Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет88/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

У тарау. МӘННІҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
§ /. Мэн жэне к^былыс
(сущность и явление)
Адамзат практикалық іс-әрекеті арқылы сыртқы табиғи дүни- 
енің де, өзінің әлеуметтік болмысының да саналуан сырларын үзақ 
дамудың нәтижесінде айқындайтынын айттық. Осы дамудың алғашқы 
кезеңдерінде ол әлемнің сыртқы болмысын игереді. Сыртқьі дүние 
оған көбінесе процесс түрінде емес, қалыптасқан заттық формаларда 
көрінеді. Олар іс-әрекетінде негізінде заттарды игереді, өзгертеді, жаңа 
заттар жасайды. Ал қозғалыс, өзгерістердің өзі де тек сыртқы коріну 
формаларында байкалады. Табиғат зандылыктары практиканың бүл 
сатысында көбінесе белгілі бір циклдық, қайталау дәрежесінде пай- 
даланып отырады. Мысалы: Жыл мезгілдері ауысып келіп отыруы 
және соған сәйкес ауа райының ерекшеліктері егіншілік, мал шаруа- 
шылықтарын жүргізуде үлкен роль атқарады.
Бірақ адамдар іс-әрекеттерінің, қызметінің белгілі бір сатысын­
да болмыстың тікелей көзге көрінетін, тікелей озгертіп, тікелей каты- 
наста болып келген кабатының аржағында, әлде кайда теренде жаткан 
баска бір кабаттың бар екендігі ашыла береді. Адамдардың әлеуметтік 
практикасы біршама жетілген кезеңнен бастап-ақ көзалдымыздағы 
дүниенің астарлы дүние екендігін айқындай бастайды. Тіпті адамдар 
мифологиялык ойлаудың өзінде көзге көрініп түрған нәрселердің 
көбінесе оның астарлы мәніне сай келмейтіндігін, тіпті қарама-қар- 
сы пішінде болып түрғандығын байқаған. Олай дейтініміз, мифоло­
гия әрбір жеке затты не жеке адамды өзінің өмір сүруінің бірден-бір 
себебі деп қарамайды, оларды баска бір айрықша қүдретті күштердің 
туындысы деп біледі. Әрине, ол күштерді адам ойы үзак уақыт дүрыс 
түсіндіре алған жоқ, ал көп нәрселерді олі де түсіндіре алмайды. Бірақ 
бүлай ойлау - болмыстың сыртқы жағы мен ішкі астарлы сыры бар 
екенінің, ол екі жағының біріно-бір сай еместігінің адамдарга іс жүзінде 
белгілі болғандығының куәсі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет