239
35-ші сурет. Созылмалы шырышты-терілік кандидозы бар науқас
бала (по J. Kuby. Immunology, New-York, 1994 бойынша)
Емiнде: саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды,
тасымалдау
факторын (трансфер-фактор), аутологиялық лимфоциттердi құю және
ұрықтың тимусын көшiрiп отырғызу табысты қолданған.
Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар
Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар бiрiншiлiк ИТЖ-дың
жалпы санының 10-25% құрайды. Бұл
ауру тобы клиникалық және
иммунологиялық тұрғыда
жасушалық, сондай-ақ
гуморалдық иммунитет
ақауларымен сипатталады. ААИТ әдетте ерте жасында (1 жасқа дейiн)
ауыр және дерттi жұқпалар түрiнде басталады.
Иммунограммада жасушалық иммунитеттiң терең бұзылыстары,
антидене жетiспеушiлiктерi, Т-лимфоциттiң
мөлшерiне байланысты
лимфопения көрiнедi.
Функционалды сынамалар - лимфоциттердiң
бласттық трансформациялаушы серпiлiсi,
лейкоциттердiң миграциясын
тежеуші
серпiлiсi,
Т-жасушалық
цитокиндер
өнiмдерi,
жоғары
сезімталдықтың баяу түрінің терiлiк сынамалары күрт төмендеген.
Осындай иммундық тапшылығы бар балаларда дамудың тоқталуы
және/немесе
туа
пайда
болған
ақаулар,
төменгi
вируленттi
оппортунистикалық микроағзалармен шақырылған, персистенцияланған,
баяу жүретiн және қажырлы жұқпалар байқалады. Қатерлi iсiктердiң даму
қауiпi өте жоғары.