Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Екiншi деңгейдегi сынамалар



Pdf көрінісі
бет271/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   296
Екiншi деңгейдегi сынамалар иммунитеттiң кейбiр звеноларының 
жағдайын бағалауға мүмкiндiк береді.
Мысалы, фагоцитарлық жүйенiң бағалауында жиi осы анықтаулар 
қолданылады:
 нейтрофилдер және моноцитттердің фагоцитарлық индексi; 


 нейтрофилдер және моноциттердің бактерицидтiлiгi; 
 оттегiнiң активті формасын және азоттың түзілуі; 
 хемотаксистiк; 
 лейкоциттердiң бетiнде адгезия молекулаларының экспрессиясы. 
Гуморалдық 
иммунитет 
жағдайын 
бағалауда 
қолданылатын 
анықтаулар:
 қан сарысуындағы, сонымен қатар шырышты қабаттардың сөлiнде Ig A 
(1,2), Ig M, Ig G(1-4), Ig E иммуноглобулиндерiнiң негiзгi кластары және 
топшалары; 
 комплементтiң жалпы гемолиздiк белсендiлiгiн анықтау;
 айналымдағы иммундық кешен концентрациясы. 
Жасушалық құрамын анықтау үшiн лимфоциттердiң және олардың 
субпопуляцияларының пайыздық қатынасына және кейбiр цитокиндерге 
арналған, мысалы:
 CD2
+
(CD3
+
), CD3
+
CD4
+
, CD3
+
CD8

- Т-лимфоциттер және оның 
субпопуляциялары; 
 CD20
+
(19
+
, 72
+
) – В-лимфоциттер;  
 CD16
+
/CD56

- К-жасушалары/NK-жасушалары; 
 CD25
+
- ИЛ-2 арналған рецептор. 
беткей рецепторладың болуын анықтайтын, моноклондық антиденелер 
көмегiмен лимфоциттердiң иммундық фенотиптеуiн қолдану.
Лимфоцитердiң 
функционалдық 
белсендiлiгiн 
анықтауда 
келесi 
сынамалар қолданылады, мысалы:  
 NK – жасушалардың цитотоксиндік белсендiлiгiн бағалау;
 Т- и В-митогендерге пролиферативтiк жауапты зерттеу (лимфоциттердiң 
бласттық трансформациялааушы серпiлiсi);
Цитокиндiк статусты анықтауда сынамалар қолданылады: 
 биологиялық сұйықтықта цитокиндердiң санын анықтау;
 шеткi қандағы мононуклеармен цитокиндердiң спонтанды және 
индуцирленген түзiлiсiн анықтау (in vitro);  
 жасушаiшiлiк цитокиндердi, көбiнесе IFN- және ИЛ-4 Tх1 және Tх2-
лимфоциттердiң маркерi ретiнде анықтау.  
Жергiлiктi иммунитет факторын бағалау, бронхоөкпелiк аппараттың 
және урогениталдық жолдардың ауруларында маңызды орын алады. Бұл 
жағдайда осы параметрлердi талдау, иммунитет жүйесiнiң көрсеткiштерiне 
қарағанда ақпаратты. 
Қажеттi иммунологиялық сынамалардың жиынтығы әрбiр нозологиялық 
бiрлiк, ал кейбiр жағдайда әрбiр науқас үшiн жеке iрiктеледi. 
Мысалы, аутоиммундық аурулар кезiнде диагнозды дәлелдеу үшiн 
зақымданған мүшелерден алынған антигендердi қолдану арқылы әртүрлi 
сынамалар жүргiзiледi. Таңдап алу кезiнде аурулардың болатын патогенезiн 
есте 
сақтау 
қажет. 
Мысалы, 
аутоиммундқ 
тиреоидитте 
(аурудың 
классикалық 
мысалы, 
оның 
негiзiнде 
аутоантиденелер 
жатыр), 
антиденелерден басқа, лимфоциттердiң де цитотоксикалық әсерi бар


сондықтан да науқастарда серпiлiс БЖС (баяу жоғары сезiмталдық) түрi 
бойынша жүредi. Ревматоидтық артриттiң патогенезiнiң негiзiнде IgG Fc-
фрагментiне 
қарсы 
аутоантиденелердiң 
сол 
иммуноглобулиндермен 
иммундық кешендердiң түзiлуi жатыр, сол уақытта да буындардың 
синовиалды қапшығындағы лимфоцитарлы инфильтраттар БЖС серпiлiсiн 
жоққа шығармайды. Жүйелi қызыл жегi, арнайы мүшеге қарсы бағытталған 
антиденелермен емес, жасуша ядросының ДНК-на қарсы антиденелермен 
шақырылады. Осы ауруда түзiлетiн айналымдағы иммундық кешендер қан 
тамырдың эндотелийiнде, синовиалды қапшықта және паренхиматозды 
мүшелердiң жасушалық мембранасында жиналып, комплемент жүйесiнiң 
классикалық жолмен белсенденуi жүредi, нәтижесiнде васкулиттер, 
артриттер, жектiк нефрит сияқты сәйкес клиникалық көрiнiстер байқалады.
Бiрнеше жылдар бойы аутоиммундық ауруларды емдеуде әртүрлi 
иммунитеттi тежейтiн препараттарды (иммунодепрессанттар) қолданады. 
Сонымен қатар, соңғы уақытта аутоиммундық аурулардың комплекстi 
емiнде табиғи төзiмдiлiктi қалпына келтiру үшiн иммунитеттi күшейтетiн 
препараттарды (иммуномодулятор) қолданады, ол бiрқатар жағдайда 
аутоиммунды үрдiстi тоқтатуға мүмкiндiк бередi. Иммунитеттi реттеу 
үрдiсiнде шамадан тыс дозаның алдын алу, емдеу курсын ұзақтығын 
анықтау, оның тиiмдiлiгiн бiлу үшiн тұрақты иммунологиялық бақылау 
қажет. 
Екiншiлiк иммундық тапшылық кезiнде иммунитеттi реттейтiн 
препараттарды қолдану үшiн иммундық жүйенiң нақты механизмiнiң 
тапшылығын, иммунитеттiң қай звеносының (Т-жүйесi, В-жүйесi немесе 
фагоцитоз) функционалдық жетiспеушiлiгі бар екенiн анықтау керек. Ол 
үшiн зерттеудiң екiншi деңгейiн: Т- және В-жүйелерiнiң сандық және 
сапалық көрсеткiштерiн, көбiнесе Т-хелпердiң және Т-киллер/супрессордың 
санын және олардың ара қатынасын – иммунды реттеу индексiн анықтау 
және де фагоцитарлық жүйенiң параметрiн бiлу үшiн қолдану қажет. Керек 
кезде кейбiр науқастардың комплемент жүйесiн, цитокиндердiң өнiмдерiн 
және рецепциясын, соның iшiнде интерферондарды, сонымен қатар, лизоцим 
және т.б. арнайы емес қорғаныс факторлардың жағдайын қарастыру қажет 
болып табылады. Бiрақ алынған мәлiметтердiң интерпретациясы күрделi 
және мағынасы әр түрлi болу мүмкiндiгiн есте сақтау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет