Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет42/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   296
В
0
-лимфоциттердің 
 
бұл 
иммунологиялық 
жетілмеген 
лимфоциттер популяциясы. Олардың бетінде тек М класына жататын 
иммуноглобулиндік антигентанушы рецепторлары орналасады. Олар 
белсенді орталықтары сыртқа қарап, В-лимфоциттердiң плазмалық 
мембранасында тіркелді, бірақ ол рецепторлардың тығыздығы В
0
-
лимфоциттерде өте төмен болады, сондықтан олар антигенмен толық
байланыса 
алмайды 
және 
шеткері 
қанға 
иммуноглобулиндерді 
синтездемейді. В
0
-кезеңi В-лимфоциттердiң клондар құрылу кезеңіне сай 
келеді. В-лимфоциттер клондары – ол бетінде бір арнайылықты 
иммуноглобулиндік рецепторлары бар лимфоциттер тобы. 
В
1
-лимфоциттер  бұл шеткері В-лимфоциттердiң жартылай 
жет3лген дифференциялану кезеңi. Олардың бетінде де рецепторлы М
иммуноглобулиндерi болады, бірақ олардың тығыздығы В
0
кезеңiне 
қарағанда, бірнеше рет жоғары болады. В
1
-лимфоциттер тимустәуелсіз 
антигендерге қарсы шеткерi қанға иммуноглобулин M синтездейдi; ол 
біріншілік иммунды жауаптың негізі болып саналады, бірақ сонымен 
қатар 
В
1
-лимфоциттер 
макрофагтармен 
және 
Т-лимфоциттермен 
кооперацияға түсе алмайды, сондықтан тимустәуелді антигендерге 
антидене синтездей алмайды.
В
1
-лимфоциттерге беткерi CD5 маркерi тән. CD5

В-жасушаларда 
арнайылығы төмен иммуноглобулиндiк рецепторлар бар және олар 
бактериялық полисахаридтiк антигендерiмен байланысу қабiлетi жиi 
көрiнедi. 
В
2
-лимфоциттер  бұл популяция жағынан көп, иммунды хабарлы 
жетілген жасушалардан тұратын популяциясы. В
2
-лимфоциттер бетінде
(дифференциялаушы) иммуноглобулин D-рецепторы пайда болады, ол  


45 
лимфоциттердiң 
жетілгендігін 
көрсетеді. 
Сонымен 
қатар, 
В
2
-
лимфоциттердің бетінде барлық иммуноглобулиндердің кластарына 
жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В
2
-лимфоциттер кез-
келген антигенге қарсы (тимустәуелді және тимустәуелсіз) жауап 
қайтарады және барлық иммуноглобулиндерді синтездей алады, ол – 
екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады. 
В
2
-лимфоциттер тек иммуноглобулиндер синтездейтiн плазмалық 
жасушаларға айналмайды, сонымен қатар олар антиген жайлы хабар 
сақтай алатын еске сақтаушы В-лимфоциттерге де айналады.  
Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер 
көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В-лимфоциттер 
клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделiнедi. 
В
2
-лимфоциттер 
кезеңінде 
антигентәуелді 
дифференциялану 
нәтижесінде, белгілі антигенге әсер көрсетуші В-лимфоциттер клонының 
әр 
қайсысының 
ішінде 
кезекпе-кезек 
иммуноглобулиндердің 
молекулаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуы 
соңында, В
2
-лимфоциттердің негізгі төрт тобы пайда болады: β, β, β, 
β; олар IgM, IgG, IgE, IgA-ң синтезделiнуiмен секрециясын жүзеге 
асырады.
Дифференциялану кезiнде бiрiншi болып бетінде IgD және IgM 
орналасқан В
2
-лимфоциттер тобы пайда болады, кейін олар M 
иммуноглобулинды сыртқа синтездейдi.
Содан 
кейін, 
дифференциялану 
кезiнде 
гендердің 
алмасуы 
нәтижесінде бетінде IgD және IgG бар В
2
-лимфоциттер тобы құрылады, 
олар берілген антигенге қарсы IgG синтездейдi. Үшінші болып - бетінде 
IgD және IgE бар, IgE синтездейтiн В
2
-лимфоциттер тобы құрылады; ал еің 
соңғы төртінші топқа - бетінде IgD және IgA бар В
2
-лимфоциттер кiредi, 
олар IgA түзуші плазмалық жасушаларға айналады. 
В
2
-лимфоциттер бетiндегі IgD тек мембранамен байланысқан түрінде 
болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммуноглобулин 
әсері толық зерттелмеген, бірақ В-лимфоциттердiң бетінен алынып 
тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер ету қабілеті 
төмендейтіндігі эксперимент түрінде дәлелденген.
Сөйтіп, организмге кез-келген антиген түскенде (тимустәуелді және 
тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші IgM 
синтезделiнедi, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері 

 
IgG, IgE, IgA синтезделiнедi, бұл организмнің тіндері мен мүшелерінің 
эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет