Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi



Pdf көрінісі
бет188/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi 
Әр-бiр 
иммундық 
супрессиялау 
әсерiнiң 
арнайылығы 
жоқ 
болғандығынан, 
өте 
шектеледi; 
бұл 
жағдай 
қазiргi 
кезде 
көп 
дискуссияланады, өйткенi иммунды супрессиялы терапия жалпы иммунды 
супрессияның немесе көп, немесе аз мөлшерiн шақыруға және 
реципиентте инфекциялар қоздырылуына тәуекелделенген. Мұратты 
кезде, туысты емес трансплантаттың аллоантигендерiне қарсы иммунды 
жауап сақталуға, ал реципиенттiң өз антигендерiне қарсы жауап басылуға 
тағайындалған антигенарнайылықты иммунсупрессиялы препараттар 
қолданылу керек. Бұл мақсатқа әлi жетпесек те, иммунсупрессияны 
көбейтуге қарай қадамдар жасалып жатыр. 
Т-жасушалық компоненттерiне немесе цитокиндерге қарсы 
моноклонды антиденелер қолдану. Моноклонды антиденелер табысты 
түрiнде 
жалпы 
Т-жасушалардың 
немесе 
Т-лимфоциттер 
субпопуляцияларының активтiлiгiн басу үшiн қолдануда. Тек қана 
аллоантигенмен 
активтелген 
Т-жасушаларды 
басуға 
бағытталған 
моноклонды 
антиденелердi 
пайдалану 
технологиясы 
әлi 
жете 
зерттелмеген, бiрақ жануарлар модельдерi моноклонды антиденелердiң 
келешекте негiзгi иммунсупрессорлар болатындығын көрсетедi. 
Т-жасушаалық рецептордың (ТКР) CD3 молекуласына қарсыланған 
моноклонды антиденелер кейбiр кездейсоқ жағдайларда Т-жасушалардың 
активтелiнуiн блоктайды. Кейбiр моноклонды антиденелердi енгiзу 
айналымдағы Т-лимфоциттердiң әлсiреуiмен аяқталады. Бұл әлсiреу 


205 
циркуляциядан Т-лимфоциттердi фагоцитоздап, ары қарай шығарып 
жiберетiн фагоцитарлық жасушаларының Fc-рецепторымен антидене-
жабылған Т-лимфоциттедiң байланысуы арқылы шақырылады. Қазіргі 
кезде бүйрек аллотрансплантациясының жедел тұрақтамау серпілісін 
емдеу және алдын алу үшін IOR T3 (муромонаб) препараты қолдануда, ол 
CD3 маркеріне қарсы тышқанның моноклонды антиденелері болып 
келеді. 
Трансплантат бiтiсуiн жоғарылату үшiн жоғары-аффинды ИЛ-2-
рецепторына арнайылықты моноклонды антиденелер табысты қолданған. 
Жоғары-аффинды 
ИЛ-2-рецепторын 
тек 
ғана 
Т-жасушалар
экспрессиялаған-дықтан, анти-ИЛ-2 келесi трансплантациялағанда, 
салынған тканьдiң аллоантигендерiне қарсыланған Т-жасушалардың 
бөлiнуiн арнайы блоктайды. Қазір салынған мүшелердің жедел тұрақтамау 
серпілісін тежеу үшін ағылшын препараты – симулект қолдануда, ол 
химералық (тышқан/адам) CD25 (ИЛ-2-ге рецептор) қарсы моноклонды 
антиденелерге жатады. 
CD3 және жоғары-аффинды ИЛ-2-рецептор екеуiде, бар активтелген
Т-жасушаларында экспрессияланады. Қазiргi кезде басқа айрықша Т-
лимфоциттер субпопуляциялар бетiндегi мембраналық молекулаларына 
арнайылықты моноклонды антиденелердiң әсерi де зерттелiп жатыр. 
Мысалы, CD4-ке арналған моноклонды антиденелер пайдалану кезiнде
салынған тiндер ұзақ уақытқа дейiн тұрақталады. 
Аллотрансплантат тұрақтамау серпілісінде өте маңызды қызметтi 
цитокиндер атқаратындықтан, салынған тiн ұзақ уақытқа дейiн 
тұрақталудың басқаша стратегиясы – ол жануарларға TNF-, INF- және 
ИЛ-2 сияқты цитокиндерге арнайылықты моноклонды антиденелердi 
енгiзу. TNF--ға арналған моноклонды антиденелер тышқандарда сүйек 
кемегi тұрақтау уақытының ұзаруын және “ТИҚР” көрiнiстерiнiң 
азайюын көрсеттi. INF- және ИЛ-2 арналған моноклонды антиденелер 
кейбiр жағдайларда егеуқұйрықтың трансплантациялаған жүрегiн 
тұрақтау 
уақытын 
ұзаруын 
көрсеткен. 
Қазіргі 
кезде 
адамдарда 
трансплантациялау кезде әлі антицитокинді антиденелер пайдаланбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет