Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 3. Категориялар туралы жалпы үғым



Pdf көрінісі
бет47/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
§ 3. Категориялар туралы жалпы үғым.
Әрбір адамның, тіпті ғылым мен философиядан бейхабар адам- 
дардың да, ойлау қызметінде материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, сан 
мен сапа, мән мен қүбылыс, мазмүн мен форма, бүтін мен бөлік, 
қажеттілік пен кездейсоқтың, себеп пен салдар т.б. туралы түсініктері 
мен пайымдаулары бар. Ондай түсініктерсіз ешқандай ойлау мүмкін 
емес.
Әрине, әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген адамдардың ой- 
лауында ол түсініктердің мазмүны мен дәрежесі, жалпы сипаты 
әртүрлі. Алғашқьі қауымдық қоғамдағы адамдардың мифологиялық 
ойлауында да осындай түсініктердің бар екендігін көреміз. Қоғамдық 
дамудың бір деңгейінде түрған әрбір адамдардың ойлауында да мәде- 
ни, әлеуметтік және білім дәрежесіне қарай ол түсініктердің мазмүны 
бірдей емес.
Адамдар ойлауының бүл формалары, әрине, олардан тыс, оларға 
тәуелсіз омірдің де ең жалпы, ең универсалдық жақгарын корсетеді. 
Осындай сыртқы және адамның өз болмысының ең жалпы жақгарын 
немесе айқындықтарын, қырларын көрсететін адам ойлауының фор­
малары 
категориялар
деп аталады. Категориялар ойлаудағы үғымдар 
емес. Олар ойлаудың ең жалпы формалары. Себебі ол категориялар- 
дың мазмүны екінің бірінде үғымдық дорежете жете бермейді, яғни 
оның мазмүны тіпті сезімдік дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ сол дәре- 
женің өзінде де олар сыртқы және ішкі дүние туралы тәжірибенің 
сүрыпталған әрі жіктелген формалары. Соның арқасында олар адам- 
дардың дүниемен қатынасында ненің негізгі, мәнді, қажетті және 
түрақты, ал ненің екінші қатардағы, кездейсоқ және түрақсыз т.т. 
екендігін ажыратып, оның ойлауына, іс-әрекетіне бағыт беріп оты­
ратын жалпы көрсеткіштер. Бүл көрсеткіштер аса қарапайым ғана 
емес, тіпті жалған болуы да мүмкін және көп жағдайда солай болады 
да. Олардың мазмүнының терендігі және 
а қ и қ а т т ы ғ ы
тарихи өзгер- 
мелі нәрсе.
Осындай ерекшеліктеріне орай ойлаудың категориялары ай- 
рықша белсенді формалар, яғни болмыстың жіктелген формалары- 
ның селқос бейнесі емес, тәжірибенің мазмүнын үйымдастырып оты­
ратын жасампаздық формалар. Басқаша айтқанда сырттан алған әсер-
121


лерді селқос қабылдайтын емес, олардың мазмүнын белсенді жіктей 
алатын, негізгі мен болмашы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет