Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет128/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН-12 
(тектері: 
р40 
субъбірлік 
үшін 
– 
хромосомалардың 5- жұбы; р35 – 3- жұбы). 35 000 пен 40 000 Д 
молекулалық салмағы бар полипептидтік тізбектен құралған гетеродимер. 
Бактериялармен, жасуша ішілік паразиттермен немесе олардың өнімдері 
мен қоздырылған макрофагтар/моноциттермен, дендриттік жасушалармен 
және бактериалдық өнімдермен белсендірілген В-лимфоциттермен 
өндіріледі.
ИЛ-12 – цитотоксикалық жасушалардың индукторы және 
цитокиндердің 
өнімінің 
стимуляторы. 
ИЛ-12 
макрофагтар 
мен 
лимфоциттердің араларында, туа біткен иммунитеттiң және жүре біткен 
иммунитеттің арасында делдалдық қызмет атқарады. ИЛ-12 Тх0 Тх1-ге 
айналуда және IgE синтезін тежеуде негізгі фактор болып келеді. Бұл 
қабілет оның гуморалдық және жасушалық жауаптарының тепе-теңдігін Т-
хелперлердің Тх1 бағытында жетілдіру арқылы реттеуде айқындалады. 
Аталған эффект, көбінесе IFN-γ көлемі тез арада көбеюіне байланысты. 
ИЛ-12 
NK– 
жасушаларының 
белсенділігін, 
олардың 
көбеюін 
жоғарылатады, 
цитотоксикалық 
Т-лимфоциттердің 
пісіп 
жетілуін 


139 
негіздейді (IFN-γ көмегімен); ЛАЖ- жасушаларының қалыптасуын 
жоғарылатады. ИЛ-12 әсері Тх1 мен NK- жасушаларының қоздырылуымен 
байланысты, сол себептен ИЛ-12 клиникада ісіктерге қарсы және 
вирустарға қарсы препарат ретінде, жасушалық иммунды жауапты 
бастайтын адъювант ретінде, иммундытапшылық кезінде байқалатын 
оппортунисттік індеттердің емі ретінде қолдануға болады.
ИЛ-12 В-лимфоциттерді, әсіресе В1-жасушаларды, қоздыруға 
қатысады, нәтижесінде аутоантиденелердің көлемі жоғарылайды. ИЛ-12 
бірқатар иммунологиялық жүйелерге супрессорлық белсенділігі бар, соның 
ішінде IgE өнімін тежейді. Бұл себептен кейбір жағдайларда клиникада 
ИЛ-12-нi IgE-аллергиясын немесе аутоиммундық жауапты тежеу 
мақсатымен қолдануға болады. ИЛ-12 бағаналы қан түзу жасушаларының 
айналымға шығуын және экстрамедулярлық қан түзу ошақтарының 
қалыптсуын негiздейдi.
Сонымен, ИЛ-12, макрофагтар мен лимфоциттердің арасындағы 
байланысты қамтамасыз етіп, Тх1 мен цитотоксикалық жасушалардың 
белсенділігін жоғарылатып, IFN-γ өнімін қолдап, вирустарға, микробтарға
және ісікке қарсы қорғанысқа зор үлес қосады, себебі IFN-γ жасуша ішілік 
микроцидтіктің, соның ішінде оттегінің активті құрамдарының және азот 
тотығының активаторы ретінде белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет