бойынша біз, мысалы, барлық алған әсерлерімізді тек кеңістікте және
уақыттық шеңберде қабылдаймыз. Кант алғаш ойлаудың бұл форма-
ларының белсенді, жасампаздық сипатын ашты. Бірақ олардың прак-
тикалық шығу тегін түсіне алмады.
Философия тарихында категорияларды кең ауқымда, даму жолы
түрғысынан алып қараған неміс классикалык философиясының ең
шоқтығы биіктүлғасы - Гегель болды. Гегель категорияларды әлемдік
рухтың озін озі жасау жолындағы дамуының негізгі баспалдақтары
немесе деңгейлері деп түсінді. Гегельше: рух және оның формалары
материалдық дүниенің бейнесі емес, керісінше, материалдық дүние,
оның формалары рухтың тарихи өткен формаларының іске асқан
түрлері, сырттай материалдық формага енуі. Материалдық дүние, та-
биғат түптеп келгенде әлемдік рухтың дамуының нәтижесі.
Осындай сипатта бола түра Гегель коптеген категориялардың
шын мазмүнын айқьіндауга неғүрлым жақын келді, себебі, ол бүкіл
адамзаттық рухани мәдениеттің даму тарихына сүйенді,
соның
арқасында даму идеясын өрбіте алды.
Бірақ Аристотель де, Кант та, Гегель де категорияларды таным-
дық проблеманың шеңберінде гана қарағандар. Сол шеңберде олар,
әрине, үлкен үлес қосты. Бірақ, философияда танымдық үрдістің ба
сым дәуірінде, соның ішінде кеңестік тік философияда категориялар
адамның жеке түлгалық ерекшелігіне селқос, бейтарап мазмүн ретінде
каралатын. Олар адамның өзіндегі, өз ойлауының ішіндегі, бірак оны
то л га н д ы р а ты н н ә р с е л е р ін е н , ү м ты л ы с т а р ы н а н , сү й ін іш -
күйініштерінен аулақ, оларга қатысы жоқ мазмүндай көрінетін. Олай
болса жеке түлғалықты қүруға олардың қатысы жоқ. Егер түлгалық
пішінді, түтастықты бір ыдыспен салыстырсақ, категориялардың
мазмүны оның ішіндегі бір бөгде заттай.
Ш ын мәнінде адамзаттың тарихи дамуында да, әрбір жеке жан-
ның қалыптасу жолында да адамның субъект және түлғалық дербестігі,
олардың ici мен ойлауы объективтік
категориялар байыган сайын
толыса түсіп отырады. Неғүрлым сыртқы дүниенің мазмүнымен каныга
түссек - жеке адамдык тәуелсіздігің де жогары. Бүл, бірақ, категори-
ялардың білімдік мазмүнына қатысты. Категориялардың негізгі си-
паты олардың дүние туралы білім, не үғым болуында емес, олар -
адамдардың дүниеге қатынасының формалары. Олай болатын болса,
олар ең алдымен мәнділіктің формалары.
Адамдардың дүниеге рухани-практикалық қатынасы әрі ойлау-
ының формалары олардың дүниеге қүндылық қатынасының коріну
формалары, оның сыртқы іс жүзіндегі жан-жақты өрбіген және жіктел-
гендігі, оның әртүрлі қырлары. Бүл, бірақ, категориялардың түпкі
мәндік сыры. Категориялар адам ойлауында сыртқы дүниеден - мы-
123
салы себеп - салдарлық қатынастарды таным арқылы тапқаннан кейін
ғана пайда болмайды. Себеп пен салдарды, кажеттілік пен кездей-
соқтықты т. б. физикалық, химиялық,
биологиялық, әлеуметтік про-
цестерде әуелде андап, сонан кейін ғана соларды қорытындылап ой-
лаудың жалпы формасына айналдырмайды. Олардың сыртқы дүни-
еде де бар екендігін аңғарып, ойлаудың, танымның объектісіне ай-
налдыру кейін болатын нәрсе. Категориялардың қалыптасуы олар-
дың ойлауда бар екенін аңғарудан әлдеқашан бүрын, адамның алғашқы
калыптасу кезеңінде, санадан тыс отетін процесс. Олар әрбір адам-
ның адам ретінде қалыптасуының қажетті жақтары. Сондықтан да
әркімнің ойлауында категориялардың аны қ көрінуі - оның адам
ретінде қаншалықты деңгейде тұрғандығының да біршама көрсеткіші.
Басқаша айтсақ ойлаудың мазмүндылық деңгейі - сол адамның әле-
уметтік “салмағының” негізі,
яғни ол
сон
да ғана басқалардың ескер-
меуге болмайтын объективтік дербес бір күшке айналғандығының
белгісі. Сыртқы дүниенің мазмүны категорияларда көрінісін тапқан,
бірақ тек сыртқы, бөгделік түрінде емес, керісінше, ол - мазмүны
адамның дүниеге қатынасының формалары түрінде қайта жасалған,
адамның дүниеде болуының әрі формалары, әрі көріністері. Сон-
дыктан да әрбір жеке адамды олар озгеше, жалқылык пішінінде де
корсете алады. Олар сырткы бір мазмүнды игерудің ғана жолдары
емес (бүл, әрине, оларда бар қасиет). Олардың негізгі табиғаты - өз
дүниесін, озінің адамдық әлемін жасаудың жолдары екендігінде.
Гегель философиясында және кеңестік философияда айырыкша
орын алған үрдістегі категориялардын мазмүнын адамдық болмыс-
тан неғүрлым аулақ нәрседей корсету
ойлаудағы жаггану логикасы-
ның нәтижесі. Ол логика бойынша категориялар адамдардың ойлау
ында сыртқы дүниеде мән мен қүбылысты, себеп пен салдарды,
қажеттілік пен кездейсоқгықты, кеңістік пен уақыттық формаларды
т. т. андаудың нәтижесі. Ол логика бойынша адам ойында пайда бо-
латынның бәріде сыртқы дүниенің ықпалының жемісі, тек соларды
бейнелеуден шығады. Осы аулақтық категориялардың шын табиғатын
бүркемелеп, олардың селқостық, субстраттық жағын алға шыгарады.
Бүл формалардың да оңі теріс айналады. Адамның дүниеге талгау-
шылық, белсенді калаушылық катынасы жоғалады. Мүндай өңі ай-
налган түрінде категориялардын жасампаздық белсенділігі корінген
жағдайда да, оның жалаң қолданымдылық, сыртқы қүрал-сайман-
дық, операциялық қьізметі жагынан айтылып жүрді, ал адамның дүни-
еге талгаулық, бағальшық қатынасын кору болмады.
Ө зінің осындай орны на байланы сты
категориялар өзінің
мазмүнына сай жеке түлганы (личность) қүрайтын негізгі үйытқыларга
жатады. Қарапайым санадағы категориялар объективтік заттық, суб-
124
страттық мазмүннан көрі адамгершілік-эстетикалық мағынаға толы.
Себебі, олар физикалық дүниенің сипаттамалары емес, адамдардың
өзара қатынастарын жіктеудің жолдары. Мән мен құбылыс, қажеттілік
пен кездейсоқтық, себеп пен салдар т.б. категориялардың мазмүнында
тікелей айқын түрде, ал көбінесе бүркемеленген күйде адамның әртүрлі
жағдайларға бағалаушылық қатынасы сәулеленіп түрады, ол сол қара-
ма-қарсы түрған нәрселердің біреуін екінш ісінен артық бағалы,
екіншісінің оған қарағанда пәс екендігін көрсетеді.
Қоғамдағы жаттану және соған сай келетін ойлау осы күндылық
қатынастың өзін категориялардан қаншалықты аластаймын десе де,
ол бәрібір жоғалған жоқ. Тек ғылымдык ойдың, оның терминдерінің
жүйесінде ғана осыған біршама қол жетті. Көп жағдайда тек ғылыми
сана мен объектілік ойлауда ғана категориялар адамнан сыртқы бол-
мыстың қасиетіндей қабылданады, ал күнделікті ойлауда,
қарапайым
санада, адамгершілік, көркемөнерлік, діни, т. б. салаларда олардың
мәні жеке тағдырдың қайталанбас бір күйіндей толғаныста өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: