денi сау және науқас адамдарда иммунды статусын нәтижесiн анықтау
үшiн;
науқастың иммундық жүйенiң зақымдалу деңгейiн анықтау үшiн;
келесi тексерулерге дейiн науқастың екiншiлiк иммундық тапшылық
жағдайының себебiн анықтау үшiн;
иммунитеттi реттейтiн терапияны жүргiзу қажеттiлiгiн дәлелдеу үшiн;
иммунитеттi реттеу үрдiсi кезiнде зақымдалған иммунологиялық
параметрлердiң қалпына келтiруiн бақылау үшiн;
жұқпалы аурулардың сатысын анықтау (жедел сатысын, вирустың
белсендi репликация сатысын, созылмалы сатысына ауысуын, созылмалы
жұқпалардың өршуiн, анық клиникалық симптоматикасы жоқ жасырын
жұқпалы патологияны, бұрын жұқпамен ауырған нәтижесiнде қан
сарысуындағы IgG деңгейiнiң динамикасымен, егуден кейiнгi иммунитет
және т.б.) ПТС берiлген нәтижесi бойынша (биологиялық материалда
қоздырғыштың ДНК немесе РНК-ның белгiлi бiр кесiндiсi арқылы бар
екенi), ИФТ (биологиялық материалда антидене және антигеннiң болуы)
үшiн;
аллергиялық жағдайлардың дамуында этиологиялық факторларды анықтау
(НЗК сынамасы арқылы жұқпаны да, сол сияқты аллергендi) дұрыс
диагноз қою мақсатында (жұқпалы, жұқпалы емес немесе аллергиялық
патологиялық) және терапияда дұрыс емдеу тактикасын қолдану үшiн;
генетикалық бөтентектi тiндердi немесе мүшелердi трансплантацияға
дайындау және кейiн тұрақталуын, қызметiн атқаруы бойынша
иммунологиялық бақылау жүргiзу, иммундық депрессиялық терапияны
тағайындау үшiн.
Соған
байланысты,
қазiргi
уақытта
әртүрлi
аурулар
кезiнде
иммунитеттiң жасушалық және гуморалды звеносының иммунологиялық
көрсеткiштерiн,
фагоцитоз,
комплемент
жүйелерiнiң
қызметiн,
цитокиндердiң деңгейiн, сонымен бiрге ИФТ, ПТС, ИФС, ТИФ, НЗК, РАСТ
және басқа да әдiстердiң нәтижелерiн анықтау жүргiзiлуде. Мiндеттi түрде,
иммунологиялық зерттеу әдiстердiң диапазоны кеңейедi және жаңарады.
Достарыңызбен бөлісу: