Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет16/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   296
Шеткi 
мүшелерде 
антигендермен 
жанасу 
арқылы 
лимфоциттердің 
соңғы 
пiсiп-жетілуі 
– 
антигенге 
тәуелді 
дифференциялануы жүреді, нәтижесінде сәйкес антигендерге иммундық 
жауап шақыратын, пiсiп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер 
түзіледі. Сонымен бірге, шеткi мүшелерде көптеген антигендерге 
иммундық жауаптың маңызды кезеңi болып табылатын Т-, В-
лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың 
кооперациясы жүреді. Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетiн 
плазмалық жасушаларға дифференцияланады.
Осылайша, шеткi мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің 
әсерін жүзеге асырады, осы кезде лимфоциттердің антигендермен 
байланысы iске асырылады және иммундық жауап дамиды.
 
 
Ж
АСУШАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
 
Иммундық жүйенің жасушалары антигендi тануы бойынша, шығу тегі 
мен функционалдық ерекшелігіне байланысты екi топқа бөлінуі мүмкін. 
Бірінші топ – лимфоциттер (әртүрлі даму сатысындағы Т-, 
В-лимфоциттер, 
плазмалық 
жасушалар 
және 
нөлдік 
лимфоциттер, оларға табиғи киллерлер - NK жасушалары мен 
К-жасушалары жатады).
Екінші топ – антигенді таныстырушы жасушалар 
(макрофагтар, дендриттік жасушалар, В-лимфоциттер). Бөгде 


22 
антигендерге 
бұл 
жасушаларсыз 
иммундық 
жауаптың 
қалыптасуы мүмкiн емес.
Бұдан басқа, иммунды хабарлы жасушалардың пiсiп-жетiлуiнде және 
олардың 
қызметiнiң 
реттелуiнде 
маңызды 
рөлдi 
микроайналым 
жасушалары – құрылымдық жасушалар (эпителий жасушалары мен 
коллаген және эластин талшықтарын түзетiн фибробласттар) атқарады. 
Лимфоциттер 
Лимфоциттер адам ағзасында кеңiнен тараған жасушалар тобына 
жатады. Ересек адамның ағзасында 10
13
лимфоциттер бар, яғни дененің 
әрбір 10-шы жасушасы - лимфоцит.
Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабiлеттi бағаналы 
жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезеңін 
сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығы мен 
бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9 мкм дөңгелек және сопақша келген 
ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз 
дөңгелекше келген жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет