Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет81/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121
Өндіріс  бағдарламасы  жоспарланған  кезең  ішінде  дайын 


156 
 
өнімдердің  қажетті  топтамасын  өндіру  үшін  уақытты  бөлудің 
оңтайландырылған  кестесін білдіреді. 
Соңғы  өнім (бұйым)  сипаттамасы— белгілі көлемдегі дайын 
өнімді (бұйым) өндіру үшін қажетті материалдар мен оладың саны. 
Бұл жерде дайын өнімді жинау технологиясы туралы толық ақпарат 
бар.  Өнімдерді  шығару  жоспары,  өнім  сипаттамасы  және 
технологиялық  тізбек  ерекшеліктері  негізінде,  нақты  мерзімге 
байлаулы материалдармен өндіріс қажеттіліктері есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.6-сурет.  Өндірістің    кіріс  элементтері  және  MRP-жүйесінің  жұмыс 
нәтижелері. 
 
 
MRP-жүйесінің  негізгі  жұмыс  нәтижелері  тапсырыс  жоспары 
және оған енгізілген  өзгерістер болып табылады. 
Тапсырыс  жоспары,  жосарланған  мерзімде,  қарастырылатын 
уақыт  кезеңінде,  қандай  материал,  және  қандай  мөлшерде  
тапсырылатындығын анықтайды.  
Бас  тапсырыс жоспары  жеткізушімен бұдан әрі жұмыс істеу 
үшін арналған басшылы болып табылады. 
Тапсырыстар жоспарына қатысты өзгерістер — бұдан бұрын 
жоспарланған  тапсырыстарды    (кейінге  қалдыру,  өзгерту,  басқа 
кезеңге ауыстыру) түрлендіру. 
Бұдан  басқа,    MRP-жүйесі  ағымдағы  істің  жай-күйіне    талдау 
жүргізу    және  бұдан  әрі  қызметін болжау үшін бір қатар есептерді 
құрады. 


157 
 
 
Орындау  есебі,  жүйедегі  қателіктер  туралы  және  жоспарлау 
кезінде  (мысалы,  қандай  да  бір  жеке  материалға  сақтандыру 
қорының  болмауы  туралы  ақпарат)  туындаған  дағдарысты 
жағдайлар туралы хабарлайды. 
Жоспарлаудың  тар  орындары  туралы  есеп,  ерекше  назар 
аударуды талап ететін және басқару шешімдеріне (тапсырыстардың 
күтпеген  жерден  кешіктірілуі,  қоймада  материалдардың  артылуы 
және  т.б.)  қажеттілік  туындауы  мүмкін, мерзімдер туралы ақпарат 
алу үшін арналған. 
Болжам 
— 
өндірістік 
үдерісті 
талдау 
нәтижесінде, 
шығарылатын  өнім  көлемі  мен  сипаттамасының  ықтимал  болшақ 
өзгерісі туралы алынған ақпарат. 
MRP-әдістемелер  базасында жүзеге асырылған бағдарламалық 
жүйелер,  өнімдерді  өндіру  үшін  материалдардың  жеткізілуін 
оңтайлы  реттеуге,  қойма  қорларын  бақылауға  және  өндіріс 
технологиясының  өзін  бақылауға  мүмкіндік  берді.  Бұдан  басқа, 
MRP-жүйелерін  қолдану  тұрақиы  қойма  қорлар  көлемін  азайтуға 
мүмкіндік берді. 
Жоспарлау тиімділігін арттыру мақсатында, 1970-шы жалдардың 
аяғында 
МRP-жүйелерінде 
тұйық 
кезеңді 
loosedLoopMaterialRequirmentPlanning) 
қайта 
қалпына  келтіру 
идеясы  жүзеге  асырылды.  Идея,  жоспарлау  кезінде  қосымша 
қызметтерді  енгізу  арқылы  анағұрлым  кең  ауқымды  спектрді 
қарастыруға негізделді. Цех деңгейінде өндірістік бағдарламаларды 
құру және оны бақылау көзделді. Өндірістік қуатты жоспарлау және 
материалдармен қажеттіліктерді жоспарлаудың негізгі қызметтеріне 
қосымша 
қызметтер 
(мысалы, 
өндірістік 
өнім 
санының 
толықтыратыдарды  жинау  барысында  қолданылған  санына 
сәйкестігін  бақылау,  тапсырыстардың  бөгелуі  туралы,  өнімдер 
көлемі  және  оларды  сату  қарқыны  туралы,  жеткізушілер  туралы 
күнделікті есептілікті құру және т.б.). Жұмыс барысында құрылған 
түрлендірілген  MRP-есептер  жүйесі,  бұдан  әргі  жоспарлау 
кезеңінде, қажет болғанда өндіріс  бағдарламасын және тапсырыстар 
жоспарын өзгерте отырып талданды және есепке алынды, осылайша 
сұраныс  деңгейі,  толықтырушы  жиынтықтаушы  жеткізушілерде 
істің  ағымдағы  жай-күйі  секілді  сыртқы  факторларға  қатысты 
икемді жоспарлауды қамтамасыз етеді және т.б. 
MRP-жүйелер,  нақты  түрде  жай  ғана,  бекітілген  өндірістік 
бағдарлама  негізінде    белгілі  кезеңде  тапсырыстар  жоспарын 
құрдыү  бұл  күрделенген  өндіріс  қажеттіліктерін  қанағаттандыра 
алмады.  Біртіндеп,  материалдық  ресурстарды  басқарудағы 
жинақталған  тәжірибенің  басқа  ресурс  түрлерімен  –өндірістік 


158 
 
ресурстармен байланысты міндеттерді шешуге ауысатындығы анық 
бола түсті. Нәтижесінде  CRP тұжырымдамасы пайда болды, онда  
MRP әдістері өндірістік  қуатты басқаруға ауыстырылды. 
Экономикалық  ақпараттық  жүйелерде,  CRP әдістемесін жүзеге 
асырудың негізгі  кезеңдерін келесідей түрде ұсынуға болады. 
1. 
Жоспарланған  кезең  ішінде  өндірістің  әрбір  нақты  кезеңдерін 
өңдеу үшін өндірістік  қуатты бөлу жоспары әзірленеді. 
2. 
Өндірістік  рәсімдердің  тізбектілігінің  технологиялық  жоспары 
анықталады  және  өндірістің  байқау  бағдарламасына  сәйкес 
жосрпарлау  мерзімінде  әрбір  өндірістік  бірлікті  жүктеу  дәрежесі 
анықталады. 
3. 
Гер,  өндіріс  бағдарламасының  CRP-әдістемесінің  жұмыс 
кезеңінен кейін, шынайы жүзеге асырған деп танылса, онда ол МRP-
жүйесінің  негізі  болып  саналады,  олай  болмаған  жағдайда,  оған 
өзгерістер енгізіледі, және CRP-әдістемесі арқылы қайта тестілеуге 
ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет