7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ААИЖ
ауыр аралас иммундық жетіспеушілік
АГ
антиген
АД
антидене
АДА
аденозиндезаминаза
АИК (CIC)
айналымдағы иммундық кешен
АІЖ
асқазан-ішек жолы
АИВ
адамның иммунды тапшылық вирусы
АЛК
аралас лимфоциттер культурасы (mixed lymphocyte
culture)
АЛС
антилимфоцитарлы сары су
АТЖ
антиген таныстырушы жасуша
АТЖЦТ
антиденеге тәуелді
жасушалық цитотоксикалық
тетік
АТКЦ
антиденетәуелдi клеткалы цитотоксикалық
ББЗ
биологиялық белсенді заттар
БЖЖС
баяу жүретiн жоғары сезiмталдық
БЖС
жоғары сезімталдықтың баяу түрі
ВЖР
В-жасушалық рецептор
Г-КСФ
гранулоцитарлы колония стимулдаушы фактор
ГМ-КСФ
гранулоцитарлы-макрофагалды
колония
стимулдаушы фактор
ДЖ
дендритті жасуша
ДНФ
динитрофенол
ЖБЖ
жартылай бағаналы жасуша
ЖЖС
жоғары сезімталдықтың жедел түрі
ЖҚЖ
жүйелі қызыл жегі
ЖӨИЖ
жалпы өзгермелі иммундық жетіспеушілік
ЖСБТ
(БЖС)
жоғары сезімталдықтың баяу түрі
ИКА
иммундық кешен аурулары
ИЛ (IL)
интерлейкин
ИНА
инактиватор
ИТЖ
иммундық тапшылық жағдайлар
ИФТ
иммуноферментті талдау
іВ
ізашар В лимфоцит
іТ
ізашар Т-лимфоцит
КҚБЖ
көп қабілетті бағаналы жасуша
ЛАК-
жасуша
лимфокин белсендірілген жасуша
ЛБТС
лимфоциттердің
бластты
трансформациялаушы
серпілісі
ЛЖБЖ
лимфоидты жартылай бағаналы жасуша
ЛМТС
лимфоциттердің миграциясын тежеуші серпелісі
ЛПС
липополисахарид
9
LFA
leukocyte function-associated antigen
MAF
макрофаг қаруландырушы фактор
MCL
маннан байланыстырушы лектин (mannose-binding
lectin)
MHC
гистосәйкестіктің
негізгі
комплексі
(major
histocompatibility complex)
MMR
макрофаг маннозды рецептор
MSR
macrophag scavenger receptor
NGF
нервтің өсуші фактор
NK
табиғи киллер (natural killer)
PCA
plasma cell antigen
PG
простагландин
RCA
regulators of complement activation
SD-антиген
cерологиялық анықталатын антиген (Serological
Defined)
SIg A
секреторлық иммуноглобулин А
TNF
ісік некроздаушы фактор (tumor necrosis factor)
К (killer)
киллер жасушасы
10
ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ ИММУНОЛОГИЯ
Иммунитет анықтамасы. Иммунологияның даму тарихы. Қазіргі
замандағы медициналық иммунология.
Иммунитет анықтамасы
Иммунология – организмнің бөгде субстанцияларға генетикалық,
молекулярлық, жасушалық жауап беру механизмдерін зерттейтін ғылым.
«Иммунитет» сөзі алғашқыда юристтік терминге жатқан (immunitas - лат.
бір нәрседен құтылу, босау). Медициналық практикасына «иммунитет»
термині
XIX ғасырдың екінші жартысында, адамдар инфекциялық
аурулардан қорғану әдістері зерттелу кезінде,
яғни теориялық және
эксперименталды иммунология қалыптасу кезінде енгізілген. Терминнің
жаңа, «медициналық» мазмұны «аурудан құтылу» деп белгіленген. Бұл
терминге ең қолайлы түсініктемесін Р.В.Петров 1982 жылы берген:
«иммунитет деген организмді генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен
тірі денелерден қорғау әдісі болып келеді».
Организмге бөгде заттарға -
бактериялар, вирустар, қарапайымдар,
саңырауқұлақтар, нәруыздар,
жасушалар, тіндер, өзгерген аутоантигендер,
сонымен қатар, мутантты
және ісік жасушалары жатады.
Арнайы гуморалды және жасушалық серпілістер дамуына жауапты
иммунды жүйенің өз ерекшеліктері бар: ол барлық денеге жайылған, оның
жасушалары қан арқылы барлық организмде рециркуляцияда жүреді және
ол әр-бір антигенге түрлі арнайы антиденелер молекуласын өндіре алатын
ерекше қабілетті жүйе болып табылады.
Негізгі иммунитет құруға жауаптылар – ол иммунды жүйенің
жоғары
арнайылықты жасушалары – лимфоциттер. Организмде тек осы жасушалар
белгілі антигенмен байланысуға бағдарламаландырылған, «өзінікін»
«өзгенікінен» ажырата алатын және бірінші байланысу арқылы
иммунологиялық зерделік қалыптасушы
бір ғана жасушалар болып
табылады. Эволюцияда лимфоцит
организмнің генетикалық тұтастығын
бақылау үшін пайда болған – осы қызмет иммунитет жүйесінің негізгі
қызметі болып табылады. Бұл қызметтің нәтижесіне сыртқы ортадан
түскен генетикалық бөгде жасушаларды тану және жою жатады.
Достарыңызбен бөлісу: