Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


Сонымен өзінің сырттай өркендеген, өзінен тыс болмысқа ие болған



Pdf көрінісі
бет67/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128
Сонымен өзінің сырттай өркендеген, өзінен тыс болмысқа ие болған 
формаларын өзіне қайтарып, оларды өз ішінде өзгеше кезеңдер ретінде 
үстайтын, өзіне өзі түйыкталып, аяқталған болмыстың, яғни өзі- 
үшін-болмыстың, өзге түрге өтпей, бірақ өзін осы қалпында іиексіз 
жалғастыра беруін біз сан деп атадык,. Сан

біркелкі болмыстың сапа 
жағынан баска түрге ауыспай-ак өзін шексіз қайталай беруі, немесе 
өрістете беруі.
Егер сапа болмыстың озімен барабар айқындығы бол­
са, сан болмыстың өзіне бейтарап, немқүрайды айқындығы. Ол бол- 
мыстың белгілі бір шекарасы, бірак шек бола алмайтын шекарасы. 
Ол сырткы шекара, тек шартты шекара, себебі ол шекараны үлғай- 
туға, кеңейтуге болады, немесе кусырып, тарылтуға да болады. Одан 
болмыстың сапасы өзгермейді, белгілі бір зат екінші бір затқа айнал- 
майды, яғни бір сапа екінші сапаға ауыспайды. Белгілі бір сапалық 
қалыптан айнымай-ак өрістей беруді Гегель болмыстың өзін өзінен 
ығыстыруы, итеруі (отталкивание) деп атаған. Осылай ығыстырылып 
өрістеуді 
үздіксіздік
(непрерывность) дейміз. Бүл үздіксіздік сапалық 
жағынан алғанда үздіксіздік, өйткені қатарласып жалғаса беретін 
көптеген біреулердің арасында формальдық жағынан жалғасу жоқ. 
Әрбір аяқталған, түйықталған өзі-үшін-болмыс сыртқы құрылысы 
жағынан басқа тап сондай өзі-үшін-болмыстармен байланысы жок, 
ор қайсысы өзінше. Оларды тек ішкі мазмүндык біркелкілігі жалғас- 
тырады. Оларда іштей айырмашылык жоғалған, бүркемеленген. Сан- 
дык қатынасты 
таза
сан және айкындалған, біршама аяқталған сан 
деп бөлуге болады. Таза сан ешбір ішкі де, сыртқы да шегі жоқ өзі- 
үшін-болмыстың шексіз өзінен шыға беруі; әрбір аяқталған өзі-үшін- 
болмыс, яғни әрбір басы-аяғы жинақгалған сырттай өзіне түйықталған 
болмыс, зат т.т. сан жағынан біреу. Осы біреуден тағы бір біреу, одан
157


тағыда бір біреу туып, жалғаса, тізбектеле беруі - осы таза сандық 
үздіксіздік. Ол біреулердің бәрі де өзара тең, айырмашылықсыз.
Айкындалган, біршама аяқталған сан белгілі бір шекарасы бар 
сан. Бірақ ол шек' емес. Себебі сапалық шекарадан озгеше сандық 
шекарада алаңсыз, одан әрі отуге болмайтын шек болмайды. Ондай 
шекті тек ішкі сапа ғана қоюы мүмкін. Сандық белгі белгілі бір сапа- 
ның сандық белгісі, тек белгілі бір сапаның озінің озіне селқостық 
орістеуі. Сандық қатынас сапалық қатынастан алаңсыз, абсолюттік 
тәуелсіз бола алмайды.
Екінші жағынан ішкі табиғаты жағынан бірдей болғанмен сырттай
- бір-бірімен байланыспайтьш, жеке-жеке, түйыкталған болмыстардың 
осы оқшаулыгы оларды 
үздікті
(дискретность) етеді. Үздіктілік 
үздіксіздіктің ішкі бір кезеңі. Сол сияқгы коптік те оның ішкі кезеңі, 
себебі коптік те бірліктің түрі, ол табиғатынан біреулерден қүралады. Бүл, 
бірақ, коптік бастан-ақ бір-біріне болек нәрселердің сыртгай қосындысы 
емес, о бастагы табиғаты бір біреудің озінен озі итеріліп, оз шеңберінен 
шығып, тап озіндей баска да біреулерді туғызуынан пайда болады. Олай 
болса коптік біреудің, жалпы алганда үздіксіздіктің іиткі мүмкіндігі, ішкі 
бағыты. Үздіксіздік біреудің, яғни аякталған болмыстың озінен озінің 
итеріліп оз шеңберінен шығуьшан туады, үздіктілік әрбір жеке болмыс- 
тың озіне карай оральт, озімен озінің түйықгалуынан пайда болады.
Ягни сан осы үздіксіздік пен үздіктіліктің^бірлігі. Бүл бірлік те 
бүрын да айтқанымыздай екі әр түрлі нәрсенің қосындысы емес, іштей 
туыстастығы. Олай болса сан деп сырттай оқшаулануда тек корінетін 
әрі бүркемеленетін іштей үздіксіздікті түсінген жон. Үздіксіздік сан- 
дық айқьіндықтың түтастығы, үздіктілік осы түтастықтың ішкі қара- 
ма-қарсы кезеңі.
Осындай бірліктің мысалдары ретінде коптеген нәрселерді 
келтіруге болады. Солардың бірі - адамдар үрпақтарының осіп-онуі, 
бірін бірі ауыстыруы (әрине, сан жағынан алғанда). Сандық озгерістің 
сапага селқостыгын Гегель мынандай карапайым мысалдармен корсе- 
теді: шалгын шоп те, орман да оспеген даланы алсақ, оның ауқымы 
кеңеюі де, тарылуы да мүмкін, одан дала дала болып қала береді. 
Бірак егер ол далага биік балауса шоп, немесе агаштар оссе, ол жай- 
ылымга, не орманга айналады, ягни оның сапасы озгереді. Жарық 
табигатының әрі толқынды, әрі үзікті (квант) екендігін қазіргі физи­
ка корсетті.
Осыган дейін біз сапа мен санның объективтік жалпы қасиет- 
тері туралы айттық. Бірақ адам ойлауының формалары ретінде олар 
тарихтың әртүрлі кезендерінде әртүрлі орын алады. Адамдардың үмты- 
латын белгілі бір қүндылықтары болгандықтан олардың әркайсысы 
әр заманда алга шыгып жүреді. Тарихтың үзақ дәуірлерінде адамдар
158


табиғат күштерін сапалық жағынан игерген. Адамдар жасаган бүйым- 
дар сапасының жоғары болуын қалағанда оның жалпы заттардың 
өзіндік сапасымен терең байланысы бар. Сапаның жақсы болуы 
жөніндегі күнделікті талаптың өзінде заттың касиеттерінің оның 
атқаратын қызметінің табиғатына неғүрлым сай болуын қалау бар. 
Бүл заттың өз табиғатына сай келуімен іспеттес. Адамның дүниеге 
катынасының шеңберінде ғана ол дүниеге жалпы қүндылық қатына- 
стык дәрежеге жетіп, тек заттарға ғана емес, адамдардың бір-бірінен 
талап ететін адамгершілік нормасына да айналған, эстетикалык талғам- 
ның да белгілі бір негізі. Біз кейде нағыз адам, шын адам деп біреу- 
лерге бага бергенде де оның мінез-күлқының, істерінің адамдыктың 
табиғатына сәйкес екендігі туралы сенімімізді білдіреміз. Сапалық 
бағалаушылық та, әрине, сандық бағалаушылықтың негізін қүрайды. 
Тарихи түрғыдан да, жеке адамның өмірлік жолында да сапалык 
талғамның, оны қамтамасыз етудің орны алғашқы, бүрын. Сандық 
бағалаушылык та адамдар қатынасында қашанда бар, бірақ ол екінші 
қатарда, үнемі белгілі дәрежеде сапалық талғам камтамасыз етілген- 
нен кейін ғана сол сапаның сандық қасиеттері алға шыға бастайды.
Сан қүндылық ретінде товарлы қатынастардың (оны біз на- 
рықтық деп жүрміз) жоғары дамыған дәуірінде алға шыкты деуге бо­
лады. Оны осындай катынастар жан-жакты өркендеген елдер тарихы 
корсетіи отыр. Ең карапайым екі түрлі товардың бір-біріне айырбас - 
талуының озінде мынандай жағдайларды кореміз: айырбасталатын 
товарлардың саиасының осы кезендегі талаитарға сай келетіндігі ең 
алғышарт, ол болмаса ешкандай айырбастың болуы мүмкін емес. 
Сондықтан да сапалык жағы екінші, қосалқы жаққа айналады. То­
варлы айырбас қатынастары өрбіген дәуір адам түтынатын бүйым- 
дардың жан-жақгы игерілген кезі, сондықтан сондай товарларға де­
ген зәруліктің өсіп, оларды сан жағынан камтамасыз ету проблемасы 
туады. Осылай сапалы қ жағы ш егініп сан ды қ қаты настарды ң 
көлеңкесіне кеткенде, айырбасқа түсіп, сатылып жататын товарлар 
қай жағынан бір-біріне теңгеріледі? Эрине сапа жағынан емес. Олар- 
дың барлығын бір-біріне теңгеруге болатын жағы - оларға сіңген коғам- 
дық қажетті еңбек, ал оның сыртқы олшемі - коғамдык кажетті жүмыс 
уақыты дегенбіз. Ал бүлар сандық қатынастар, сандық өлшемдер. Екі 
товардың бір-біріне теңдігі сандық тендік, яғни қоғамдық қажетті 
жүмыс уакытының каншасы (канша сағат, күн, апта т.т.) осы товар- 
ларға сіңген. Соған сәйкес айырбас қатынаска келген екі товар иесінің 
осындағы бір-бірімен қатынасының мәні де сандык мән. Олардың 
артық-кемдігі де олардың товарларының, яғни байлығының көлемімен 
өлшенеді, әрқайсысының қоғамдағы алатын орны мен салмағы да 
олардың меншігінің қүнымен бағаланады.
159


Тарихи тәжірибеге сүйенсек саңдық өлшем, бағалаушылық мате- 
риалдық, заттық мүктаждықтар, немесе, дәлірек айтсақ, адамдардың 
сырткы заттар, бүйымдарға байланысты, соларға тәуелді мүқгаждыкга- 
ры айрықша маңызды ғана емес, тіпті жалғыздан жалғыз мүқгаждық 
болуға бағыт алған жағдайда бірінші орынға шығады. Ондай мүқгаж- 
дық, әрине, ешуақытта адамда бар жалғыз мұқгаждыққа айнала алмай­
ды. Бірақ жетекші бағытқа, үстем пиғьшға айнала алады. Өндіріс тіке- 
лей адамдардың мүқтаждығын өтеу үшін емес, құнды, қосымша күнды, 
үстеме пайданы өндіру үшін болатын кезде, сөз жоқ, оның нөтижесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет