Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


Адамдардың жеке бір мүктаж дығын алға шығарып, тек соның



Pdf көрінісі
бет87/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

Адамдардың жеке бір мүктаж дығын алға шығарып, тек соның
шеңберінде дами беру жеке адамды болсын, жалпы түтас бір халыкты
болсын шын мәніндегі даму жолына әкелмейді.
Біздіңше 
жалпы рухани
даму, соның ішкі өзегі - адамгершілік, ізгілік жолындағы даму ғана оны
шын м ә н ін д е гі дам у ет еді.
Себебі, тек ізгілік қана адамдарды 
өзімшілдіктен жалпы адамзаттық ауқымда, онан әрі жалпы әлемдік 
ауқымда үйлесімдікке жетелейді.
Бірак адамзат тарихына көз жіберсек, осы ізгілік күндылық 
ретінде үнемі болып келсе де, бірден-бір даму жолы, бірден-бір үмты- 
латын нәрсеге айнала алған жоқ. Ол әртүрлі жеке мүктаждықтардың
189


көлеңкесінде қала берді. Осылай бұралаңқы дамуда адамзат, ондағы 
әртүрлі халықтар, жеке адамдар бүтін дүниені және өзін құртып жіберу 
қаупі туған шақта жалпы үйлесімдіктің жолдарын іздей бастағандай. 
Осындай ізденісте де олар қателесіп те, сүрініп те жатады. Бірақ, 
соны іздеуден танбаған ләзім.
Сонымен жалпы Әлемде де, адамзат тарихында да негізгі бағыт 
шексіз ілгері даму емес, болтан, бар нәрселерден бүрын ешбір бол- 
маған деңгейлер мен сатыларға, жаңа биіктер, болмыстық форма- 
ларға қарай жүру емес, үйлесімдік (гармония) болуы керек. Даму сол 
үйлесімдікті орнықтыратын, сақтайтын, үнемі қайта жаңғыртып, қайта 
жасаудың жолы. Шексіз жаңа формаларға үмтылу (егер жаңа деп бол- 
мыста бүрын болмаған, тарихта ешбір үлгісі жоқ нәрселерді түсінсек), 
үнемі соған үмсыну адамзатты үнемі үйлесімсіздікке жетелейді, қан- 
дай да болмасын бүрын орныққан қатынастар мен нормаларды осы 
түрғыдан ескі деп қирату дамуға әкелмейді, керісінше адамдардың 
оздері жасаған дүниеде болуының негіздерін жоғалтады. Ол - даму- 
дың адамдардың озіне үстем болып алған абстракциясына, жалаң 
пиғылына айналған түрі. Ондай дамудың түрғысынан дүниедегі нәр- 
сенің бәрі өткінші. Жаңа нәрсе (жаңа қатынастар, үйымдасу, қоғам- 
дасудың формалары, нормалар) қалыптаскан болмыстың қандай да 
болмасын шегінен шығатын болса, оның игілік екендігі, яғни шын 
мәніндегі 
ж аңа
екендігі омірдің үйлесімдігіне алып баратындығымен 
анықталады. Оған алып бармайтын нәрсе.^жаңалық емес. Қазан 
тоңкерісі шын мәнінде адамдар арасындағы да, жалпы адамның дүни- 
еге қатынасында да үйлесімдікке әкеле алмағандығын корсетті. Оның 
шексіз дамуды үран етуі бүрынғының барлығын киратуға үмтылысы 
осыған жетеледі.
Жалпы Әлемді алғанда негізгі болмыстық формалар онда қашанда 
бар деп түсінуге болады. Тек ол формалар, әсіресе оның жоғарғы, 
күрделі формалары бір жерлерде ошіп, жоғалып жатса, екінші бір 
жерлерде үнемі қайта туып, жанданып, даму жолынан өтіп жатуы 
тиіс. Ол шексіз ілгері және жоғары, бүрын тіпті болмаған формаларға 
өтіп жата алмайды. Даму - сол формалардың үнемі қайта тууының, 
қалыптасу, өрлеу жолынан өтуінің жолы, сол арқылы әлемдегі бол- 
мыстар түрлерін саналуандықта жаңартып отыру.
Олай болса адамдар үшін де шексіз өрлей үдемелі дами беру 
күндылық бола алмайды. Үдемелі шексіз ілгерілеп даму - ол үнемі 
қол жеткен нәтижелердің шегінен шыға беру, ол тіпті өмірдің, бол- 
мыстың шегінен шығу болып шығуы хақ. Шексіз орлеудің ішкі логи- 
касы солай. Ол өткеннің барлығын мансүк етеді. Гегель түсіндіруінде 
даму болған, өткен сатылардағы онды мазмүнның бәрін де озімен 
бірге ала жүреді, ол өткеннің жүгінің бәрін арқалайды дейтін түжы-
190


рым 
бар. Гегельдің өзі де жалпы өрлей даму белгілі бір кезенде тоқтай- 
тынын 
айтқан. Яғни ол бүкіл Рухтың белгілі шекке дейін (Пруссия- 
дағы 
конституциялық монархияға дейін, танымда Гегельдің филосо- 
(|)иясына дейін) өрлей дамитындығын айтты.
191




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет