  тәуелді.  Қойма 
менеджері  тауарларды  сатып  алу  және  босатуды  есепке  алу 
журналын  жүргізеді.  Бастапқы  құжаттардың  деректері  тиісті 
жинақтауыштарда сақталады.  
Әзірленіп  жатқан  жүйе  үшін  сыртқы  мән  болып  жеткізушілер, 
сатып  алушылар,  қойма  менеджері,  есепке  алу  және  бақылау  бөлімі, 
тапсырыстарды  қабылдау және рәсімдеу бөлімі табылады. Олар туралы 
мәліметтер 
тиісті 
кестелерде 
(анықтамалықтарда) 
сақталады. 
Жеткізуші  тауарды  қоймаға  табыстайды.  Тауарды  жеткізу  құжаттары 
(жүкқұжаттар,  фактура-шоттар)  деректер  базасына  енгізіледі.  Сатып 
алушы  тауарларды  сатып  алуға  тапсырыс  береді.  Тапсырыстарды 
қабылдау  және  рәсімдеу  бөлімінде  келіп  түскен тапсырыстың әр жолы 
тексеріледі.  Қоймада  қандай  да  бір  позиция  болмаған  кезде, 
жеткізушіге  өтінім  рәсімделеді,  яғни  қажетті  тауарды  жеткізуге 
бастамашылық  етіледі.  Тапсырыс  негізінде  тауарды  өткізуге  құжаттар 
толтырылады,  олар  деректер  базасында  сақталып,  басып  шығарылады 
және  сатып  алушыға  беріледі.  Әр  күннің  соңында  барлық  кіріс 
құжаттар  бухгалтерге  беріледі.  Тауардың  келуі  және  өткізілуі  туралы 
мәліметтердің  негізінде  қойма  менеджері  мен  есепке  алу  бөлімінің 
қызметкерлері  қоймадағы  тауардың  айналымы  мен  қалдығы  бойынша 
есептерді  қалыптастырады.   
«Көтерме  сауда  қоймасы»  ААЖ  деректер  ағыны  диаграммасы  4.6 
суретте көрсетілген. 
 


104 
 
 
 
 
 
 
4.6 сур. «Көтерме сауда қоймасы» ААЖ деректер ағыны 
диаграммасы 


105 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


106 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет