Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет119/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН-2 (адамның хромосомаларының 4 жұбы). ИЛ-2 
1976 жылы Т-жасушаларының өсу факторы ретiнде табылған, 1980ж. 
тазартылып 
биохимиялық 
тұрғыда 
сипаттама 
берiлген. 
ИЛ-2 
– 
молекулярлық салмағы 15 000 Д таяу гликопротеин болып келедi. 
Молекуланың құрамында бiр дисульфидтiк байланыс бар. ИЛ-1ге 
қарағанда, ИЛ-2нiң биологиялық белсендiлiгiнiң деңгейi төмен.
CD4
+
-лимфоциттердiң iшiнде 90 %, ал CD8
+
-жасушаларының тек 
қана 10% ИЛ-2 өндiредi. ИЛ-2-нiң негiзгi өндiрушiлерi болып 
белсендiрiлген Тх1 келедi. ИЛ-2 өнiмiн глюкокортикоидтер, оксимочевина, 


131 
азатиоприн, ганглиозидтер, дезоксиаденозин және простагландиндер 
төмендетедi. Лейкотриендер және фосфолипаза мен циклоксигеназаны 
басатын агенттер ИЛ-2-нiң синтезiн жоғарлатады. Цитокиндердiң 
арасында ИЛ-2нiң өнiмiн ұлғайтатындар - ИЛ-1, 6, IНФ-α , IFN-γ. 
ИЛ-2-нiң нысана – жасушалары болып белсендiрiлген Т- және В-
лимфоциттер және табиғи өлтiргiштер келедi. Т-лимфоциттерге 
көрсететiн басты әсерi – митогендiк әсер, яғни, лимфоциттердiң 
көбеюiн және пiсiп жетiлуiн қамтамасыз етедi: Тх1 (аутокриндiк түрде), Т-
киллерлердi, В-лимфоциттердi, IgM и IgG (1, 3) өнiмiн қоздырады. 
ИЛ-2 Т-киллерлердi пiсiп жетілдіру қызметiн атқарады. ИЛ-2-нiң 
бұл әсерi өсу әсерiнен кейiн пайда болады да тиiмдi iске асу үшiн ИЛ-6, 4, 
7 және 12 сияқты көмекшi факторлар қажет. ИЛ-2 IFN-γ-ның өнiмiн, 
протоонкогендердiң экспрессиясын күшейту арқылы Т-хелперлердiң 
қызметiн атқаруға көмектеседi. Ол иммунологиялық төзiмдiлiктiң дамуына 
қарсы әсер көрсете алады. 
ИЛ-2 Тх2-дiң пайда болуын тежейдi және оның лимфокиндерiнiң 
(ИЛ-4, 5 және 10) синтезiн басады. 
ИЛ-2 алдын ала белсендiрiлген В-лимфоциттерге өсу факторы 
ретiнде әсер келтiредi. Аталған әсердi ИЛ-5 пен IFN-γ көмегiмен атқарады. 
ИЛ-2 IgM, IgG және IgА синтезiн жоғарлатады. 
ИЛ-2 NK- жасушаларының цитотоксикалық әсерiн күшейтiп 
кеңейтедi. 
ИЛ-2 оттегi мен тотықтардың белсендiрiлген формаларының пайда 
болу, қан түзу процесстерiн күшейту арқылы моноциттерге әсер келтiредi.
Ол эритроциттер мен тромбоциттердiң түзілуiн күшейтедi, сонымен 
қатар қан түзудiң миелоидтық және эритроидтық тiзбектерiнiң дамуын 
тежейдi, гемопоэздiң экстрамедулярлық ошақтарының пайда болуына 
ықпал етедi. 
Қортып айтқанда, ИЛ-2 белсендiрiлген Т-хелперлермен өндiрiлетiн 
Т-лимфоциттер 
мен 
NK-жасушаларының, 
азырақ 
көлемде 
В-
лимфоциттердiң, өсу және пiсiп жетiлу факторы болып келедi. Ол 
иммундық қорғау реакцияларына және iсiкке қарсы тұрақтылыққа 
қатысатын иммунитеттiң (әсiресе жасушалықтың) аса маңызды 
медиаторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет