Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет29/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

§ 2

Ойлау және оның органы
Ойлаудың шын табиғатын түсінуде оның камтамасыз ететін фи- 
зиологиялық органға қатынасын да қарап откен жон. Ол жалпы адам 
табигатының оның дене күрылымына қатынасына байланысты, соның
5 - 3 6 1
65


белгілі бір жағы. Ғылым мен философияның тарихында адамды және 
оның ойлауын физиологиялық органның, әсіресе мидың табиғаты- 
мен түсіндіру үлкен орын алған. Ғылымнан алыс адамдардың қара- 
пайым үғымдарында да осылай түсіну берік орын алған. Аракідік оны 
басқа физиологиялық органдармен байланыстыру да болды. Оның 
мазмүны неде? Ондай көзқарастың негізгі мазмүны: әртүрлі адамдар- 
дың ойлауындағы негізгі айырмашылықгар, олардың әртүрлі ойлай- 
тындықтары, мысалы, қарама-қарсы көзқарастарды, моральдық-адам- 
гершілікпринциптерді, эстетикалық талғамдарды т. б. үстануы, әртүрлі 
өмірлікжолды таңдауы, еркіндікке, немесе қүлшылыққа, жақсылыққа 
немесе жамандыққа бейімділігі әркімнің биологиялық, организмдік 
жаратылысына тәуелді деп түсіну. Әртүрлі кәсіптерге, қызметтерге 
бейімділіктің де табиғаты сондай.
Осыған дейінгі адам туралы, оның еркіндігі, субъектілігі хақын- 
да айтқанымыздың бәрі де осындай көзқарастан туа алмас еді. Оның 
себебі түсінікті. Адамның ойлауы әркімнің биологиялық, физиоло- 
гиялық органының ерекшелігімен ғана байланысты болса, онда адам 
алдын ала анықталып қойылған нэрсе. Онда еркіндіктің болуы мүмкін 
емес. Ол озінің қандай болуын озі қалай алмайды. Оның хайуанат- 
тардан айырмасы шамалы. Еркіндік жоқ болса, жауапкершілік те жоқ, 
қоғамдық қатынастар, адамгершілік принциптері, адамдардың ырқын- 
сыз-ақ автоматты түрде іске асуы тиіс. Ягаи мәселені бүл жағынан 
біз бүрын талдағанбыз. Сондықтан, бүл түрғьщан бүдан әрі ой жалғас- 
тырмаймыз.
Мәселенің бүрын айтылмаған бір жағы: ойлаудың мазмүны өзінің 
органы-миды - бейнелемейтіндігінде. Ми, жалпы әр адамның орга- 
низмдік тәні ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау - олардың функция- 
сы, қызметі. Осы түрғыдан ғана немесе осы мағынада ғана ойлаумен 
оның физиологиялық органы ажырамас байланыста. Адамның жал­
пы тәнінің бітімі, қүрылымы, соның ішінде адам миының да бітімдік 
ерекшелігі дүниеге адамдық қатынастың қалыптасу тарихында эво- 
люциясында өзгеріп, қалыптасқан.
Әрине ойлаудың өткірлігі, шапшандығы, үтымдылығы немесе 
терендігі т.т. қасиеттері, оны іске асыратын мидағы физиологиялық 
процестің де сапасына байланысты делік. Өйткені ол процестің де 
сапасы әртүрлі болуы хақ. Мида туа бітті кемістіктің, түқымынан 
дарыған дерттердің де кездесетіні мәлім. Егер бүларды қоспай тек 
медицина түрғысынан cay организмдегі (органдық) қалыпты процес- 
терді ғана ескерсек, соның озінде де темпераменттік өзгешеліктер 
болады. Бірақ олар адамдардың ойлауына негізінде тек сыртқы ерек- 
шеліктер беретін озгешіліктер. Олар әртүрлі темпераментті адамдар 
ойлауының жалпы нәтижелерін мазмүн жағынан әртүрлі ете алмай-
66


ды. Мысалы, Демокрит пен Платонның дүниеге көзқарастарының 
қарама-қарсы болғандығы олардың миларының қүрылымының қара- 
ма-қарсы болғандығынан дей алар ма едік? Ол тым жадағай пікір. 
Егер олай болса адам ойлауында өзінен тыс дүниені бейнелемейді, 
тек мидың организмнің өзінің ішкі қалпын ғана білдірген болады. 
Жануарларда негізінен солай. Жануарлар организмінен тыс дүниенің 
мазмүнын меңгеріп, олардың ішкі озіндік мәніне бойламайды. Со­
нымен бірге әр адамның ойлау ерекшелігі оның мыйының ерек- 
шелігіне ғана тәуелді болса, - ал мидың қүрылысын адам өзгерте 
алмайды - онда бір адамның өмір жолында кейде болып жататын 
күрт өзгерістердің дүниеге бір қатынастан екінші, бүрынғыға қарама- 
карсы катынастарға ауысуын қалай түсіндіруге болар еді? Ондай кез­
де ол адамның бүтін жан-дүниесі қайта түзеледі ғой. Ол тіпті басқа 
максаттарға, басқа мүраттарға бет бүрмай ма? Ойлау бүрын да айтқан- 
дай организмнің ішкі күйін білдіретін процесс қана болса, адам сыртқы 
дүниені де, өзін де өзгерте алмас еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет