Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
біріншіден,
адамның өзінің 
дамуы болудан қалады, басқа әркімнің өзінен тыс қоғамдық жалпы 
институттардың, тәртіптер мен нормалардың, жалпы қоғамнын дамуы; 
екіншіден
, даму даму үшін, адам үшін емес; үнемі бар нәрсені төркі 
етіп, алға үмтыла берудің өзі-өзі үшін мақсат, неге үмтылу, қандай 
болу үшін үмтылудың өзі де ойтеуір алға, басқашалыкка үмтыла беруге 
үласады. Осының нәтижесінде даму да адамға жаттанған оның баска 
туындылары сияқты нақты мазмүнынан айрылып, жалаң абстрактылы 
максатқа айналады. К.Маркстің келешек қоғамдағы адамдардың қалып- 
тасуы нақты белгілі бір деңгейге, шамаға тәуелсіз қалыптасуының аб- 
солюттік қозғалысы туралы идеясы да осыған жакын27. Маркс онда 
бірак, адамдардың өздерінің шексіз дамуын айтады. Ал кеңестік қоғамда
27 
Маркс К.
и 
Энгельс Ф.
Соч. Т.46. Ч. 1. С. 476.
188


іс жүзінде шынында басқаша болып шықты. Онда келешекте ғана бо­
латын “шын” қатынастар келу үшін бүгінгі бар адамдар үнемі құрбан 
болуға тиіс еді. Маркстің даму жөніндегі идеясы да Гегельдің осыған 
байланысты қағидасын жалғастырды. Оның бүрынырақ айтылған да­
муда үдемелі өрлеу жолымен үздіксіз жүруін кеңестік жүйе іске асы- 
руга тырысты. Оның адамға жаттанған тағы бір сипаты - дамуды объ- 
ективтік зандылық, яғни адамдардың қалауға не қаламауға болмай- 
тын, олардың еркінен тыс, тәуелсіз процесс деп түсіну. Олай болса, 
дамуды адамдар еркіне байланыссыз іске асырады. Оның негізгі саты- 
лары - коммунизм соның жоғарғы сатысы - ерте ме, кеш пе, бәрі бір 
іске асуы кажетті нәтижелер. Адамға дамудан бүлтару мүмкін емес. 
Адамның табиғатының озі еркіндік екендігіне бүрын арнайы талдау 
жасағандыктан бүл жерде біз оны қайталап жатпаймыз.
Адам әлемдегі дамудың жоғарғы сатысы деуге болады. Сондыктан 
адамның дамуында жалпы әлемдік дамуды тануға болады. Бізге белгілі 
дүниеде адамның келуінен кейін жалпы әлемнің дамуы адамның да­
муы немесе дамымауы арқылы іске асады немесе аспайды. Себебі адам­
дар дүниесінде даму болмауы мүмкін емес, бүлтартпайтын заң емес. 
Әрбір адамның дамуы, оның әсіресе есейген шағында оның өзіне бай­
ланысты, оның оз қалауы. Бір адамдар бір деңгейде тоқтайды, ал екінші 
біреулер өмір бойы жол үстінде. Жалпы адамзат, жеке халықтар жөнінде 
де осыны айтуға болады.
Маркс айтқан адамның қалыптасуға үмтылуының абсолюттігі, 
яғни шексіз, шетсіз дами беруі, тек даму үшін даму адамзатқа ақырғы, 
ең биік қүндылық бола алмайтын сияқты. Даму да қандай және қалай 
болатынына қарай өзін ақтай алады, өзін өзі емес. Мысалы, өзін кор- 
шаған дүниені тек түтыну мен пайдагерліктің түрғысынан көріп, соған 
шексіз үстемдікке, жебірлікке ғана үмтылып, сол жолда ғана дами 
берсе, ол ерте ме, кеш пе адамзатты үлкен апаттарға душар етуі сөзсіз. 
Адамзаттың сыңаржақты тек техникалық жағынан дамуы осының 
нотижесі. Қалыптасуға үмтылудың абсолюттігі Батыс адамының даму 
үлгісіне көбірек үқсайды. Ол казір, әрине, шығыста да өріс алып ке- 
леді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет