Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы



Pdf көрінісі
бет60/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   296
Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы 
өтпейді. 3 айлық нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының 
деңгейі ересек адамдардың деңгейіне сәйкес келеді.
Бүгінгі күнде комплемент жүйесі активтенуінің 3 механизмі белгілі: 
1. классикалық жол; 
2. альтернативтік жол
3. лектинді жол. 
 
Комплемент жүйесінің активтену механизмдері 
Қалыпты жағдайда комлемент нәруыздары қан саруында белсенсіз 
ізашарлар түрінде болады. Олардың микробтармен немесе иммундық 
кешендермен байланысуы каскадты активтену серпілісіне және белсенді 
компоненттердің 
жинақталуына 
алып 
келеді. 
Нәтижесінде, 
ферментативті серпіліс әсерінен, белгілі бір тәртіппен, компоненттердің 
ыдырауы басталады. Бір серпілістің өнімі келесі кезең үшін фермент 
түзеді. Активацияның басталуына шағын стимул себепші болады және 
оның кейбір кезеңдері Са
2+
және Mg
2+
иондарына тәуелді.
Әрбір компонент активация кезінде 2 немесе одан көп фрагменттерге 
ыдырайды. 
Фрагменттердің 
біреуі 
жасуша 
мембранасындағы 
рецептормен немесе басқа құрылыммен байланысады, ал екіншісі – 
келесі компоненттің активтенуін шақырады.
Комплемент жүйесінің активтенуі геометриялық прогрессия заңы 
бойынша жүреді, яғни активацияның әрбір кезеңінде көптеген жаңа 
молекулалар қосылып отырады. Сондықтан тек бір С1 молекуласының 
активтенуі мыңдаған мембрананы зақымдайтын белсенді С5-9 
кешендерінің (лизистік кешендер) түзілуіне алып келеді. Лизистік 
кешендер нысана-жасушаның мембранасын зақымдайды.
 
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі 


63 
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы 
болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек.
Комплементтің 
классикалық 
жолмен 
активтенуі 
иммундық 
кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдың 
бірі – иммундық кешендердің құрамында иммуноглобулиндердің белгілі 
бір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда 
оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады. 
С1 молекуласы мен антиген-антидене кешенінің байланысуы
классикалық жолдың негізі болып табылады. Нәтижесінде комплемент 
жүйесінің активтенуі басталады. С1 компоненті C1q, C1r және C1s деген
3 суббірліктен тұрады. Олар активтенуге дейін қан плазмасында 
байланыспаған түрде кездеседі. Активация басталу үшін аталған үш 
суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинақталуы» тиіс, яғни ферментативтік 
белсенділігі бар С1 молекуласы қалыптасуы керек. Бірақ суббірліктер 
«жинақталу» үшін белгілі жағдайлар керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет