Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Комплемент жүйесiнiң жағдайын бағалау



Pdf көрінісі
бет281/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   296
Комплемент жүйесiнiң жағдайын бағалау
Комплемент жүйесiнiң компоненттерiн және ингибиторларын анықтауы, 
негiзiнен осы жүйенiң генетикалық ақаулары кезiнде жүргiзедi. Бiрақ соңғы 
уақытта бұл сынамаларды иммундық кешен аурулардың ағымын және 
терапиясының тиiмдiлiгiн бағалауда кеңiнен қолданады. 
Бұрын комплемент жүйесiнiң жағдайын, көбiнесе, гемолитикалық 
жүйенi 
қолдану 
арқылы 
бағалады. 
Бұл 
кезде 
қан 
сарысуының 
концентарциясын қолданған, ол 50%-100% гемолитикалық жүйеде гемолиз 
тудырған. Ол тек комплемент жүйесiнiң белсендiлiгi туралы жалпы көрiнiс 
берген. Қазiргi кезде комплемент жүйесiнiң жеке факторларын моноклонды 
антидене көмегiмен ИФТ (иммунды ферменттiк талдау) арқылы анықтау 
тиiмдi болды.
NК-жасушаның 
санын 
анықтау 
үшiн 
CD56
+
және 
CD16
+
-
жасушаларын цитофлюорометриялық анықтау қолданады.
Кейбiр жағадайда екi реттiк флюоресценттiк бояулар қолданады: бiр 
уақытта CD56 және 3, CD56 және 57, CD56 және 16 экспрессиясын және 
басқа да комбинацияларды анықтайды. Классикалық NK-жасушалардың 
CD56
+
CD57

фенотипi болады. К-жасушалардың субфракциясы үлкен 
гранулярлы CD16
+
CD3
-
- лимфоциттер ретiнде идентификациялайды. 
CD56
+
CD16
+
-жасушалары 
бiр 
уақытта 
К-киллерлiк 
(антиденетәуелдi 


жасушалық цитотоксиндік эффекторi) белсендiлiк қабiлетi бар, табиғи 
киллердiң фракциясы түрiнде қарастырады. Бiр уақытта CD3 және 
CD16/CD56 алып жүретiн жасушалар, арнайы емес киллерлiк белсендiлiгi 
бар (NKT-жасушалар) әр түрлi Т-лимфоциттер ретiнде қарастырады. 
Мембраналық фенотиптi анықтаумен қатар, 
51
Сг шығысымен тiркелген 4-
сағаттық 
жасушалы-ортақтастыратын 
цитолиз 
сынамасында 
NK-
жасушаларының функционалдық белсендiлiгiн анықтаған жөн. 
Келтiрiлген әдiстер қандағы лейкоциттер құрамының толық сандық 
сипаттамасын бередi, бiрақ ол көбiнесе жеткiлiксiз. Ағзаның қорғаныс 
қабiлетi лейкоциттердiң санына ғана емес, сонымен бiрге функционалдық 
жарамдылығына, микроорганизмге және олардың антигендерiне адекватты 
түрде жауап қайтаруымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет