Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет122/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН–5 (адам хромосомаларының 5 жұбы). 45 000 – 
60 000 Д жуық молекулалық салмағы бар жоғары гликозидтенген ақуыз.
Тх2-лер өндiредi. Негiзгi нысана-жасушалары болып В-лимфоциттер 
мен эозинофилдер келедi. В-жасушаларының көбеюiн қолдау қабiлетi ИЛ-
4 пен ИЛ-1 әсерлерiнен кейiн жүзеге асырылады. ИЛ-5 В-лимфоциттердiң 
плазматикалық жасушаларға, әсiресе IgA өндiрушiлерге, айналуына 
көмектеседi. Секреторлық IgA-ның өнiмiн ұлғайтып, ИЛ-5 шырышты 
қабаттардың жергiлiктi иммундық қорғанысын күшейтедi.
Қалыпты жағдайда эозинофилдердiң саны жоғары емес. ИЛ-3 пен 
ГМ-КСФ-тың әсерiнен миелоидтық бағаналы жасушалардан аз мөлшерде 
эозинофилдер пайда болады. Бiрақ, гельминтоздар сияқты паразитарлық 
жұқпалар кезiнде эозинофилдердiң саны күрт жоғарылайды. Басқаша 
айтқанда, ИЛ-5 эозинофилдердiң белсенді өсiру және пiсiп жетілдіру 
факторы болып келедi, гельминттердiң личинкаларын жою қабiлеттерiн 
жоғарылатады, яғни, ИЛ-5 эозинофилдердi қабыну, антипаразитарлық 
және iсiкке қарсы реакцияларға араластырады. Аталған қасиеттерге қоса 
ИЛ-5 жетiлген эозинофилдердi қоздырады: фагоцитозды белсендiредi, iсiк 
жасушаларының антидене тәуелдi цитолизiн, оттегiнiң супероксид-анион-
радикалдарының өнiмiн күшейтедi.
ИЛ-5тiң әсерi ИЛ-3 және ИЛ-4 сияқты басқа цитокиндермен 
күшейтiлуi мүмкiн. ИЛ-5тiң өнiмi Тх2лердiң Ил-4тi синтездеуiне тiкелей 
байланысты. ИЛ-4 бойынша ақаулығы бар тышқандарда паразитарлық 


134 
инфекциялар кезiнде эозинофилдердiң саны төмендейдi, ал ИЛ-5-терi аз 
тышқандарда эозинофилдердiң пайда болуы мүлдем тоқтатылады.
Сонымен, ИЛ-5 – әсерлерiнiң көлемi «тар» Тх2-нiң өнiмi. Ол В-
лимфоциттер мен эозинофилдердiң өсу және пiсiп жетілу факторы 
болып келедi, жергiлiктi иммунитеттi дамытып IgA-ның өнiмiн 
жоғарылатады, паразитарлық инвазиялар мен iсiк өсуiне қарсы 
эозинофилдердi қоздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет