Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет54/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   296
шоғырланады. Сонымен қатар, бұл Ig рецепторлардың пайда болуы В
2
-
лимфоциттердің тимустәуелді антигендерге әсер ету қабілетіне сай 
болады. Соған байланысты, IgD жетiлген В-лимфоциттердiң негізгі 
мембраналық рецепторларының бірі болып табылады және олардың 
дифференциялану кезінде маңызды қызмет атқарады.
 
Нәрестелердiң әр иммуноглобулин кластарының денгейлерi 
Нәрестелердiң қан сарысуында IgМ мөлшерi  0,17+0,025 г/л, IgG  
11,7+0,42 г/л IgА  0 г/л. 


57 
Баланың өмірінің екінші жасының аяғына қарай ересек адамға 
қарағанда, IgМ мөлшерi 80%, IgG  90% құрады, ал IgА  40%-ға жақын. 
Нәрестеде секреторлы IgА толық болмайды, ол секреттерде өмірдің 
үшінші айында пайда болады және жергілікті иммунитеттің кемшілігін 
көрсетеді. Бірақ, IgА-ң плазмалық деңгейіне қарағанда, шырышты 
қабаттағы секреттің IgА мөлшері ерте бекиді (2-4 жас арасында), ол 
ересектерде 10-12 жасқа қарай деігейіне жетеді. IgА деңгейі туылған 
нәрестеде үш аптадан кейін сілекейінде ересектердегідей мөлшерде 
болады. Сарысулық IgА кешірек пайда болады. 
IgG қандағы деңгейі ересектердің деңгейіне жетуі әртүрлі уақытта 
өтеді: IgG

және IgG
4
– 8 жаста; IgG
3
– 10 жаста, IgG
2
– 12 жаста. IgG
2
және G
4
-ң ерте жастағы жетіспеушілігі баланың пневмококк, менингококк 
қоздырғыштарына резистенттілігінің төмендігін көрсетеді.
Жаңа туған балаларда IgD әдетте кездеспейдi, ол 6-шы аптада пайда 
болады және ересектер деңгейiне 5-10, кейбір кезде 15 жаста жетедi. Жаңа 
туған балаларда сонымен қатар, IgE де кездеспейдi, ол ересектер деңгейiне 
11-12 жаста жетедi. Оның жылдам көбеюi балаларда бронх демiкпесiн 
және т.б. атопиялық аллергиялық ауруларын шақырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет