Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет19/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

заттану
мен 
затсыздану
- қоғамдасудың алғышарттары- 
н ы ң бірі. Д әлірек айтсақ, соны мүмкін ететін ж әне қоғамдасуды іске 
асырып отыратын процестер. Ол арқылы эр адам өзіндегі басқалар 
үшін де мағыналы нәрсені жария етеді, оған өзінен тыс бөгде фор- 
маға енген болмыс береді. О ның ол мағынасын басқа адамдар игеріп 
иемдеге алады, сол мағыналықты өз бойына сіңіріп, өзіндік ете ала­
ды. С оны ң арқасында әр адамдағы басқалар үшін мағыналы нәрсе 
жекеліктен қоғамдыққа, қоғамдасқан болмыстың бір күрамды бөлігіне 
айналады. О ны ң үстіне егер ол мағыналы нәрсе айры қш а түрақты 
мәнге ие бола алса, басқалардың да ықпалына үшырап, қайта жаңғыр- 
тылып, өңделіп отыратындықтан, алғаш қы ж алқы лы қ белгілерінен 
адаланып, ж алпы лы қ сипатқа ие болады. Бірақ, барлық өзгерістер 
жалқылықтан бастау алады.
Адам мен адамның арасындағы қоғамды қ қатынастардың ішкі 
сыры осында. Дүниеге келгенде өзіне лайықталған дайын болмысты 
таппайтын жандар ғана қоғамды қ қатынастар орнатып, қоғамдасады. 
Себебі, жануарлар табындарында бір жануар екінші жануардың қабілет 
мүмкіндігін тікелей игеріп, бойына сіңіре алмайды, қатар тіршілік 
етуші жануарлар арасында ондай сан алуан мағыналар әрқайсы сы нда 
дербес туындап, олар өз ара бірін-бірі байытып, алмасып жата ал­
м айды . С о н д ы қтан б и о л о ги ял ы қ түрдің дам уы н да тәж ір и б е бір 
үрпактан еқінш і үрпаққа тек түқым қуалау жолымен берілуі мүмкін. 
Ол тәжірибеге өзінің организмдік тәнінен бөлек, бөгде форма бе- 
рудің оларда тіпті ныш аны да жоқ. Кейбір жануарлардың жасайтын 
үялары, індері сияқты нәтижелері басқалармен қатынас жасаудың 
ж олдары емес, қоғамдасуды ң қүралы ем ес, он ы ң тек тірш іліктік 
маңызы бар. Олар әрбір жеке жануардың баска жануарларға бағыш- 
талған катынасы емес. Ал бір уакыттағы замандас адамдардың бірінің 
қолы жеткен бүкіл субъектілік болмысы, дүниеге біршама жаңа түрлі 
қатынасы, оны ң дүниені басқа түрде көріп, үғынып, басқаш а сезінуі 
басқаларына сонш алықгы эсер етіп, олардың бүкіл болмыс тіршілігінің 
өзгеруіне себепті болып жатады. М ысалы, А .С.П уш кин мен Абай, 
әрқайсы сы дүниені жаңаш а түсіну ғана емес, басқаша түсінудің де өз 
замандастары үшін бастамасы болды.
Заттану ж әне затсыздану адамдарды үрпақтары мен үрпақтары- 
н ы ң , зам ан мен зам ан н ы ң ж елісі үзілмей ж алғасуы ны ң, бірінен 
екіншісінің рухани нәр алып отыруының жолы. Адамзаттың үрпақтары 
ғана емес, әр замандағы жеке түлғалардың да бір-бірімен тілдесіп, 
үндесіп, тіпті сырласып отыруының кепілі. Абайдың өз замандаста-
37


ры ны ң көбісімен түсіністік таба алмай, әлі жоқ, бірақ келетін ұрпақтың 
адамдарына үміт артып, соларға мұңын шағатыны осындай сабақта- 
стықтың болу мүмкіндігінен. Қазіргі біздер сол үміттерді ш ы н мәнінде 
ақтай алдық па екен? Бүл әркім нің өзі туралы ойланаты н мәселесі. 
Сол арқылы әрқайсы мы з қазір өткеннің жалпыланған нәтижелерімен 
ғана емес, П латонны ң да, Аристотельдің де, Абайдың да әрқайсымен 
жеке түлға ретінде сүхбаттасамыз. Қ үрғақ ж алпы лы қ түлғаның жа- 
ны н қозғамауы мүмкін, ал жеке түлғаның ж ан толқынысы көбінесе 
немқүрайды қалдырмайды. Осылар туралы айта келіп, М аркс өзінің 
алғаш қы е ң б е к те р ін ің бірінде: б асқ ал ар д ы ң сезім д ері м ен ж ан
күйзелістері, м енің сезімдерім мен ж ан күйзелістеріме айналады - 
деген.
Осыған сай адамның да дүниеде болу-болмауы өмір мен өлімнің 
өзіне де өзгеше м ән береді. Адам үшін өмір мен өлім тікелей тәннің 
тірілігі м ен өлуім ен ш ектелм ейді. Ж ануарлар үш ін болу тән н ің
тіршілігімен барабар. Ал егер ол тірілік өз ш еңберінен шыға алатын 
болса, ж аңа басқа, тірілік яғни өз түқымы, өз төлі арқылы жалғасады. 
Адам өмірі өз тәнінің тірілігінен ш ексіз ауқымды. М әрт жанды адам 
бүкіл әлем нің өмірімен омір сүреді дегенбіз. С оны мен қатар ол өмірін 
тек құлқы нны ң қүлы болуға дейін тарылта алады. Олай болса өмірдің 
де, өлімнің де мәнділігі адамдар үшін әртүрлі. Онда универсалдык 
шексіздік те, жер қүртының тірілігіндей соқьірлы қ та бар. Екі мы ң 
жылдан астам бүрын болған П латон бізбен 'әлі сүхбаттасады, біреу- 
лерді иландырып, ал екінш і біреулерді ымыраға келмейтін қарсылас- 
тары етеді. Оны мен бір тірі адамдай қатынас жасауға тура келеді. Ал 
бүл тірілік емес пе? Ж ақсы болсын, жаман болсын ол біздің тағды- 
рымызға әлі де белгілі әсерін тигізіп келе жатқан ж о қ па? Адамның 
барлық болмысы оны ң тірі тәнім ен бізге ж оқ болатын болса, осылай 
болар ма еді? Я ғни адам тәнінің өлімімен бірге өлмеуі де мүмкін. Сол 
сияқты адамдық өлім тән н ің олімінен бүрын келуі де ықгимал. Т ән 
әлі тірі, бірақ адам жоқ. Бүл да өмірде кездеседі. Өзінің адамдық 
болмысын жасауға жетпеген, өз ы рқы на өзі ие бола алмаған немесе 
соған қабілетінен айырылған адамның тірілігі оның өзіне емес, қоғамға 
трагедия. Оған жасалатын қам қорлы к адамның адамдық болмысты 
қадірлеуінің белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет