Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі



Pdf көрінісі
бет79/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   121
5.4. 
Шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі 
Бұдан  бұрын  шешім  қабылдаудың  ақпараттық  жүйе 
тұжырымдамалары  әртүрлі  басқару  деңгейлерінде  қарастырылды. 
Шешімдерді  қабылдауды  қолдау  жүйесі  (ШҚҚЖ)  күнделікті 
басқару  қызметінің  міндеттерін  шешуге  барынша  бейімделген 
жүйелерді білдіреді. ШҚҚЖ арқылы кейбір құрылымсыз және әлсіз 
құрылымдалған  міндеттерді  шешуге,  соның  ішінде  көп  өлшемді 
міндеттерді  шешуге  болады.  Шешімдерді  қабылдауды  замануи 
қолдау  жүйесі  бизнес  үдерістерін басқару міндеттерін тиімді шешу 
үшін, ақпараттық жүйелер мен дерекқорды басқару жүйелерін қосу 
нәтижесінде  туындады.  ШҚҚЖ  құру  бойынша  алғашқы 
әзірлемелердің  пайда  болған  мезеттен  бастап  оларға  нақты 
анықтама берілген жоқ. Және қазіргі  уақытта ШҚҚЖ жалпыға ортақ 
қабылданған  анықтамасы  жоқ,  себебі  ШҚҚЖ  құрылымы,  міндет 
түрлеріне, деректердің қол жетімдлігіне, ақпараттар мен білімдерге, 
сонымен  бірге  жүйе  қолданушыларына  біршама  байланысты.  
ШҚҚЖ 
менеджерлердің 
шешімдерін 
жасап 
шығаруды 
ауыстырмайтындығын,  керісінше  қолдайтындығын  атап  көрсеткен 
жөн. 
Шешімдерді 
қабылдауды 
қолдау 
жүйесінің 
негізгі 
сипаттамалары келесідей: 
—  дамуын  болжау  қиын  болатын  мәселелерді  щшешу 
мүмкіндігі; 
— 
үлгілеу және талдаудың аспаптық құралдарының болуы; 
— 
шешілетін  міндеттер  мен  кіріс  деркетерін  жеңіл  өзгерту 
мүмкндігі; 
— 
оралымдылық және жағдайлардың өзгеруіне  бейімделушілік; 
— 
қолданушыларға  барыгша  бағытталған  технологияларды 
қолдану. 
Шешім  қабылдауды  ақпараттық  қолдау  технологиясы  әртүрлі 
басқару деңгейлерінде қолданылады. 
Кез келген шешім қабылдау үдерісіне мыналар кіреді: 
— 
мәселені және шешім қабылдау өлшемдерін анықтау; 
— 
шешім қабылдау әдістемесін таңдау; 
— 
балама шешімдерді анықтау және талдау; 
— 
шешімдерді таңдау; 
— 
талдау нәтижелері туралы ақпарат беру. 
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі, нәтижесін алдын ала болжау 
қиын  ішінара  құрылымдалған  міндеттерге  қызмет  көрсетеді. 
Үлгілер  базасы  үлгілік  блоктар  мен  оларды  құру  үшін 


152 
 
қолданылатын 
элекменттер 
ретіндегі 
рәсімдер 
түрінде 
стратегиялық,  тактикалық,  жедел  және  математикалық  үлгілерден 
тұрады. 
Стратегиялық  үлгілер  (белгілі  фирмалардың  бірі  үшін қолдану 
үшін 
арналған 
детерминисттік, 
сипаттамалық, 
және 
мамандандырылған)  ұйымның  мақсаттарын  белгілеу,  оларға  қол 
жеткізу  үшін  қажетті  ресурустар  көлемі,  сонымен  бірге  осы 
ресрустарды сатып алу және қолдану саясаты үшін жоғары басқару 
деңгейлерінде  қолданылады.  Олар  кәсіпорынды  орналастыру 
нұсқаларын  таңдау,  бәсекелестердің  саясатын  болжауда  және  т.б. 
пайдалы  болуы  мүмкін.  Стратегиялық  үлгі  үшін  біршама 
ауқымдылықты  қамту,  көптеген  айнымалы,  деректерді  қысылған 
біріктірме  пішінде  ұсыну  тән.  Көбінесе,  бұл  деректер  сыртқы 
көздерге  негізделеді  және  субъекті  сипатта  болуы  мүмкін. 
Стратегиялық  үлгілердегі  жоспарлау  көкжиегі,  әдетте  жылдармен 
өлшенеді. 
Тактикалық  үлгілер  (әртүрлі  ұйымдарда  қолданылуы  мүмкін 
детерминисттік,  оңтайландырмалық  және  әмбебап)  қолда  бар 
ресурстарды  тарату  және  қолданылуын  бақылауды  үшін  орташа 
деңгейдегі  басқарушылармен  қолданылады.  Ықтимал  салалар 
арасында  қаржылық  жоспарлауды,  қызметкерлерге  қатысты 
талаптарды  жоспарлауды,  сатуды  ұлғайтуды  жоспарлауды, 
кәсіпорынның компоновка сызбасын құруды көрсетуге болады. Бұл 
үлгілер  әдетте  фирманың  жекелеген  бөліктеріне  (мысалы,  өндіріс 
және  өткізу  жүйесіне  қатысты)  қолдануға  ыңғайлы  және  сонымен 
бірге  біріктірме көрсеткіштер кіруі мүмкін. Тактикалық үлгілермен- 
бір  айдан  екі  жылға  дейін  қамтылатын  уақытша  көкжиек.  Бұл 
жерде,  сонымен  бірге  сыртқы  көздерден  деректер  талап  етілуі 
мүмкін,  бірақ  аталған  үлгілерді  жүзеге  асыру  кезінде  фирманың 
ішкі  деркетеріне негізгі  назар аударылуы мүмкін. 
Жедел үлгілер (детерминисттік, оңтайландырмалы және әмбебап) 
күндермен  және  апталармен  өлшенетін  көкжиегі  бар  жедел 
шешімдерді  қабылдау  үшін  төменгі  басқару  деңгейлерінде 
қолданылады.  Осы  үлгілердің  ықтимал  қолданылуына  дебиторлық 
шоттар  мен  несие  есептеулері,  күнтізбелік  өндірістік  жоспарлау, 
қорларды  басқару  және  т.б.  жатады.  Жедел  үлгілерде, есептеулер 
үшін,  әдетте фирма ішілік  деркетер қолданылады. 
Математикалық  үлгілер  математикалық  әдістерді  жүзеге 
асыратын  үлгілік  болктары  мен  рәсімдерінің  жиынтығынан 
тұрады.  Мұнда  желілік  бағдарламалау,  уақытша  қатарлардың 
статистикалық талдауы, кемелдік талдау рәсімдері  және т.б. кіреді. 


153 
 
 
Үлгілік блоктар, үлгілер мен рәсімдер жалғыз, сол сияқты үлгілерді 
құру және қолдау үшін  кешенді қолданылуы мүмкін. 
 Үлгілер базасын басқару жүйесі келесі мүмкіндіктерге ие болуы 
қажет: 
— 
жаңа үлгілерді құру немесе қолда барды өзгерту; 
— 
үлгілер параметрлерін қолдау және жаңарту; 
— 
үлгілермен айла-шарғы жасау. 
Ақпараттық 
жүйелерде 
үлгілерді 
қолданустатистикалық 
әдістерді және әдеттегі алгоритмдік тілдер командаралымен жүзеге 
асырылатын  қаржылық  талдау  әдістерімен  қолдану  арқылы 
басталды.  Кейін  «не  болады,  егер?»  немесе  «ол  үшін  қалай  істеу 
керек»  секілді  жағдайларды  үлгілеуге  мүмкіндік  беретін  арнайы 
тілдер  құрылды.  Үлгілерді  құру  үшін  арнайы  жасалған  бұл  тілдер, 
айнымалының  икемді  өзгеруі  кезінде  шешім  табуды  қамтамасыз 
ететін белгілі  типтегі үлгілерді құруға мүмкіндік береді 
Көптеген  үлгілер  мен  оларды  сыныптау  тәсілдері  бар,  мысалы, 
қолдану  мақсатына,  ықтимал  қосымша  саласы,  айнымалыны 
бағалау тәсілдеріне  қарай және т.б. 
Қолдану мақсатына қарай: 
— 
кейбір  көрсеткіштердің  минимумы мен максимумын табумен 
байланысты  оңтайландырылған  үлгілер  (мысалы,  басқарушылар, 
іөбінесе  олардың  қандай  әрекеттері  барынша  көп  пайда  әкелуге 
немесе шығын дарды азайтуға әкелетіндігін  білгісі  келеді); 
— 
кейбір  жүйелердің  тәртібін  сипаттайтын  және  басқару 
мақсаттарына арналған сипаттау әдістері (оңтайландыру). 
Бағалау тәсіліне қарай: 
— 
бастапқы деректердің нақты мәндерінде бір санмен айнымалы 
бағасын қолданатын детерминисттік әдістер; 
— 
айнымалыны 
бірнее 
парметрлермен 
бағалайтын 
стохастикалық  үлгілер,  себебі  бастапқы  деректер  ықтимал 
сипаттармалармен берілген. 
Детерминисттік  үлгілер,  стохастикалық  үлгілерге  қарағанда 
анағұрлым танымал, — олар өте қымбат емес, оларды құруға және 
қолдануға  болады.  Оған  қоса,  олар  арқылы  шешімдер  қабылдау 
үшін біршама жеткілікті  ақпарат алуға болады. 
Ықтимал қосымшалар саласында бойынша: 
— 
тек  бір  жүйемен  қолдануға  арналған  мамандандырылған 
үлгілер; 
— 
әртүрлі жүйелепрмен қолдану үшін арналған әмбебап үлгілер. 
Мамандандырылған  үлгілер,  әмбебап  үлгілрге  қарағанда, 
анағұрлым  қымбат.  Оларды,  әдетте  бірегей  жүйелерді  сипаттау 


154 
 
үшін қолданады және олар үлкен дәлдікке ие. 
 ШҚҚЖ  міндеттеріне  мақсаттар  мен  шектеулерді  құрудағы 
қиындықтар  тән.  ШҚТ  иелігінде  бар  ақпараттар,  көбінесе  толық 
емес, анық емес әрі қарама-қайшы болады, сондықтан да жоспарлау 
міндеттерін  әртүрлі  статистикалық  талдау  әдістері,  сараптау 
жүйелері,  математикалық  және  еліктемелік  үлгілеу  арқылы 
шешіледі.  Бәлкім  тағы  да  деректерді  зияткерлік  талдау  әдістерін 
қолдану  (жасанды  нейрон  желіліері,  нақты  емес  логика  әдістері, 
деркетерде логикалық ережелерді іздеу жүйесі және т.б.)  
ШҚҚЖ,  әдетте  диалогтік  адами-машиналық  жүйелер  түрінде 
жүзеге  асырылаы.  Олар  үшін,  өз  мақсаттары  және  шектеулерімен 
міндеттерді  шешу  барысында  өзгеретін  ШҚТ  жоғары  белсенділігі 
тән.    ШҚҚЖ  құру  кезінде    Web-  технологияларды  қолдануға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет