тасатын нәрсе табиғатынан нашар нәрсе. Сондықтан да игілікті тек
болмыспен байланыстырған жөн.
Гегель ғылымның (логиканың) бастамасын болмыстан көретінін
айттық. Тікелей, тек өзіне өзі катысты, әлі ешбір айқындықсыз таза
болмыс таза ештеңемен бірдей дедік. Себебі ол болмыс - болмыс
туралы абстракция. Бар екендігінен басқа белгілерден жұрдай, жа-
лаңаш болмыс. Ол туралы болмыс деуден басқа ешнәрсе айта алмай-
сың. Бірақ ештеңе де сол сияқты ғой. Егер мазмүннан жүрдай бол
мыс ештеңемен тең болса, ештеңенің де болмыспен бірдей болғаны.
Себебі ол ондай болудың екінші келбеті. Ол да алаңсыз жок емес,
жоктың қасы. Абстракциялык болмыс екі белгінің, екі айқындықтың
бірлігі - бар мен жоқтың. Бүлдыр барлык пен бүлдыр жоқтык бір
нәрсе екен. Осыдан келіп таза болмыстың өзіне өзі ішкі тепе-
теңсіздігінің алғашкы нышаны коріне бастайды. Себебі, егер бүкіл
әлемнің, өмірдің бастамасы озінен озі, ішкі өз себебінен қозғала ал-
маса, оның сол қалпынан басқаға,өзінің басқа қалпына, формасына
ауысуы мүмкін емес. Оған сырттан козғау салатын ешнорсе жоқ. Ба
стама - абсолюттік бастама. Қозғалыстың шығар көзі соның өзінде
болуға тиіс. Олардың тепе-тендігі - барлық пен жоқтық, болмыс пен
ештеңе бір-бірінде жоғалып жатады. Ал тепе-теңсіздігі - олар соның
өзінде алаңсыз жоғалып кете алмайтын екі түрлі және қарама-қарсы
айкындықтар. Гегельше әрбір бар нәрсенің жоқтығы оның өз ішінде,
оның ішкі шектелгендігінде. Барлықты жоқхық шектейді және
керісінше. Осы ішкі тепе-теңсіздік таза болмыста ішкі тынышсыз-
дық туғызудың негізі, оның келесі формаларға отуінің бастамасы.
Осы тепе-тенсіздік туғызатын айқындықтардың біріне бірі өтуінің
әрі жоғалуының көріну формасы Гегельше -
Достарыңызбен бөлісу: