Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет292/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

НЗК сынамасы кеңiнен қолданады. НЗК әр түрлі ауруларда қолданылады: 
көптеген жұқпалы, аутоиммундық, аллергияның I және IV түрлерiнде. 
Берілген сынама нейтрофилдерге жабысқан немесе айналымдағы 
циркулирленген антиденелерді немесе иммунды кешендердi анықтайды, 
бірақ аллергиялық жағдайларды емес: нейтрофилдердiң бетiнде IgG Fc-


фрагментіне және С3 арналған рецепторлардың болуына, антиген мен 
антидененің жабысуына және комплементтiң бекітілуіне байланысты 
иммундық кешендердiң фагоцитоздайтын нейтрофилдердiң белсенденуi 
болады. Соған байланысты НЗК жоғары көрсеткiштерi иммунды кешен 
ауруларында - жоғары сезiмталдықтың III түрiнде байқалады.
НЗК сынамасын жүргiзу сынамасы. Әр лункаға зауытта дайындалған 
белгiлi аллерген көлемiн енгiзедi (1:100 қоспасында), бiр лунка бақылау 
ретiнде қолданады (физиологиялық ерiтiндi). Зерттелетiн науқастың әр түрлi 
аллергендердi лейкоцитарлы концентратпен жүктейдi. Плашканы лункамен 
термостатқа орналастырады. Инкубациядан кейiн әр лункаға 1 тамшыдан 
0,1% акридин қызғылт сары ерiтiндiсiн қосады. Әр лунканың құрамын 
майсыз заттық әйнекке ауыстырып, оларды кезектесiп белгiлейдi. 
Герметикалық (саңылаусыз) ылғдыал камерада жабынды әйнекпен жауып
дайындалған 
микропрепараттарды 
мұздатқышқа 
16-18 
сағатқа 
орналастырады. Тiкелей емес иммунды флуоресценттiк әдiспен қараңғы 
алаңда жасушалардың есебi жүргiзiледi: зақымдалған нейтрофилдер санын 
және зақымдану дәрежесiн есептейдi, ол өзгермеген жасушалар санына 
пайыздық арақатынаспен көрiнедi. бақылауда жасушалардың зақымдану 
дәрежесi (физ. ерiтiндiмен) жоғары (16 % және одан жоғары) болған 
жағдайда, нейтрофилдер мембранасының арнайы емес тұрақсыздығы орын 
алады, ол емнiң тактикасына мiндеттi түрде әсер етедi. Талдаудың 
интерпретациясын, көбiнесе дәрiгер-аллергологтар жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет