Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйелеріне



Pdf көрінісі
бет80/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   121
5.5. 
Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйелеріне 
шолу 
5.5.1. 
Материал  (Material Requirements Planning, MRP)  
және  қуатпен (Capacity Requirements Planning, CRP) 
қажеттіліктерді жоспарлау 
 
MRP-жүйелер  —  заманауи  БКАЖ  тікелей  ізбасарлары.  Осы 
әдістеменің  пайда  болуымен,  заманауи  экономикалық  копоративтік 
жүйелердің  пайда  болуы  туралы  айтуға  болады  деп  есептеледі. 
Кәсіпорынның  қызметін  жоспарлау  үшін  есептеу  техникасының 
құралдарын  қолдану  мүмкіндігі  туралы  алғашқы  ойлар  (соның 
ішінде, өндірістік үдерістерді жоспарлау)  1960-жылдардың басында 
пайда  болды.  Онда  қажеттіліктерді  жоспарлау  әдістемесі  —  MRP 
материалдарында  әзірленді.  MRP  тұжырымдасының  маңызы, 
қоймалар  мен  өндірістің  әртүрлі  телімдеріндегі  қорлармен 
байланысты  шығындарды  төмендетуден  тұрады.    MRP  әдісі, 
өндірістің  жоспарына  сәйкес  талап  етілетін  соңғы  өнімдердің 
компоненттерін  соңғы  бұйымдарды  әзірлеу үшін талап етілетін дәл 
сол көлемде және мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Шынында,    MRP  әдістемесі  —  бұл  екі  белгілі  қағидат  JIT 
(JustInTime—  «дер  кезінде  тапсырыс  беру»)  және  KanBan  («дер 
кезінде  жасап  шығару»)  жүзеге  асыру.  JIT—  өндірісте 
материалдарды  басқару  жүйесі,  онда  өндірістң  өткен  кезеңінде 


155 
 
 
толықтырушы немесе сыртқы жеткізушіден, олар талап етілген дәл 
сол мезетте, бірақ ерте емес жеткізіледі. Толықтыратын топтамасы 
мүмкін  болғанша  аз  (бұл  орындау  уақыты  мен  жеткізу  кезеңінің 
тұрақтылығына  байланысты).    JIT  жүйесі  өндірістің  сериялық  типі 
бар 
орташа 
ауқымдағы 
өндірістерде, 
материалдар 
мен 
жиынтықтаушылардың  үздіксіз  ағынымен  және  стандартты 
өнімдерді өңдіруде жоғары жылдамдықпен  жұмыс істейді. 
Аталған  жағдайда  жоспарлау  және  бақылау  рәсімдері  біршама 
дәрежеде 
стандартталған 
және 
қарапайым. 
Ірі 
жоғары 
технологиялық  кәсіпорындарда,  өндірістік  үдерістерді  жоспарлау 
мен  бақылау  рәсімдері  күрделі  болып  саналады,  JIT  мүлде 
қолданылмайды. 
MRP  тұжырымдамасы  MRP-жүйелері  деп  аталатын  құрылым 
негізінде  жатыр.    MRP-жүйесі,  қоймада  бар  материалдар  туралы 
кіріс деректерін ала отырып және олардың қасиеттері тіралы «біле» 
отырып,  дәл  сол  соңғы  өнімді  өндіру  үшін  талап  етілетін,  сонымен 
бірге  өндірістік  кезеңді  уақытша  кезеңмен  сәйкестендіруге 
мүмкіндігі  бола  тұрып,  менеждердің  қолына,  өндіріс  үдерісін 
оңтайлы  жоспарлауға  (сатып  алу  мен  өндіріс  мерзіміне  қатысты) 
мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады. 
MRP-бағдарламалар,  жаңа  жеткізілімдерге  тапсырыс  туралы 
шешімдерді  жасап  шығару  үдерістерін  оңтайландыру  үшін, 
материалдар  қозғалысын  қадағалайды,  тапсырыстарды  автоматты 
түрде реттей отырып, (оны енгізуде жаңа талаптарды рәсімдеу үшін 
талап 
етілетін, 
барлық 
ақпараттар 
бар). 
Нәтижесінде 
жеткізушілермен  тапсырыстарды  ғаламдық  жоспары  жасалады, 
онда  қашан және кімнен тапсырыс жасауға болатындығы жазылуы 
қажет. 
MRP-жүйесі жұмысының логикасын диаграмма арқылы ұсынуға 
болады (5.6-сурет). Диаграммада MRP-жүйесінің негізгі ақпараттық 
элементтері бейнеленген. 
Материалдар жағдайы сипаттамасында, бұйымдарды өндіру 
үшін  қажетті  барлық  материалдар  туралы  толық  ақпарат 
көрсетілген,  —  қоймадағы  аталған  материалдар  қалдығы,  оның 
басқа  мақсаттар  үшін  кейінге  сақталғандығы  туралы  ақпарат,  ол 
тапсырыста  бар  ма  немесе  оған  тапсырыстар  енді  ғана 
жоспарлануда,  жетікізілімдердің  жүйелілігі.  Өндіріс  үдерісін  қолдау 
үшін,  оны  жеткізуде  күтпеген  бөгеттер  туындаған  жағдайда, 
материалдарды  сақтандыру  қорларының  қажеттілігін  есепке  алған 
жөн.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет