Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет68/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
қатиа
пайда әкелгендігімен бағаланады. Товар (сатуға өндірілген онім) 
ең алдымен кұнымен (қанша?) бағаланады, түтыну сапасымен емес (кан- 
дай?). Адамның қоғамдағы орны, ықпалы оның қаншалыкты капитал- 
дың иегері екендігіне қарай. Эрине осындай қоғамда кейде үлкен қоғам- 
дыққайраткер, ғалым т.б. кісілер қоғамда үлкен ықпалға ие болуы мүмкін, 
бірақ олар да өз ықпалын тарату үшін белгілі бір қаржыны, немесе, 
сондай каржыға иегерлердің қолдауын қажет етеді. Олай болатыны: ондай 
ықпалды іске асыру, соған жету үшін ғалым, қоғамдық қайраткер оз 
ойын, идеясын, үсынысын т.т. алдымен товарға айналдыруы қажет. 
Товарлы қатынастардың жоғары дамыған жерінде барлығы да товарға 
айналады, ең алдымен адамның өзі де. Тоталитарлық күрылыстан оның 
артықшылығы: адам өз жұмыс күшін, өз қабілетін, тіпті өзінің ар-үжда- 
нын өзі сатуға жөне сатып алуға мүмкіндік алады. Әрине, ол оны калай- 
тын болса. Тоталитарлық жүйеде оның барлығьш оның өзі шешпейді, 
басқа біреулер немесе жалпы әлеуметтік жүйе шешеді.
Товарлық қатынастар Европа елдерінде омірдің барлық салала­
рын түгелдей меңдеген дәуірде (XVI, XVII, XVIII, XIX) сандық, 
мөлшерлік, жіктелу, қүрылымдық қатынастар ғылыми ойдың да ай- 
рыкдіа назарында болды. Математикалық гылымдар мен физиканың 
үлкен жетістіктері осы дәуірмен түспа-түс келеді. Сандық бағалау 
адамның дүниеге қатынасының белгілі бір озекті бөлігіне айналған 
заманны ң ол да бір ерекше көрінісі. Ал ф илософ ияда Антика 
дәуіріндегі пифагореистер аталмыш қатынастарды барлық болмыс- 
тың негізі деп көрсетті. Белгілі дәрежеде осылай түсінуге ежелгі за- 
манда Платон, XIX ғасырда Гегель де жақын еді. XX ғасырдағы жүйе- 
лер (системы) мен олардың злементтерінің катынастарын филосо- 
фиялық мәселе дәрежесінде котерген бағыттар да осыған бейім.
Адамның адамдық табиғатын, мәнділігін есептеудің озі адамға 
жат, адамға қас дүниенің түрпаты. Ал сол дүниені адамдардың оздері 
жасағандықтан осы қатынастарда олардың оздері өздеріне қас болып 
шығады. Акылға сиымсыз, бірақ бар нәрсе; адамдардың өзінен озінің 
жаттануының мазмүны тек осындай. Оны жеңу де тек адамдардың оз 
қолынан келеді.
160




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет