Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 9. Субстанция жэне модус (акциденция)



Pdf көрінісі
бет110/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

§ 9. Субстанция жэне модус (акциденция)
Философиялық ойдың дербес рухани кдлзметке айналуына дейін 
де бүкіл әлемді адаммен бірге бірлікте қарау, қабылдау пайда болған. 
Ертедегі мифологиялық, дәстүрлік дүниеге көзқарастарда да дүниені 
бір-біріне қатысты күбылыстардың түтастығы деп білу басым. Дүни- 
енің бірлігін адамдар, әрине, әртүрлі нәрселерден көреді, бірақ оның 
бірлігі жөнінде байырғы дүниеге көзқарастарда ешқандай күмән жоқ. 
Мүны ежелгі гректердің мифтерінен, түріктердің байырғы Тәңірі - 
Үмай туралы көзқарастарынан көруге болады.
Философия рухани қызметтің дербес саласы болған кездерден 
бастап субстанция оның шүғылданатын негізгі категорияларының бірі 
болып келеді. Субстанция - латын созі. Ең ақырғы жететін жер, түпкі 
негіз деген мағынаға жақын. Дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден 
туындайды - мәселені осы жағынан коретін, сезінетін, ал үғымдық 
дәрежесінде - түсіндіретін форма. Біз әрбір категорияның сезімдік 
дәрежесі болатынын айтқанбыз, ол үнемі есте болған жон.
Антика философиясында ең алғаш субстанция барлық заттар- 
дың негізінде жататын белгілі бір зат деп қаралды. Ол карапайым зат, 
әрі қарай болінбейтін зат. Басқа күрамды заттардыц бәрі солардан 
түрады. Олар туралы бүрын айтылды: су, ауа, апейрон, от, атом деген 
сияқты. Жеке заттар күбылыстар, омірлер откінші, күбылмалы, бірак
232


барлық өзгерістерде де жоғалмай қалатын не, әрқашан не сақталады,
- осыны субстанция деп қарау керек. Яғни антикалық ойдағы суб- 
станцияның мазмүны осыған саяды.
Антикалык, дөуірде тек Платонның субстанцияға көзқарасы 
оқшау тұр. Платон заттар дүниесінің түп негізін олардың озінен ізде- 
ген жоқ. Үстазы Сократтың ойларын жетілдіре келіп, ол бүкіл дүни- 
едегі заттар мен омірлердің жоғалмайтын негіздерін мәңгі идеялар- 
дан корді. Жеке жақсы, игілікті істер мен пиғылдардың түп негізі - 
жақсылык идеясы, әсем заттар мен істердің негізі әсемдік идеясы т.т. 
Ол идеялар адамдардын басында ойлаудан туатын идеялар емес. Оларға 
тәуелсіз дүниенің негізін қүрайтын идеялар. Ең түпкі идея - игілік 
идеясы. Яғни мәңгі бар, жоғалмайтын және озгермейтін идеалдық 
мәндер дүниесі - субстанциялық дүние. Заттар дүниесі солардың 
колеңкесі. Платон дүниені екіге болген жоқ, себебі оның түсінуінде 
заттар дүниесі солардың туындысы, ол дербес екінші бір дүние емес.
Аристотель болса, Платон бар дүниені екі оқшау дүниеге болді 
деп есептеп, идеялар (Аристотельше - формалар) заттардан окшау 
емес, сол заттардың озінде дейді. Ол торт түрлі негізді қарады: мате­
рия, форма, қозғалыстың бастауы, мақсат. Шын мәнінде дүниенің 
бірлігін камтамасыз ететін - форма. Форма - белсенді орекеттік күш, 
ол материяға мән береді. Формалар сатылы жүйені қүрайды, олар- 
дың ең негізгісі - формалардың формасы. Платон да, Аристотель де 
шын мәнінде жаратушы идеясына алып келген. Себебі, дүниені оның 
озімен түсіндірудің амалын таба алмаған.
Дүниені ішкі бірлікте, түтастықта кору - антикалык ойдың ай- 
рыкша озгешілігі еді. Ол ой сол бірліктің неден басталатынын табуға 
біршама күш жүмсады. Орта ғасырларда әлемнің бірлігін оны жара- 
тушының бірлігінен кору үстем болды. Шығыстың дүниеге козқара- 
сында осылай қабьшдау әлі де болса басым.
Бірақ батыс адамының дүниеге қатынасында табиғат күштерін 
тану, пайдалану күшейе берген сайын гылымның коғамдағы орны 
үлғая берді. Жаңа дәуірде ғылыми таным кең оріс алды. Ғылым сала­
сы белгілі бір әлеуметтік институтка айналды. Оның алғашкы саты- 
ларында, бірак, табиғатты эмпирикалық тану, тәжірибеде, танымда 
түтастықты жіктеп болшектеу бағыты алға шыққан. Жеке күбылыс- 
тарды окшау алып, оның озіндік қасиеттері мен белгілерін анықтау 
негізгі деп есептеліп, түтастыктың мәнін бағалау томендейді. Осы 
тарихи кезенде субстанция категориясы кобіне мойындалмаған. Эм- 
пирикалық танымның тәсілдері мен үрдістерін негіздеген XVII ғасыр- 
дағы Д.Локк, Ф.Бэкон т.б. субстанция категориясын адам ойын ада- 
стыратын жалған идеялардың бірі деп қарады. XVII ғасырда, бірак, 
субстанция идеясын жалғастырған Р.Декарт пен Б.Спиноза. Декарт-


тың түсінуінше заттардың арасындағы қатынастар мен адам ойлары- 
ның арасындағы қатынастар соншалықты бірдей, үқсас. Бірақ зат- 
тардың арасындағы шексіз алуан түрлі байланыстарды тап сондай 
етіп корсету үшін адам миында да соншалықты шексіз физиология- 
лык қүрылымдар болуы тиіс, ал ол мүмкін емес. Олай болса, заттар 
дүниесіндегі тортіптермен ойлар дүниесіндегі тәртіптердің бірдейлігін 
біз тек Жаратушының қүдіретімен ғана түсіндіре аламыз дейді, - Де­
карт. Яғни Декарт екі түрлі субстанцияны мойындайды: материя және 
ойлау. Олар бір бірінен туындамайды. Екеуі де дербес. Сонда да бол­
са бір біріне сай. Оларды бір біріне сәйкес ететін қүдай.
Спиноза екі субстанцияның бола алмайтындығын дәлелдеуге ты­
рысты. Субстанция біреу-ақ, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: 
көлемділік немесе кеңістік жэне ойлау. Түтас бір субстанция осы екі 
жақта көрінеді. Ол бірде көлемділікге көрінсе, бірде ойлауда көрінеді, 
немесе екеуінде де көріне алады. Олар субстанцияның жоғалмайтын 
касиеттері, не мәндері. Бүдан баска субстанцияда шексіз түрлі қалып- 
тар бар, оларды ол модустар деп атады.
“Этика...” деп аталатын негізгі еңбегінде Б.Спиноза субстан- 
цияға мынандай анықтама береді: “Субстанция деп мен баска бір 
нәрсе арқьілы емес, тек өзі аркылы өмір сүретін және өзін өзінде 
айқындайтын нәрсені айтамын, яғни ол туралы түсінік басқа нәрсе 
туралы түсінікті кажет етпейді”32. Осынд^й өмір сүруі үшін өзінен 
басқа ешнәрсені қажет етпейтін, болуы үшін өзі өзіне жеткілікті нәр- 
се деп Спиноза табигатты атайды. Ойлау кеңістікпен катар табигатта 
жоғалмайтын оның мәңгі қасиеті. Қүдай Спинозаның айтуынша та- 
биғаттың басқаша атауы. Сонымен табиғат, немесе күдай мәңгі 
олмейтін субстанция, адам соның бір бөлігі.
Классикалык неміс философиясында субстанция іс-әрекеттік си- 
патқа ие болды. Оның негізін салган И.Кант категорияларды ойлау- 
дың формалары деп соның өз шеңберінде гана қарагандықтан және 
соның өзіне гана тон формалар деп білгендіктен нәрселердегі түрақты, 
ошпейтін мазмүн немесе сезімдік қабылдаулардың түтас бірлігі - ол 
субстанция деп біледі. Ягни, ол қабылдаудың түракты формалары, тек 
солар гана біз білетін ойлаудың объектілері. Біздің дүниені сезінуімізде 
өшпейтін бір түрақты мазмүн болмаса, одна ойлау да, гылыми таным 
да мүмкін емес. Олар сонымен қатар білімге кажеттілік сипат береді, 
объект жөнінде жинақталган тәжірибеміздің ішкі бірлігін сақтайды, 
себебі, ол солардың бәрінің бір нәрсе жонінде екендігінің кепілі.
Гегель түңғыш рет субстанцияны оныц тарихи дамуында алып 
қарауга тырысты. Дамудагы субстанция барлық озгерістерде де жогал-
32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет