Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет62/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
а — міндетті; б — міндетті емес (сызық ортасына дейін пунктир) 


108 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.9-сурет.  Баркер нотациясындағы қарым-қатынасты белгілеу:  
а — «бірге бір»; б — «көпке бір»; в — «көпке көп» 
Байланыс  әртүрлі  аяқталымда  әртүрлі  модалі  болады.  Әр  байланыс 
солдан оңға, сол секілді оңнан  солға оқылуы мүмкін. 
Әр  болмыс,  бақа  болмыс  үлгілерімен  кез  келген  байланыс  көлемінде 
болуы мүмкін. Үш қарым-қатынас типі  ажыратылады: 
— 
1*1 — «бірге  бір»; 
— 
1*n — «көпке бір»; 
— 
n*m— «көпке көп» (4.9-сурет). 
«Бірге  бір»  типінің  байланысы,    бірінші  болмыстың  бір  данасының 
екінші  болмыстың  тек  бір  данасымен  ғана  байланысты  екендігін 
білдіреді.  Осындай  байланыс,  ең  дұрысы,  бір  болмыс  екіге  (алайда 
кейде  осындай  байланыс  типі,  егер  дерек  бөлігін  «құпияда  ұстау» 
қажет  болған  жағдайда  қолданылады) дұрыс бөлінбегендігін көрсетеді. 
«Бірге  бір»  типінің  байланысы,    бірінші  болмыстың  әрбір  данасының 
екінші  болмыстың  бірнеше  данасымен  байланысты  екендігін  білдіреді. 
«Көпке  бір»  байланысы,  бірінші  болмыстың  әрбір  данасының,  екінші 
болмыстың  бірнеше  данасымен  байланысты  екендігін  білдіреді  немесе 
керісінше.  Осындай  байланыс  типі,  үлгіні  әзірлеудің  ерте  кезеңдерінде 
мүмкін  болатын  уақытша  байланыс  типі  болып  саналады.  Бұдан  әрі 
осындай байланысты, тағы да бір қосымша болмыс арқылы «көпке бір» 
типінің  екі байланыс типіне  ауыстыру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
4.10-сурет. 
Баркердің  нотациясындағы  ассоциацияланған  болмысты 
белгілеу 


109 
 
 
 
 
 
 
 
4.11-сурет.    Баркер  нотациясындағы  басқа  болмыс  арқылы  сәйкестендіруді 
белгілеу 
 
 
 
Тәуелсіз  болмыс,  жүйеде  үнемі  болатын  тәуелсіз  деректерді  ұсынады. 
Олар басқа болмыстармен байланысты  болуы да, болмауы тмүскін. 
 Тәуелді  болмыс,  жүйенің  басқа  болмыстарына  тәуелді  деректерді 
ұсынады,  сондықтан  да  олар  үнемі  басқа  болмыстармен  байланысты  
болуы қажет. 
Топтастырылған  болмыс,  қауымдастырылған,  екі  және  одан  да  көп 
болмыстар 
арасындағы 
қарым-қатынастармен 
топтастырылатын 
деректерді  ұсынады.  Әдетте,  аталған  болмыс  түрі  «көпке-көп»  қарым-
қатынасына  рұқсат берілген  үлгілерде  байқалады.  (4.10-сурет). 
Егер  болмыстың  данасы  толығымен  өзінің  негізгі  атрибуттарымен 
сәйкестендірілетін  болса,  онда  болмыстың  толық  сәйкестендірілгендігін 
білдіреді.  Бұлай  болмаған  жағдайда,  болмысты  сәйкестендіру  байланысты 
болмыстардың  атрибуттарын  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады,  бұл 
байланыс желісіндегі
  сызықшамен көрсетіледі  (4.11-сурет). 
 «Көтерме  сауда  қоймасы»  ААЖ  арналған  дерекқор  құрылымын 
қарастырайық.  Көрсетілген  міндеттерді  шешуге  арналған  негізгі 
болмыстар  мыналар  болып  саналады:  «жеткізуші»,  «сатып  алушы», 
«тауар». 
Бірден  болмыстар  арасында  айқын  байланыс  туындайды  —  «сатып 
алушылар көп тауар сатып ала алады», «тауарлар көп сатып алушымен 
сатып  алынуы  мүмкін».  Олардың  арасындағы  қарым-қатынас «көптен-
көпке»  байланыс  типіне жатқызылуы мүмкін (4.12-сурет). Осы қарым-
қатынасты  шешу  үшін, екі топтастырылған  болмысты енгіземіз, «Кіріс 
жүкқұжат» 
және 
«Шығыс 
жүкқұжат», 
олар 
сатып 
алушымен/жеткізушімен  тауарды  сатып  алу/сатуды  қамтып  көрсетеді. 
(4.13-сурет). 
Болмыс  атрибуттарын  талдайық.  Әрбір  жеткізуші  және  сатып 
алушы  заңды  тұлға  болып  табылады  және  атауы,  мекенжайы,  банктік 
деректері  болады.  Әрбір  тауардың  атауы,  құны  болады,  бірыңғай 
өлшем  бірлікпен  сипатталады.  Әрбір  жүкқұжаттың  бірегей  нөмірі, 
көшірілген  күні,  саны  және  бағасы  жазылған  тауарлар  тізімі, сонымен 
бірге жүкқұжаттың  жалпы сомасы беріледі. 
 
4.12-сур.  Первый вариант ER-диаграммы
 


110 
 
 
 
 
 
 
4.13-сур.ER-диаграммасының  аралық нұсқасы 
  
 
Сатып алушылар тауарлар сатып алады, солай ете отырып, шығыс 
жүкқұжаттарын алады, оған сатып алынған тауардың саны мен 
бағасы енгізіледі. Әрбір сатып алушы бірнеше жүкқұжаттарын ала 
алады. Әрбір жүкқұжатты бір сатып алушыға жазуға болады. Әр 
жүкқұжатта кем дегенде бір тауар («бос» жүкқұжат болмауы тиіс) 
болуы қажет. Әр тауар, өз кезегінде, бірнеше жүкқұжатпен бірнеше 
сатып алушыларға сатылуы мүмкін. Ұқсас пайымдаулар тізбегін 
«Тауар» және «Жеткізуші»  болмыстары арасында байланысты 
анықтау үшін  құруға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.14-сурет.  ER-диаграммасының  соңғы нұсқасы 
 


111 
 
 
Сатып  алушы  бір  мезгілде  жеткізушімен  де  бірге  бола  алады, 
сондықтан  да  осы  екі  болмыс  бір  «Контрагент»  болмысына 
біріктірілген.  Енді міне осының бәрін диаграммаға енгізуге болады. 
Осылайша,  анықтағаннан  кейін,  диаграмма  мына  үлгіде  болады 
(4.14-сурет). 
Аталған  диаграмма,    барлық  шығыс  деректерін  алу  мүмкіндігі 
тұрғысынан,    диаграммада  көрсетілген  дамытылатын  жүйенің 
деректер ағынын тексеруі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет