Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет49/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128
§ 4. Болмыс туралы жалпы үғым. 
Болмыс және ештеңе (ничто)
Адамның дүниеге қатынасынын негізінде кандай күндылык жатса 
да, онын бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің 
болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін қүрайды дегенбіз. 
Болу жолдары және саналуан күндылықгар - бәрі де ең алдымен жалпы 
болуға тиіс. Онда болу деген не нәрсе? Бүл сүрақка оньщ барлык форма- 
ларының мазмүнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Ал қазіргі 
айтпағымыз - болмыстың ең жалпы мазмүны. Болудың нақгы, жеке фор- 
маларының бәріне ортакжалпы касиет, ол - болу. Қүндылыкка, мәнділікке 
үмтылу - соларды болдыру, іске асыру. Яғни олардың бәрінің мүраты - 
барлық, іске аскандық, өмірдің белгілі бір формасына айналу.
Алғашкы бастамадан біз баска нақты, жеке айқындықтарды, 
белгілерді күте алмаймыз. Жалпы өмірде бар екендігінен әрі қарай 
накты сипаттамаларға ауыса бастасақ, біз оның өзге нақты формала- 
рына және соны айқындайтын ойлауға откен болар едік. Болмыстың 
формаларын ойлаудың формаларынан бөлек карамаған Ф .Гегель (се- 
бебі, ол үшін болмыс абсолюттік рухтың, іске асқан формалары) ең 
бастама форма барынша абстрактылы болу керек деген18. Ягни кан­
дай да болмасын нақты айқындыктардан мақрүм.
18 
Гегель Г.В.Ф.
Наука логики. М., 1970. Т.1. С .126.
125


Гегель диалектик болғандықтан барлыгын да даму жолының 
түрғысынан карайды. Оның ойынша ең бастама форма омірде бол­
сын, ойлауда болсын ең қарапайым нәрсе. Ол озін күрделі, әртүрлі 
нақты белгілері мен айкындықтарын әлі тудырмаған, ішкі айырма- 
шьшықтарға жіктеле қоймаған нәрсе. Болмыс туралы ең жалпы үғым 
да осындай жалаң. Осы үғымның шеңберінде болмыстың тек бар 
екендігінен баска ешнәрсе айта алмаймыз. Ол әлі мазмүнсыз форма.
Қарапайым форма - ешнәрсе арқылы дәнекерленбеген тікелей 
барлык. “Оның осы тікелейлік сипаты оны еш сыртқы не одан 
бүрынғы бірнәрсенің нәтижесі дегенге мегземейді. Ол өзінен өзі бар. 
Өзіне негізделген деуге де болмайды. Ол негізделмеген барлық. Өзіне 
өзі негізделген деген соз оның ішкі айырмашылыққа қүрылгандығын 
корсетер еді. Ал карапайым барлық әлі өзімен озі де дәнекерленбе- 
ген. Іш кі қарама-қарсы лы қтарға да ажырамаған. Оның барлык 
озгешілігі онан арғы озгеріс-қозғалыстарда жаңа мазмүндармен баюға 
дайындығы және ашықтығы. Ішкі айырмашылықтарға бөліну сол 
ажыратылғандарды бір-бірімен қатыстыру, тендестіру т.б. жақтарын 
ашу болар еді, ал бүл онда тікелей барлық емес, дәнекерленген бар­
лык болар еді.
Болмыстың барлық мазмүны оның даму жолында өзінің барлық 
формаларын туғызып, барлық мәнділікті іске асырғанда ғана айқын- 
далады. Бүл жолды Гегель және одан басқаша теориялык негізде Маркс 
та негіздеуге тырыскан. Гегель оны танымның (абсолюттік идеяның 
өзін іске асыру арқылы тануы) жолы деп білді. Ал ол жалпы адамдық 
б о л м ы сты ң ж олы . О сы н дай ең а б с т р а к ц и я л ы қ , кез кел ген
өзгеш іліктерден, айқындықтардан ада барлық, ягни жалпы бар 
екендігінен басқа айқындыгы жоқ барлық, ол - нақты барлықтардың 
бәріне бірдей, олардың накты өзгешеліктеріне селқос. Мысалы Шек- 
спирдің Гамлетінің: “Болу ма, әлде болмау ма, мәселе осында!” - деп 
басталатын әйгілі монологы (өзімен озі сүхбаты) оның, Гамлеттің, 
тірі қалуы немесе өлуі туралы айтып түрган жоқ. Гамлеттің Король 
болган әкесін олтіріп озі король болып алган агасына қандай харекет 
жасау керегі, дәлірек айтсақ, соган коніп, мойынсүнып, ягни адам- 
дыгынан ажырау ма, немесе одан кек алып өліп, бірақ адам болып 
қалу ма - деп сүрап түр. Гамлет үшін болу - адамдық намыстың, 
абыройдың деңгейінде қалу, сол үшін күресу. Тірі қалу, ягни сол 
корлыққа көну, өзінің адамдыгын өзі таптау, нагыз өлу, жоқ болу - 
осы. Сол сиякты Абайда “Қалың елім, қазагым, қайран жүртым...” 
деген ж әне көптеген басқа оқушылардың оздері жақсы білетін 
өлендерінде қазақтың сол кездегі түрлаусыз болмысына күйініп, оны 
шын болмысқа жаратпай сынауы нақты бір қүндылыктың болмысы­
на шақьірады.
126


Абстракциялық барлық, ягни таза болмыс осы екі түрлі іс-әре- 
кеттің барлығы, ол іс-әрекеттің қайсысының шын, қайсысының теріс 
екендігіне ол бейтарап, ол тек әйтеуір барлықты, бір нәрсенің іске 
асқандығын білдіреді. Бүл дәрежеде, бүрын айтқандай ақиқат бол­
мыс пен жалған болмыстың арасын ажырататын өлшем әлі жоқ. Се- 
бебі ескерткеніміздей, абстракциялық болмыстың үғымы, ол - әлі 
болмыстың толық үғымы емес.
Өзінің бар екендігінен басқа айқындығы жоқ, нақты мазмүннан 
бос форма, яғни мағынадан таза болмыс белгілі дәрежеде жоктықпен 
барабар, ол осы жағынан - жоқтық (ничто), немесе басқаша атасак - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет