Гегель диалектик болғандықтан
барлыгын да даму жолының
түрғысынан карайды. Оның ойынша ең бастама форма омірде бол
сын, ойлауда болсын ең қарапайым нәрсе. Ол озін күрделі, әртүрлі
нақты белгілері мен айкындықтарын әлі тудырмаған, ішкі айырма-
шьшықтарға жіктеле қоймаған нәрсе. Болмыс туралы ең жалпы үғым
да осындай жалаң. Осы үғымның шеңберінде болмыстың тек бар
екендігінен баска ешнәрсе айта алмаймыз. Ол әлі мазмүнсыз форма.
Қарапайым форма - ешнәрсе арқылы дәнекерленбеген тікелей
барлык. “Оның осы тікелейлік сипаты оны еш сыртқы не одан
бүрынғы бірнәрсенің нәтижесі дегенге мегземейді. Ол өзінен өзі бар.
Өзіне негізделген деуге де болмайды. Ол негізделмеген барлық. Өзіне
өзі негізделген деген соз оның ішкі айырмашылыққа қүрылгандығын
корсетер еді. Ал карапайым барлық әлі
өзімен озі де дәнекерленбе-
ген. Іш кі қарама-қарсы лы қтарға да ажырамаған. Оның барлык
озгешілігі онан арғы озгеріс-қозғалыстарда жаңа мазмүндармен баюға
дайындығы және ашықтығы. Ішкі айырмашылықтарға бөліну сол
ажыратылғандарды бір-бірімен қатыстыру, тендестіру т.б. жақтарын
ашу болар еді, ал бүл онда тікелей барлық емес, дәнекерленген бар
лык болар еді.
Болмыстың барлық мазмүны оның даму жолында
өзінің барлық
формаларын туғызып, барлық мәнділікті іске асырғанда ғана айқын-
далады. Бүл жолды Гегель және одан басқаша теориялык негізде Маркс
та негіздеуге тырыскан. Гегель оны танымның (абсолюттік идеяның
өзін іске асыру арқылы тануы) жолы деп білді. Ал ол жалпы адамдық
б о л м ы сты ң ж олы . О сы н дай ең а б с т р а к ц и я л ы қ , кез кел ген
өзгеш іліктерден, айқындықтардан ада барлық,
ягни жалпы бар
екендігінен басқа айқындыгы жоқ барлық, ол - нақты барлықтардың
бәріне бірдей, олардың накты өзгешеліктеріне селқос. Мысалы Шек-
спирдің Гамлетінің: “Болу ма, әлде болмау ма, мәселе осында!” - деп
басталатын әйгілі монологы (өзімен озі сүхбаты) оның, Гамлеттің,
тірі қалуы немесе өлуі туралы айтып түрган жоқ.
Гамлеттің Король
болган әкесін олтіріп озі король болып алган агасына қандай харекет
жасау керегі, дәлірек айтсақ, соган коніп, мойынсүнып, ягни адам-
дыгынан ажырау ма, немесе одан кек алып өліп,
бірақ адам болып
қалу ма - деп сүрап түр. Гамлет үшін болу - адамдық намыстың,
абыройдың деңгейінде қалу, сол үшін күресу. Тірі қалу, ягни сол
корлыққа көну, өзінің адамдыгын өзі таптау, нагыз өлу,
жоқ болу -
осы. Сол сиякты Абайда “Қалың елім, қазагым, қайран жүртым...”
деген ж әне көптеген басқа оқушылардың оздері жақсы білетін
өлендерінде қазақтың сол кездегі түрлаусыз болмысына күйініп, оны
шын болмысқа жаратпай сынауы нақты бір қүндылыктың болмысы
на шақьірады.
126
Абстракциялық барлық, ягни таза болмыс осы екі түрлі іс-әре-
кеттің барлығы, ол іс-әрекеттің қайсысының шын, қайсысының теріс
екендігіне ол бейтарап, ол тек әйтеуір барлықты,
бір нәрсенің іске
асқандығын білдіреді. Бүл дәрежеде, бүрын айтқандай ақиқат бол
мыс пен жалған болмыстың арасын ажырататын өлшем әлі жоқ. Се-
бебі ескерткеніміздей, абстракциялық болмыстың үғымы, ол - әлі
болмыстың толық үғымы емес.
Өзінің бар екендігінен басқа айқындығы жоқ, нақты мазмүннан
бос форма, яғни мағынадан таза болмыс белгілі дәрежеде жоктықпен
барабар, ол осы жағынан - жоқтық (ничто), немесе басқаша атасак -
Достарыңызбен бөлісу: