Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Жедел деңгейлі жүйелер



Pdf көрінісі
бет76/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121
5.3.1. 
Жедел деңгейлі жүйелер 
 
Жедел  (операциялық)  шешім  қабылдау  деңгейі  барлық 
автоматтандырылған 
ақпараттық 
жүйелердің  негізі  болып 
табылады.  Ол  көп  рет  қайталанатын  міндеттерді  жіне 
операцияларды  және  кіріс  ағымдағы  ақпараттардың  өзгеруіне 
жылдам  жауап  қайтаратын  шешімдерді  қайтамасыз  етеді.  Жедел 
деңгейдегі  міндеттер,  мақсаттарм  ен  ақпарат  көздері  алдын  ала 
анықталған  және  құрылымдалған.  Ақпараттарды  бағдарламалық 
өңдеуалдын ала әзірленген  алгоритмдер бойынша орындалады. 
Жедел  деңгейлі  жүйелерді  тағы да деректерді/транзакцияларды 
өңдеу  (шет  елдік  әдебиетінде  OLTP— On-lineTransactionProcessing 
термині қолданылады — деректерді жедел өңдеуге (транзакциялық) 
бағытталған технологиялар.


145 
 
 
 Деректерді өңдеу жүйелерімен шешілетін міндеттер, ұдайв сипатта 
болады,  ал  олардың  уақыт  шектері,  әдетте,  бірнеше  күннен 
аспайды.  Осы  деңгейде  орындаолатын  әрекеттер  көлесі  сияқты, 
басқару  шешімдерін  қабылдау  қарқыны  да  біршама  үлкен.(  5.3-
сурет).  Бұл  басқару  деңгейін,  жағдайлардың  өзгеруіне  жылдам 
жауап қайтару қажеттілігіне байланысты жедел деп атайды. Жедел 
басқару  деңгейінде,  кәсіпорынның әртүрлі атқарымдық міндеттерін 
шеші 
бойынша 
 
ағымдағы 
кертартпалыққа 
негізделген 
операцияларының  орасан зор көлемі  атқарылады. 
Ақпараттық  технологиялар  жедел  деңгейдегі  менеджерлерді, 
фирманың  ішіндегі  және  жедел  шешімдер  қабылдау  үшін  қажетті 
сыртқы  ортада  да  істің  мән-жайы  туралы күн сайынғы ақпаратпен 
қамтамасыз етеді. Жедел деңгей арқылы орындаушылардың қызмет 
нәтижелері  туралы  жоғарғы  басқару  деңгейлері  үшін  деректерді 
ұсынады.  Жедел  басқару  деңгейіндегі  аспаптық  құралдарының 
шағын аналитикалық мүмкіндіктері бар. Олар қатаң құрылымдалған 
жиынтық типтік есептерді кезеңдік құру үшін, фирманың ағымдағы 
жай-күйі  және  ұйымның  ақпараттық  ағындарын бақылау (мысалы, 
ағымдағы  дебиторлық  қарыз  туралы,  қойма  жай-күйі  туралы, 
кассадағы  ақша  қалдықтары  туралы,  есеп  шоттардың  жай-күйі 
туралы  мәліметтер  ұсыну  және  т.б.)  үшін  жеткілікті.  Жедел 
деңгейде  басқаруды  қолдайтын  ақпараттық  технология,  сонымен 
бірге  ұйым  мен  сыртқы  орта  арасындағы  байланыстырушы  бөлім 
болып табылады ( 5.4-сурет). 
Жедел басқару стратегиялық деңгейде қалыптасқан мақсаттарға 
қол  жеткізуге  бағыталған  жедел  басқаруға  бағытталған  және 
тактикалық  деңгейдегі  белгілі  әлеуетті  қолданады.  Жедел 
жүйелердегі  басты  қызмет  —  дерекқорда  тіркеу  және  бизнес- 
үдерістермен  бірге  жүретін  қарапайым  оқиғаларды  өңдеу.  Бизнес- 
үдеріс-бұл  тұтынушыға  қажетті  өнімдерді  (жұмыстар  мен 
қызметтер) құру және алуға арналған ресуртарды қолданатын өзара 
байланысты  әрекеттер  мен  операциялар  жиынтығы  екендігін 
естеріңізге  саламыз.  Бизнес-үдерістер  қызметкерлерді  жұмысқа 
қабылдау  және  шығару,  қоймалар  мен  өндірістік  бөлімшелердегі 
материалдық  құндылықтар  кіріс  және  шығысы,  материалдық 
құндылықтарды  төлеу  және  кәсіпорынға  банк  арқылы  қызмет 
көрсету, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және т.б. болып 
саналады. 
Деректерді жедел өңдеу жүйесінің міндеттері бизнес-үдерістерін 
тікелей  орындаушылармен  (қоймашылар,  жұмысшылар,  кассирлер, 
есепшілер,  сауда  залдарының  әкімгерлері),  негізгі  міндеттемелерін 
қос орындау арқылы шешіледі.


146 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Олардан  қарапайым  компьютерлік  сауаттылық,  ең  бірінші 
5.4

уре
т. 
Ж
ед
ел д
ең
ге
й
лі
 ж
үй
е 
 


147 
 
 
кәсіпорынның  жергілікті  есептеу  желілерінің  жұмыс  орындарын 
және  экран  формасын  толтыруға  арналған  терезе  интерфейсін 
қолдана  білу  талап  етіледі.  Жедел  деңгейдегі  ақпараттық  жүйенің 
алдында тұрған негізгі міндет, — бизнес-үдерістер қатысушыларын 
байланыстыратын, 
ақпараттық 
ағындардың 
жоғары 
өту 
жылдамдығын қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда, деректерді 
өңдеу жүйесі кәсіпорындағы технологиялық үдерістерді ақпараттық 
басқару жүйелерімен синхрондалған. 
Жедел  басқару  жүйесі  бизнес-үдерістердің  орындалуына 
бақылау жүргізуді айқын етуге мүмкіндік береді, себебі әрбір уақыт 
кезеңінде  кәсіпорынның  барлық  жұмыс  орындарындағы  жағдайын 
жедел анықтауға болады. 
Жедел  басқарудың  маңызды  басымдықтарына  келесілерді 
жатқызуға болады: 
— 
жинақталған  әлеуеттә  қолданып,  алдын  ала  жоспарланған  іс-
шараларды іске асыру есебінен пайда табу; 
— 
жоспарланғаннан,  өндіріс  барысын  тіркеу,  жинақтау  және 
ауытқуларды талдау; 
— 
қажетсіз  ауытқуларды  жою  немесе  төмендету  бойынша 
шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру. 
Жедел  жинақталған  деректер  базасында  анағұрлым  жоғары 
басқару  деңгейіндегі  міндеттер-тактикалық  және  стратегиялық 
шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет