ры ны ң көбісімен түсіністік таба алмай, әлі жоқ, бірақ келетін ұрпақтың
адамдарына үміт артып, соларға мұңын шағатыны осындай сабақта-
стықтың болу мүмкіндігінен. Қазіргі біздер сол үміттерді ш ы н мәнінде
ақтай алдық па екен? Бүл әркім нің өзі туралы ойланаты н мәселесі.
Сол арқылы әрқайсы мы з қазір өткеннің жалпыланған нәтижелерімен
ғана емес, П латонны ң да, Аристотельдің де, Абайдың да әрқайсымен
жеке түлға ретінде сүхбаттасамыз. Қ үрғақ ж алпы лы қ түлғаның жа-
ны н қозғамауы мүмкін, ал жеке түлғаның
ж ан толқынысы көбінесе
немқүрайды қалдырмайды. Осылар туралы айта келіп, М аркс өзінің
алғаш қы е ң б е к те р ін ің бірінде: б асқ ал ар д ы ң сезім д ері м ен ж ан
күйзелістері, м енің сезімдерім мен ж ан күйзелістеріме айналады -
деген.
Осыған сай адамның да дүниеде болу-болмауы өмір мен өлімнің
өзіне де өзгеше м ән береді. Адам үшін өмір мен өлім тікелей тәннің
тірілігі м ен өлуім ен ш ектелм ейді. Ж ануарлар үш ін
болу тән н ің
тіршілігімен барабар. Ал егер ол тірілік өз ш еңберінен шыға алатын
болса, ж аңа басқа, тірілік яғни өз түқымы, өз төлі арқылы жалғасады.
Адам өмірі өз тәнінің тірілігінен ш ексіз ауқымды. М әрт жанды адам
бүкіл әлем нің өмірімен омір сүреді дегенбіз. С оны мен қатар ол өмірін
тек құлқы нны ң қүлы болуға дейін тарылта алады. Олай болса өмірдің
де, өлімнің де мәнділігі адамдар үшін әртүрлі. Онда универсалдык
шексіздік те, жер қүртының тірілігіндей соқьірлы қ та бар.
Екі мы ң
жылдан астам бүрын болған П латон бізбен 'әлі сүхбаттасады, біреу-
лерді иландырып, ал екінш і біреулерді ымыраға келмейтін қарсылас-
тары етеді. Оны мен бір тірі адамдай қатынас жасауға тура келеді. Ал
бүл тірілік емес пе? Ж ақсы болсын, жаман болсын ол біздің тағды-
рымызға әлі де белгілі әсерін тигізіп келе жатқан ж о қ па? Адамның
барлық болмысы оны ң тірі тәнім ен
бізге ж оқ болатын болса, осылай
болар ма еді? Я ғни адам тәнінің өлімімен бірге өлмеуі де мүмкін. Сол
сияқты адамдық өлім тән н ің олімінен бүрын келуі де ықгимал. Т ән
әлі тірі, бірақ адам жоқ. Бүл да өмірде кездеседі. Өзінің адамдық
болмысын жасауға жетпеген, өз ы рқы на өзі ие бола алмаған немесе
соған қабілетінен айырылған адамның тірілігі оның өзіне емес, қоғамға
трагедия. Оған жасалатын қам қорлы к адамның адамдық болмысты
қадірлеуінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: