Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


радиалдық иммунды диффузия әдiсiмен



Pdf көрінісі
бет278/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   296
радиалдық иммунды диффузия әдiсiмен анықтайды.
Манчини әдiсiнiң қағидалары IgM, IgG, IgA қарсы стандарттық 
концентрациядағы антиденелерi бар зерттелетiн сарысу үлгiсiн агардың 
лункасына орналастыруымен негiзделген. Зерттелетiн сарысу құрамындағы 
иммуноглобулиндер агарға диффуздайды және де керектi антиденелермен 
байланыса отырып, преципитация сақинасын түзедi. Лункада антигендердiң 
артықшылығы сақталып тұрса, преципитация сақинасының диаметрi 
үлкейедi. 
Преципитация 
сақинасының 
ақырғы 
мөлшерi 
қажеттi 
иммуноглобулиндердiң концентарциясына байланысты. Манчини әдiсi 10 
мкг/мл тең иммуноглобулиндердiң концентрациясын анықтай алады. Әдiстiң 
қателiгi 10% құрайды. 
Иммуноглобулиндерiң санын анықтайтын едәуiр сезiмтал және арнайы 
әдiс, иммуноглобулин-антииммуноглобулинмен байланысқан, нәруыздардың 
агрегациясын бағалайтын нефелометриялық немесе спектрофотометриялық 
микропреципитация әдiсi болып табылады.
Бiрақ, соңғы кездерi өте сезiмтал иммунды ферменттiк талдау әдiсi 
кеңiнен қолдануда.
Берiлген әдiстiң қағидасы қажеттi иммуноглобулиндер класына қарсы 
моноклонды 
антиденелердi, 
нәруыздарды 
тұрақты 
адсорбциялайтын, 
пластиктен жасалған арнайы планшеттiң лункаларында сорбциялауымен 
негiзделген. Егер де пластиктiң бетi нәруыздармен қаныққан болса, онда 
кейiнгi адсорбция болмайды. Адсорбцияланбаған антиденелердi кетiру үшiн 
лункаларды 
жуғаннан 
кейiн, 
оған 
зерттелетiн 
сарысуын 
құйып, 
инкубациялайды. Одан соң сарысуының байланыспаған нәруыздарынан 
лункаларды жуады және пероксидаза ферментiмен конъюгацияланған, адам 
иммуноглобулиндердiң қажет кластарына қарсы сарысуды енгiзедi. Мұндай 
қарсы сарысулар 
тек 
«өзiнiң» моноклонды антиденелерiмен адам 
иммуноглобулиндерiнiң сәйкес кластары байланысқан, лункаларында ғана 


байланысады. Жуып және лункаға сутегiнiң асқын тотығын және 
қосылыстары бар субстраттарды қосқаннан кейiн, ол тотығу нәтижесiнде 
боялған туындыларын бередi, тек белгiленген ферментпен сарысудың 
байланысқан лункаларда ғана бояулар анықталады. Спектрофотометр 
арқылы барлық лункаларда сарысуындағы берiлген иммуноглобулин 
кластарының концентрациясына тура пропорционал болатын оптикалық 
тығыздықты бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет