Тақырыбы: Адам эмбриогенезі Орындаған:Амангелді Инабат
Қабылдаған: Шолпанқұлова Гаухар
Тараз 2023
Эмбриология (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғылым
Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрық, logos — ілім) — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату әдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. әдістер. Эмбриология - медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерлік, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды.
Аталық жыныс жасушасы , спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.
Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық, zoon – тіршілік иесі және eіdos – түр) – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 1677 жылы сперматозоид тыс үтқоректілердің спермасынан Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр енгізді.
Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10 – 100 мкм, жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Адам сперматозоидының орталық көлемі 16 – 19 мкм3.
Сперматозоидтар талшықты және талшықсыз болып бөлінеді. Кәдімгі талшықты сперматозоидтар барлық омыртқалы жануарлар мен көптеген омыртқасыздарға тән. Талшығы (құйрығы) қозғалу қызметін атқарып, сперматозоидты жылжытады, онда аденозин үш фосфор қышқылын ыдырататын белок, денесінде қысқа басы болады. Басында аталық тұқым қуалайтын материал сақтайтын ядросы бар. Оның алдыңғы жағында акросома (Сперматозоидтың жұмыртқа қабығы арқылы өтуіне жағдай жасайды) орналасқан. Сперматозоидтардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, әйелдің жатырында 2,5 сағат, жылқының жыныс жолында 5 – 6 тәулік, қоянда – 30 сағат, құстарда – 3 апта, жабайы араларда – 3 – 4 жылға созылады. Талшықсыз сперматозоидтар құрттарға, көпаяқтыларға, шаянтәрізділер мен кенелерге тән. Ал реликт термиттерде (Mastotermes darwіnіesіs) ғана көп талшықты сперматозоидтар (100-ге жуық, олар жай қозғалады, акросомалары болмайды) кездеседі.
Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.