Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
даму әлемдегі 
саналуандықтардың болу іиарты, үнемі бүрын болмаған жаңа нәрсе- 
лердің туып жатуының жолы.
Кемеліне келген нәрселердің туып 
жатуы, олардың осіп, қалыптасып, кемелденуі, сонан кейін кері кетіп, 
жоғалуы козғалыс, озгерістердің ішкі мәні. Қозғалыстың, озгерістің 
не нәрсе екендігін біз дамудың мазмүны аркылы ғана біле аламыз. 
Әрбір жеке козғалыстан, озгерістен біз оның мэнін аңғара алмаймыз. 
Олардың мәнін барлык жеке қозғалыстардың жиынтығынан, олар- 
дың бәріне тән ортак белгілерді табу аркылы да біз олардың ішкі 
жалпы мәнін коре алмаймыз. Даму қозғалыс пен озгеріске накты 
мазмүн береді.
Кеңес философиясында материя түгелімен үнемі даму қалпын- 
да деген жалпы кағида болатын. Оның мазмұны жансыз материядан 
жанды материя, ал жанды материяның дамуы адамның, адам қоғамы- 
ның шығуына әкеледі деген түжырым. Бүл, бірак, ғылымда толық 
дәлелденбеген. Ғылымда жанды тіршілік барлық уақытта болған және 
бола береді дейтін де козкарас бар. Яғни жанды материя, немесе 
тіршілік жансыз материядан туа алмайды деген соз. Оның негізінде 
жансыз материя деген тіпті жоқ нәрсе,бүкіл космос жанды, бүкіл 
космоста руханилықгың нышаны бар, бірақоның эр деңгейінде, қабат- 
тарында руханилықтың дәрежесі де әртүрлі деп түсінетін козқарастар 
да үнемі айтылып жүр. Шын магынасындағы даму деп бүрын ай- 
тылған қарапайымдылықтан күрделілікке қарай озгеруді түсінген дүрыс
1 3 - 3 6 1
185


сияқты. Ал кері кетушілік күрделіліктің ыдырауы, жойылуы - даму 
емес, оның шегіне жетіп аяқталуы, жоғалуы. Оларды шартты мағынада 
прогресс
жэне 
регресс
деп те атайды. Регресс сондықтан даму емес. 
Оның себебі регресс болмыс формаларының сан-алуандыгына емес, 
біркелкілігіне апаратын жол. Мысалы, руханилықтан руханисыздыққа, 
тіріліктен өлілікке ауысуды даму деп түсіну қиын.
Дамуды күрделіленудің шегі жоқ, шексіз, мәңгі күрделілене беру 
деп үғуға болмайтынын ескерттік. Бірақ дүниеде шексіз ешнәрсе жоқ 
деу оған толық дәлел бола алмайды. Ешбір аяқталмайтын шексіздік, 
яғни ешбір шегі жоқ шексіздік өзі де шектіліктің бір түріне айнала- 
тынын көрдік. Оның үстіне ешқандай басталуы мен аяқталуы жоқ 
шексіз дамуда нақты, белгілі бір айқындық болмас еді. Дамудан белгілі 
бір нәрседен екінші, одан озгеше, нәрсеге откендікті байқауға бола­
ды. Ал ешқандай айқындықсыз, яғни шексіз даму бір нәрседен екінші 
нәрсеге оту болмайды, ол бір қалыпты түрғанмен бірдей. Ол, яғни, 
козғалыссыздыкпен, озгеріссіздікпен тепе-тең.
Екінші жағынан егер тіршілік дүниесі жансыз материядан пай­
да бола алмайды десек, онда әлемнің бүтіндігі, түтастығы, іштей са- 
бактастығы туралы идеядан бас тартуға тура келеді, Жанды тіршілік 
пен тіршілік жоқ (жансыз) деп есептелінетін дүние бір-бірінен алаңсыз 
бөлек, богде дүниелер болып шығады. Онда әлем бір-бірімен ешқан- 
дай ішкі байланысы жоқ болмыстық формалардың жиынтығы. Ал 
болмыстык формалар бірінен екіншілері туындай алмаса, онда даму 
да жоқ. Себебі дамуды біз әлемде саналуан формалардың туындап 
жатуының шарты дегенбіз. Егер барлық сан түрлі формалар о бастан 
бар болса, онда олар тек өздерін өздері кайталап тудырып жаткан 
нэрселер. Ондай дүниеде бір болмыстык форма екінші бір формадан 
тумайды. Ендеше ол даму емес. Ал бір болмыстык формадан екінші 
озгеше форманьщ туып жататынын біз күнделікті омірден кореміз.
Әрине, күрделі форма қарапайым форманың тікелей туындысы 
емес. Қарапайым форма күрделі форманың тууы үшін сыртқы қолай- 
лы, не қолайсыздау жағдайлар ғана. Оны жағдай ететін де күрделі 
форманың өзі. Күрделі форма белгілі бір қарапайым формалардан 
өзін өзі тудырады деу шындықка жакындау. Қалыптасып болған 
күрделі форма өзінің одан эрі дамуы үшін өз жағдайларын енді өзі 
жасап отыруы тиіс. Сөйтіп, оларды өзінің туындысы, яғни күрамды 
бөлігі етеді. Алғашкыда өзіне сыртқы жағдай болған нәрселерді кейін 
өзі кайта жасап отыру жэне оларды өз табиғатының бір көріну фор- 
масына айналдыру дамуда ғана айкындалады.
Бүкіл әлем түгасымен алғанда бір деңгейден екінші денгейге не­
месе бір сапалық кзлыптан екінші қалыпқа, дәлірек айтқанда үнемі бүрын 
болмаған жаңа бір кдлыпкд, деңгейге орлеу жолымен дамиды деу қиын.
186


Ол қиындық эмпирикалық фактілер, тәжірибелік мағлүматтардың аз- 
дығынан ғана емес. Ол ең алдымен логикалық қисын түрғысындағы 
қиындық. Себебі ондай болжаммен келіссек, бүрынырақ айтып кеткен 
жосыксыз шексіздіктің (дурная бесконечность - Гегель) жолына түсеміз.
Элем жалпы түтастығы жағынан орлей даму жолымен емес, үнемі 
циклдік айналмалы жолмен қозғалып, өзгеріп отыруы тиіс. Энгельстің 
айтуы бойынша ондағы негізгі формалар ешуақытта алаңсыз қүрып 
кетпейді, тек әлемнің бір бөлігінде бір формалар (мысалы, тіршілік) 
жоғалып жатса, екінші бөліктерінде туып, қалыптасып жатуы мүмкін. 
Жеке бір формалар даму жолынан өтіп, жоғалып, ал екінші біреулері 
енді туып, даму тарихын енді бастап жатса, әлемде даму ешуакытта 
жоғалмақ емес. Дамудың универсалдық сипаты осында болуы тиіс.
Даму идеясын кең әрі терең мағынасында талдаған Гегель оны 
тек олемдік Рухтың болу жолы деп қараған. Табиғат Рухтың нәтижесі 
болғандықтан онда Гегельдің түсінуінше даму жоқ. Рух өзінің жетілме- 
ген де, жетілген де формаларын табиғатта кеңістік жағынан бір-бірімен 
қатар орналастыра береді. Олардың тарихи пайда болу тәртібі сақтал- 
майды. Тек адамдар қоғамы пайда болғанда Pyx табиғатта оянып, 
уақыттық формасына ауысады. Дамудың негізгі көріну формасы уақыт.
XX ғасырда осы көзқарасты француз ойшылы Ж.-ГТ.Сартр қолдаған. 
Оның ойынша барлық даму диалектикасы адамдар қоғамының өзге- 
руінде.
Дамудың іштей қалай өтетіндігін ішкі күрылымын логикалық 
түрғыда анықтауда Гегельдің үлесі мол. Әсіресе төменгі, қарапайым 
форманың оны теріске шығарып пайда болатын күрделі формамен 
арақатынасын ол “Aufhebung” (орысша тәржімесі - “снятие”) деген 
терминмен корсеткен. Кдзақша балама термин ретінде шартты мағына- 
да “озгертіп сактау” деуге болар.Оның мазмүны: өзінің тууына, пай­
да болуына жағдай болған карапайым нәрсені күрделі форма әрі теріске 
шығарып, әрі өзгерген түрде оз күрамында сақгауы. Мысалы, қозғалы- 
стың физикалық, химиялық формалары тірі организмнің қүрамында 
оз функцияларын сақтайды, бірақ олардың зандылықтары организмнің 
тіршілігін қамтамасыз ету кызметіне бағынышты, соның ішкі бір бөлігі 
ретінде қьізмет етеді.
Даму процесі дамудағы болмыс формасының өзін өзі терістеуі, 
озінің белгілі бір қалпын, кезеңін, мазмүнын мансүқ етуі арқылы жаңа 
бір қалыпка, кезеңге, формаға ауысуы, бірақ мансүқ ету - жою емес, 
оның өзінің өзгерген түрде калуы. Даму ешуақытта тарихи күралған 
мазмүнды түгелімен талақ етпейді, оның кезеңнен кезеңге, қалыптан 
қалыпқа ауысудағы кол жеткен негізгі жүгін артына тастап кетпейді. 
Дамудағы болмыстың өзінің өздігін сактауы - өзін үнемі қайта туғызып, 
қайта қорытып, өндеп отыруы, ол тек солай жаңарады.
187


Даму идеясының Платонньщ философиясында, жалпы антика - 
лық ойда жок екендігін айтқанбыз. Олар циклдік айналмалы козғалы- 
сты ғана біледі әрі бағалайды. Еуропаның Жаңа дәуір заманында ғана 
даму басым қүндылыкка айналды. Осы өзгеріс Батыс адамының ой- 
лауында тіпті басқаша логика, басқаша ойлау үрдісін әкелді десе де 
болады.
Даму идеясы қүндылық ретінде дүниеге көзқарасының үйытқысы 
болып алган адамның ойлау жүйесі кандай болады? Ең алдымен оның 
дүниені коруінің озі тіпті басқаша. Дүниені рухани кору - ол нені ал­
дымен байқап, басқалардан ерекше ажыратып, айырып карау. Адам ең 
алдымен өзі үшін бағалы деген нәрселерді байкайды. Ал жаңа дәуірдің 
жаңа күндылықгарының түрғысынан өмірдегі бар нэрселер, орныққан 
қатынастар, институттар, жалпы қалыптасқан жағдай тек өткінші 
мәндікке ие. Олардың бар екендігінің озі кемістігінің белгісі. Ал 
жоғарғы, биік қүндылыктар әркашан алда. Әрбір орындалған мақсат, 
армандар сол сәттен бастап озінің бағалылығын да жоғалта бастайды. 
Әсіресе қоғамдық қатынастар адамға жаттанған болса, қоғамның үмты- 
латын армандары да адамға бір жат максаттарға айналады. Сол сияқгы 
даму да осындай кезде адамдардың жан әлемін алаңсыз билеп алса, 
оның да мазмүны бүлдыр, күңгірт, қандай екені белгісіз бір келешекке 
үмтылу болып шығады. Коммунизм идеясы да осындай нақты айкын- 
дығы жок, қаншалықты жақындасаң, соншалыкты алыстай беретін 
бүдцыр армандардың бірі сиякты. Барлыкты тек бар болғаны үшін 
тәрк ету логикасы бар адамдарды әркашан йелешек болатын нәрсе- 
лердің, орындалуға тиісті армандар үшін тек колданылатын күрал, со- 
ларды жасауға кажет шикі заттай бағаланады. Яғни адамдардың да 
белгілі бір бағасы бар, олардың бағасы - келешек үшін материал болу. 
Сондықтан даму да адамға жат, оның өзіне үстем болып алған оның 
үнемі үмсынатын нәрсесі. Жаттанған даму 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет