Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет77/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128
§ 19. Даму
Кеңестік қоғамда орныққан философия диалектиканы даму ту­
ралы ең толық әрі жан-жақты ілім деп карайтын. Ол, әрине, марк­
с и с та деп есептелді. Бірақ Маркстың оз еңбектерінде дамуды бүкіл 
болмыстың универсалды к айқындығы екендігі жонінде тікелей 
аныктамаларды кездестірмейміз. Рас, Ф.Энгельстің еңбектерінде осын­
дай ой бар. Екінші жағынан Энгельстің “Табиғат диалектикасында” 
әлемдегі козғалыс - өзгерістердің циклдік айналмалы екендігі жөнінде 
де жорамал айтылған. Ал бүл идея қаншалықты даму идеясымен үштаса 
алады?
Бүдан бүрынғы тақырыптарда да даму туралы айтылып келді. 
Бірақ дамудың қозғалыстан, өзгерістерден, қалыптасудан озгеше 
мазмүны бар ма, болса, оның өзіндік төл мағынасы қандай, ол мәсе- 
ле әңгіме болған жоқ. Күнделікті айтылып жүрген сөздің мазмүнын- 
да даму қозғалыс пен өзгерістен ажыратылады. Қарапайым ойлаудың 
түсінігі бойынша даму, ол козғалыстың бағыттылығы. Көбінесе ол 
бағыт қарапайымдылықтан күрделілікке қарай өрістейтін қозғалыс, 
не өзгерістің түрі. Кейде оны әр нәрсенің жетілмеген қалпынан бол­
мысы мен табиғатының толыскан, жетілген дәрежесіне дейінгі өзге- 
рудің жолы деген мағынада да түсінеді. Бүған негіз болатын адамдар-
183


дың әлемдегі болмысында жинақтаған тәжірибесі. Адамдардың іс- 
әрекеті көп жағдайда тірі тіршіліктің формаларымен байланысты. 
Өсімдіктер мен жануарлардың барлық түрлері туу, өсу, қалыптасып 
толысқан дөрежесіне жетіп, ақырында жоғалатынын олар біледі. 
Ғылым пайда болғаннан бері әлемдік, космостық процестердің де 
белгілі бір даму жолынан өтетіндігінің айғақтары біліне бастағандай. 
Ғылымда күн жүйесінің эволюциялық жолмен пайда болғандығы 
жайлы И.Кант айтқан, одан кейінде пайда болған жорамалдар бар. 
Тіршіліктің пайда болуы, оның эволюциялық теориясы оз алдына 
(Ч.Дарвин). Қазір, бірақ, эволюциялық теорияға қарсы да идеялар 
айтылып жүр.
Сонымен қатар осы мәселеге арналған әдебиетте дамудың бағыт- 
тылығына байланысты оның жетілу және кері кету, өшу жолдары 
туралы көзқарастар айтылады. Осыған байланысты Кеңес дәуірінде 
дамуды қозғалысқа, өзгеріске қарама-қарсы қойып, оны материяның 
белгілі бір формаларына ғана тән, жеке, болуы да, болмауы да мүмкін 
оның бір қасиеті деп қарайтын көзкарастар да болды. Осыған сәйкес 
кызу пікір тартыстарының болғаны да мәлім. Бүл пікірге қарсы ай- 
тылған белгілі бір козқарас бойынша қозғалыс пен өзгерісті дамуға 
қарсы коюға болмайды, себебі даму олардан бөлек озгеше бір форма 
емес, оларды жалпы болмыстық түтастықта алғандағы ішкі мәні. 
Қозғалыс, өзгеріс, қалыптасу болмыстық формалар, ал даму олардың 
ішкі табиғаты, олардың ішкі айқындығы. Сондықтан даму оларға 
қарама-қарсы түрған жоқ, олардың оқшау боГде немесе жеке бір фор­
масы емес.
Дамуды универсалдық айқындық деуді, бірақ, әрбір қозғалыс- 
ты, орбір жеке болмысты даму жолында деп түсіну емес. Оны соны­
мен қатар көлбей тартылған сызықтың жолындай үнемі алға, үнемі 
жоғарылау, өрлеу бағытында болу деп түсінсек те, ондай түжырым- 
нан туындайтын көптеген логикалық қиындықтарға жолығамыз. Ең 
алдымен қарапайымдылықтан күрделілікке карай өзгерудің шегі бола 
ма? Өмірдің, табиғаттың, болмыстың, адамның шексіз күрделілене 
беруі мүмкін бе? Шексіз күрделілене беру қандай қажеттіліктен, занды- 
лықтан тууы мүмкін? Қандай да болмасын шексіздік тек шектілік 
формаларда отпей ме? Олай болса, күрделіліктің де шегі бар. Әрине, 
әрбір жеке өмірлік форма үшін. Оның үстіне қарапайымдылық пен 
күрделілікті бір-бірінен ажырататын өлшем қайсы? Оның ең көрнекі 
белгісі - қарапайым нәрсені күрайтын бөліктердің аздығы. Ол тіпті 
бір ғана нәрседен, бір тектен ғана қүралса, сол - қарапайым, күрам- 
ды боліктері неғүрлым көп орі әртүрлі келсе, ол - күрделі. Түтас- 
тықты күрайтын нәрселердің арақатынастары сан алуан, күбылмалы 
келсе де осы сияқты.
184


Бірақ бұлай түсіндіру де тым жадағай. Осылай түсіндірудің озі 
тым қарапайым, себебі өмірде, танымда қарапайым көрінген нэрсе­
лер онымен етене жақын танысқанда эзінің айрықша күрделі нәрсе 
екендігін кэрсетіп жатады. Ескерілуге тиісті тағы бір нәрсе дамудың 
категориясының эзінен бастап, оның кэптеген 
а й қ ы н д ы қ т а р ы : 
жоғары 
эрлеу немесе төмен қүлдырау, ілгерілеу, қарапайым және күрделі т.б. 
сипаттамаларда адамдық бағалаушылық қатынас анық кэрініп түр. 
Өмірде кейде қарапайымдылык, кейде күрделілік жақсылықтың ны- 
шаны деп кабылданатыны белгілі, ал жоғарылық, биіктік әрқашан 
дерлік жақсы, ал тэмендік, астыңғылық кэбінесе нашар, пәс нәрсе.
Дегенмен адамдык бағалаудың эзі де онтологиялық негізге сүйе- 
неді, онда ақикат мазмүн бар. Тірі тіршіліктің организмдік қүрылы- 
мы да, оган сай сырткы дүниемен байланысы, кызметі эзінен көрі 
карапайым жансыз заттармен салыстырғанда көптеген жаңа қасиет- 
тер туғызатыны айқын. Жанды тіршілік эз бойында жансыз дүниенің 
де касиеттерін сақтайды. Олар тіршіліктің жаңа кызметтеріне, оған 
ғана тән жаңа касиеттеріне бағынышты.
Сондыктан болмыстағы жеке дербес түтастыктар болсын, бүкіл 
әлемдік түтастық болсын үнемі, мәңгі шексіз дами бере алмайды, 
олардың дамуы кері кету кезеңімен де ауысады. Яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет