Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет56/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
Моноклонды антиденелер 
Ғылыми зерттеулерде және медициналық практикада антидене 
қолдану аймағы үнемi кеңеюде. Мұнда белгiлi бiр антигенмен 
байланысатын, яғни тар арнайы антиденелер бағаланады. Антидененi 
қарапайым әдiспен жануарларды егу арқылы алу жолында бiртектi 
антидене 
препараттары 
алынбайды, 
өйткенi 
иммунизацияланған 
жануарлар қанында әртүрлi арнайылы кең спектрлi антиденелер болады, 
ал қосымша еккенде иммуноглобулиндердiң әртүрлi класына жататын 
антиденелер синтезделiнедi. 
Бұл жағдайдың шешiлуi – қажеттi арнайы антидене түзетiн жасуша 
клондарын 
бөлуi 
мен 
дақылдандыруы 
болып 
көрiндi. 
Бiрақ, 
антиденетүзүшi жасушаның өмiр сүру уақыты шектеулi, яғни 10 күнге 
дейiн ғана. Өткен ғасырдың 50-шi жылдарындағы иммунохимиктер 
иммуноглобулин құрылысын зерттегенде моноклонды антидене қолдана 
бастаған, яғни олар лимфоидты iсiк жасушаларының – миеломаның 
өнiмдерi. Миелома – ол сүйек кемегi жасушасынан дамитын iсiк. Ол 
антидене түзетiн шектеусiз көбейетiн лимфоидты жасушалар клондары 
болып табылады. Бұл антиденелердiң арнайылығын әркез табуы және 
негiзi, құрастыруы қиын болып келедi.
Сонымен, бiртектi, яғни моноклонды антиденелер алудын мақсаты - 
берiлген арнайы антиденелердi түзетiн шектеусiз көбеюшi жасушалар 
клонын алу болды. Бұл мақсатты 1975 жылы Г.Келлер мен Ц.Мильштейн 
қалыпты лимфоциттер мен миелоидты жасушаларды қоректi орталарда 
қосып, гибрид алған. Гибридома алу бірнеше кезеңнен тұрады: миелоидты 
линиясын алу; көкбауыр жасушаларын организмнен алу; дақыл алу үшін 
екі жасушаларды бір-бірімен қосу; жасушалар қосылғаннан кейін, 
клондарды алу. Осы кезеңдерді азоттық сұлықта консервациялап
дайындайды. Миелоидты жасушаларды тышқандардан алады.
Селекция 
арқылы 
Г.Келлер 
және 
Ц.Мильштейн, 
керекті 
арнайылығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқы антидене өндіруші 
жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары 
ретінде) қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған. Осылай, гибридтік 
жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дәл осы жасушалық 
гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуалды гибридтік 
жасушаны бөліп алып, дақылдандырып, клон алуына болады. Бұндай клон 
in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиденелерді көп 
мөлшерде өндіреді.
Егер гибридома антиденелер синтездесе, оларды моноклонды 
антиденелер деп атаймыз. Тәжрибелердiң көрсетуiне қарай, гибридомалар 
мен қолданған барлық жасушалар бiркелкi антиденелер синтездеуiн 
барлық параметрлер бойынша бұл антиденелер абсолюттi ұқсас, яғни 
моноклонды антиденелердi тек ғана моноклонның өнiмi ғана емес
сонымен бiрге бұл бiркелкi иммуноглобулиндердiң таза препараты. 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет