Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


күрделi асқынуларды шақыруы мүмкiн екендiгiн ұмытпаған дұрыс



Pdf көрінісі
бет268/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   296
күрделi асқынуларды шақыруы мүмкiн екендiгiн ұмытпаған дұрыс. Әсiресе 
тiрi вакцинаны енгiзбес бұрын иммундық патологиялық жағдайлары бар 
балаларды анықтау өте маңызды. Себебi жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгi 
бар балалар БЦЖ-дан кейiн ауырып қалуы немесе өлiп кетуi мүмкiн. 
Сонымен қатар кортикостероидтарды, иммунодепрессанттарды немесе 
радиотерапияны қабылдап жүрген науқастарға, сондай-ақ лимфома 
немесе лейкозбен ауыратын науқастарға тiрi вакциналарды енгiзуге 
болмайды. Осы категорияға жүктi әйелдер де кiредi.
Кез-келген жедел жұқпадан кейiн адамда, әсiресе кiшкентай балаларда 
транзиторлы иммундық жетiспеушiлiк дамитынын есте сақтау керек. Оның 
ұзақтығы орта есеппен бiр айға созылады. Сол себептен, бұрын ССРО-ның 
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы бойынша кез-келген жедел 
жұқпалы аурумен ауырған балаларға бiр ай көлемiнде вакцинация жүргiзуге 
рұқсат берiлмейтiн.
Иммундық жетiспеушiлiк кезiнде енгiзiлген вакцина антигендiк 
жүктеменiң жоғарылауына әкелуi мүмкiн, нәтижесiнде реттегiш 


механизмдердің 
бұзылу 
салдарынан 
гиперергиялық 
серпілістердің 
(аллергиялардың) дамуы, немесе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуы салдарынан 
аутоиммундық патологияның дамуы мүмкiн.
Сондықтан екiншiлiк иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiгi бар адамдарға 
вакцинация жүргiзуге болмайды. Сондай-ақ созылмалы жұқпалар кезiнде 
үнемi иммундық жетiспеушiлiк болатынын естен шығармау керек. Себебi, 
жұқпалы аурудың созылмалы түрде өтуiнiң өзi ағзада иммундық 
жетiспеушiлiктiң бар екендiгiн көрсететiн белгі, ал бұл жағдай өз кезегiнде 
иммундық жүйенi әлсiретедi және иммундық жетiспеушiлiктi тереңдете 
түседi.
Жоғарыда келтiрiлгендердiң барлығы ағзада созылмалы жұқпалы ошақ 
бар адамдарда вакцинацияны аса сақтықпен жасау керек екендiгiн 
дәлелдейдi. Аутоиммундық патологиясы бар науқастарда иммунизацияны 
жүргiзуге болмайды, себебi аутоиммундық үрдіс күшеюi мүмкiн. Мұндай 
науқастарға иммунизацияны өте керек жағдайларда және максималды 
сақтық шараларын ескере отырып жүргiзген дұрыс. 
Кейбiр жағдайларда вакцинациядан кейiн парадоксалды серпілістер 
болуы мүмкiн. Ол вакцинация нәтижесiнде табиғи жұқпаның күшеюiмен 
сипатталады. Ол аурудың жасырын кезеңiнде жүргiзiлген вакцинациядан 
кейiн болатын уақытша иммунды супрессия әсерiнен болуы мүмкiн. Бiрақ 
парадоксалды серпілістер инъекциялар арасындағы үзiлiс ұзақ болған 
жағдайда, әсiресе тыныс жолдары ауруларының қоздырғыштарына қарсы өлi 
вакциналарды қолданған жағдайда да байқалады. Бұл құбылыстың тетігі әлi 
анықталмаған. Оның негізінде гуморалды түрдегi екiншiлiк иммундық жауап 
кезiндегi иммундық кешенді серпілісі жатуы мүмкін деген болжам бар.
Гипериммунизация 
кезiнде 
жануарлардың 
ағзасында 
иммундық 
кешендердің 
жинақталуы 
байқалады, 
нәтижесiнде 
васкулит, 
гломерулонефрит және амилоидоздың дамуы мүмкін. Адамда мұндай 
серпілістер 
байқалмаған, 
бiрақ 
антигендi 
жиi 
енгiзу 
арқылы 
гипериммунизацияны шақыру мүмкiншiлiгiнен қашу керек, сол себептен де 
иммунизация 
жүргiзу 
күн 
тiзбелiк 
жоспардан 
ауытқымау 
керек. 
Экспериментте және клиникада тiрi вакциналарды немесе адъюванттарды 
қолданған жағдайда аутоиммунды аурулардың дамуы байқалған. Бұл жағдай 
аутореактивтi клондардың белсенуімен жүретiн поликлонды ынталану 
әсерiнен дамуы мүмкiн деген болжамды тетіктер арқылы түсiндiруге болады.
Тазарту тәсiлдерiн біршама жетiлдiргенге қарамастан кез-келген 
жұқпалы материалда (тiрi вакциналарда) өсiру үшiн қолданған қоректiк 
ортаның қалдығы (овальбумин, пептон, антибиотиктер, инактиваторлар, 
стабилизаторлар) қалып қояды. Олар аллергиялық серпілістерді шақыруы 
мүмкiн.
Соңғы кезде вакцинаны дайындау үрдісі кезiнде (мысалы, қоректiк орта 
ретiнде ет-пептонды сорпаны қолданғанда), вакциналық материал прионмен 
ластануы мүмкiн екендiгi анықталды. Ол жүйке тiндерiнде дегенеративтi 
үрдістерді шақырады.


Биотехнологияның 
жаңа 
әдiстерi 
бойынша 
өндiрiлiп 
жатқан 
вакциналардың жаңа буынын дайындау арқылы ғалымдар аталған жағымсыз 
әсерлердi азайтуға немесе оларды мүлдем болдырмауға тырысуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет